28 шілде 2017, 2:54
      Экономика 01.08.2013, 12:07 0 пікір 2886 просмотров

      Шортанбайда шортан жоқ

      Ел ағаларының сөзімен айтар болсақ, аталған елді мекеннің еңсесі тіктелген. Екпіні есті алады. Егемендік алғанымыздың арқасы дейді, мұндағылар. Бірақ сол егемендіктің есігі айқара ашылған тұста да күрмеуі шешілмеген келеңсіздіктер де кездеседі. Бір­ ғана мысал балықшылар өл­ке­сі болып есептелетін бұл ай­мақтың бүгінгі бас қатырар бір­­ден-бір мәселесі – өзендердің ар­­насының тарылғандығы. Арнасы ашылмаған, тереңдетіліп қазылмаған. Сондықтан болса керек, кеңес үкіметі кезіндегідей қапқа толған балығы жоқ. 

      - Балық көзі жыл сайын азайып барады. Мен балықтың қорғалуы нашар деп ойлаймын. Балық көзінің азайып қалуының бір себебі: канал­дардың көздері бітеліп, те­рең­детіліп қазылмауында. За­уыт­тың ғасырдан астам та­ри­хы бар. Іргетасы 1906 жылы қа­­лан­­ған. Кеңес үкіметі кезіндегі ба­­лықшылар жылына 17 мың тонна балық аулаған болса, қазіргі таңда жылына 3804 тонна балық өңделіп, екі түрлі өнім өндіріледі. Маусымдық жұмыс болғандықтан көктем кезінде 300-дей күзгі маусымда 170-тей адам қызмет етеді. Мұнда жұмыс жасайтындардың барлығы – балықшылар. Олардың ата-бабалары да балықшы болған. Бізге берген жоспар орындалды, -дейді Каспий-балық өндірістік кооперативі Шортанбай балық зауытының директоры Болат АБДОЛОВ. 

      Айталық, аталған балық зауы­тының өнімдері Атырау, Ақ­­тө­­бе, Орал, Қостанай, Алматы қа­­ла­­ла­­ры­­на таратылады.- Бағалы балықтар болмай тұр. Ең жеңілі шортанның өзі жоқ. Бұл да – үлкен мәселе. 

      - Балық жоқ деп байбалам салғанша, неге бекіре тұқымдас балықты өздеріңіз өсірмейсіздер?

      - Өсіруге болады. Бірақ біз қағазбастылықтан құтыла алмай отырмыз. Балық өсіріп арнайы жұмыс жасағымыз келгенімен, құжаттары қиындық туғызады. Бұл Астанадан шешілетін шаруа болғандықтан жұмысы көп болып тұр. Ал ресейдің мамандарымен тілдесіп көргенімде олар балық өсіруде еш проблема болмайтындығын айтады, ал бізде керісінше,  -дейді балық зауытының директоры.

      Асан-Темір Қаршығаұлы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _     ______    ____       ___      _____   
       | \| ||  /_   _//  |  _ \\    / _ \\   /  ___|| 
       |  ' ||   -| ||-   | |_| ||  | / \ || | // __   
       | .  ||   _| ||_   | .  //   | \_/ || | \\_\ || 
       |_|\_||  /_____//  |_|\_\\    \___//   \____//  
       `-` -`   `-----`   `-` --`    `---`     `---`   
                                                       
      
       
      Наверх