21 шілде 2017, 2:49
      Аймақ 08.07.2016, 17:59 0 пікір 563 просмотров

      Апат саны азайғанмен, қаупі төмендемейді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында мемлекеттің әлеуетті қатерлерге барабар қарсы тұруға қабілетті сенімді қорғаныс қабілеті қамтамасыз етіліп, экожүйелерді сақтау жене қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан дүлей зілзалалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасау көзделген болатын.


      Аталған даму жоспарының алға қойған міндетін орындау бағытында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіп-қатерден сақтау мақсатында бірқатар шараларды атқарып келеді. Алдын алу шараларының уақытылы әрі үздіксіз жүргізілуі арқасында  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төтенше оқиғалардың саны едәуір азайған.  Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі  Сағынбек ӨМІРЗАХОВТЫҢ айтуынша, осы жылдың 6 айы ішінде облыс аумағында 170 табиғи және техногендік төтенше оқиғалар орын алған. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 19 пайызға аз. Сондай-ақ өткен жылға қарағанда зардап шеккен адамдар саны да азайып отыр. Яғни, апат салдарынан өткен жылы 31 адам қайтыс болса, биыл олардың саны 26. Келген материалдық шығын көлемі  биыл 25 685 000 теңге болып, өткен жылға қарағанда 15,9 пайызға азайған. Техногендік апаттардың саны 135-ті құрап, өзтикен жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға төмендеп отыр. Техногендік жағдайлардан былтыр зардап шеккендер саны 32 болса, биыл 6 адам. Қайтыс болғандар санының да төмендегені байқалады. Мысалы, былтыр 21 адам көз жұмса, биыл олардың саны 5 адам болған. Айта кететін жайт – биыл облыста табиғи апаттардың саны өскен. Яғни, 35 жағдай тіркеліп, 84,2 пайызға көбейген. Зардап шеккендер саны да өсіп отыр. Биыл осы апат салдарынан 38 адам, ал былтыр 14 адам зардап шеккен екен. 38 адамның 21 - і қайтыс болып, бұл көрсеткіш 2,1 есеге өскен. Сонымен қатар, биыл адамдардың суға батып кету оқиғалары жиіліген. Осы кезең ішінде 11 адам суға кетіп, қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп отыр. Техногендік төтенше жағдайларға ірі көлік апаттары, өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылулар, өндірістік апаттар мен қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы жататыны белгілі. Мұндай төтенше жағдайлардың облыста 135 оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 6 адам зардап шегіп, оның 5-і қайтыс болған. Атап айтқанда, угар газына уланған 3 адамның 2-уі, 133 өндірістік және тұрмыстық өрт оқиғасынан 3 адам қайтыс болған. Департамент бастығының  пікірінше, облыста өрт оқиғалары да өткен жылмен салыстырғанда азайған. Яғни, аталған кезеңде 134 өндірістік және тұрмыстық өрт оқиғалары тіркеліп, 27,6 пайызға азайған. Өрт оқиғаларынан 3 адам қайтыс болып, материалдық шығын 25 685 080 теңгені құраған. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, өрттің шығу себептері көбінесе отпен жұмыс істегенде мән бермеудің салдарынан болып отырған көрінеді. Жоғарыда аталған 134 оқиғаның 28-і осындай жағдайда шыққан. Оған қоса 24 жағдай тұрмыстық электр құрал - жабдықтарын орнату кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, 51 жағдай электр құрал жабдықтарын техникалық жөндеу кезінде, 7 жағдай тұрғын үй пештерін қауіпсіздік шараларын сақтамай орнату кезінде орын алған. Қасақана өртеу жағдайында 13 оқиға тіркелген. Өрттің көп орын алатын аумақтары тұрғын үй секторлары, көлік құралдары, сауда орындары, өндірістік ғимараттар, әкімшілік – қоғамдық ғимараттар болып отыр. Сондықтан мамандар өрт қауіпсізідігін алдын алу мақсатында 415 шаруашылық нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қауіпсіздік талаптарын бұзған 838 құқықбұзушылық анықталған. Оларға 150 әкімішілік айыппұл, 4 093 530 теңге көлемінде 131 айыппұл салынды. Сонымен қатар, өрт оқиғалары көп кездесетін тұрғын үй секторындағы 15 706  үй мен пәтерлердің  аулаларына да тексеріс жүргізілді. 39 252 тұрғын қамтылған шарада және де жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрттен сақтану талаптары үнемі түсіндіріліп келеді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару құрылымдары да күндіз – түні жұмыс үстінде. Осы жылдың 6 айы ішінде олар барлығы 1012 жедел шақыруларға шыққан. Нәтижесінде 272 адам дер кезінде құтқарылып, 86 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Төтенше жағдайлар департаментінің бір ғана «Өрт сөндіру және авариялық апаттардан құтқару қызметі» 703 жедел шақыртуларға, атап айтқанда, 140 жағдайда өрт сөндіруге, 289 авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, 247 жағдайда өрт саналмайтын жану оқиғаларына шыққан. Нәтижесінде 116 адам құтқарылған. Сондай-ақ, «Батыс өңірлік жедел - құтқару жасағы» да осы кезең ішінде 309 шақыртуларға шығып, 156 адамды құтқарып, 84 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Осы уақыт аралығында облыста орын алған табиғат құбылысы құтқарушылар қызметін одан сайын ауырлата түсті. 16-19 мамыры аралығында болған нөсер жауын салдарынан Атырау қаласында әлеуметтік нысандар мен жеке үйлер, қала көшелері суға кетті. Осы күндері «112» пультіне үйлер мен аулалардың, 6 әлеуметтік нысанның суға кеткені жөнінде 451 хабарлама түскен екен. Ал, жартылай құлаған үйлер саны 8 - ге жеткен. Департаменттің есебі бойынша 17 көше, 62 жеке үйлер, 389 аула аумақтары мен 4 орта мектептің аумағы суға кеткені анықталған. Осындай күтпеген табиғат апаттарынан сақтану жолында құзырлы мекемелер бар күш-жігерлерімен жұмыс істеуге дайын. Тек оған жергілікті тұрғындар да өз тарапынан атсалысулары қажет. Департамент бастығы С.Өмірзахов, әсіресе, облыста орын алған төтенше жағдайларға қатысты:

      - Көріп отырғанымыздай, осы жылдың 6 айында облыста әсіресе, техногендік жағдайындағы оқиғалар орын алған. Көбінесе тұрмыстық және өндірістік өрт оқиғаларымен қатар, тұрғын үй секторы мен көлік құралдарында өртену оқиғалары көп. Сонымен қатар, тұрғындар арасында пеш орнату кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан угар газынан улану оқиғасы да тіркелді. Биыл облыстағы су қоймаларында бақытсыз жағдайлар, әсіресе балық аулауға шыққан адамдардың суға кету жағдайлары бірден көбейіп кетті. Сондықтан суға түсу мезгілінде мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын шараларды күшейтуіміз, тұрғын үй секторында өрттің алдын алу үшін белсенді жұмыс жасауымыз, сондай-ақ, халықты ақпараттандыру мен сақтық шаралары жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруымыз керек деп ойлаймын, - дейді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    _____      _____             
       /_____//  |  ___|| |  __ \\   |  ___||   ____    
       `____ `   | ||__   | |  \ ||  | ||__    |    \\  
       /___//    | ||__   | |__/ ||  | ||__    | [] ||  
       `__ `     |_____|| |_____//   |_____||  |  __//  
       /_//      `-----`   -----`    `-----`   |_|`-`   
       `-`                                     `-`      
      
       
      Наверх