22 сентября 2017, 23:05
      Денсаулық 08.06.2016, 17:21 0 пікір 670 просмотров

      Қылқаламды сөйлеткен

      Атырау облыстық теміржол филиалының жол бөлімшесінде еңбек етіп келетін жұмысшылардың балалары сурет салумен конкурсқа түсті. «ҚТЖ» АҚ Атырау облыстық Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған атаулы шара биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Мұндағы мақсат - қылқалам арқылы жасөспірімдер санасына «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру болып табылады.


           Өткен сәуір- мамыр айларында бір ай бойы «Жас буын – Мәңгілік ел. Жаңа классик бол!» деген тақырыпта шойын жолда еңбек ететін азаматтардың балалары арасында өткен байқауға барлығы 29 бала қатысып, өз өнерлерін көрсеткен болатын. Олардың туындыларын сараптаған қазылар алқасы сайыс жүлдегерлерін халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жариялаймыз деген тоқтамға келген еді. Айтқандайын, жуырда олардың есімдері мәлім болды. Байқауға қатысушы кішкентай өрендер ұлығыланып, алғыс хаттар мен арнайы бағалы сыйлықтарға ие болды.

      -          Байқау барысында балалардың сурет өнеріне деген қызығушылығы мен салған суреттерінен Отанды сүюге деген патриоттық сезімдерінің жоғары екенін көріп, тәнті болдық. Шындығына келгенде, олардың ішінде «осы қалайы?» болған жоқ, яғни байқауға қатысқан 29 баланың әрқайсысы өзінше әр қырынан таныла білді. Сол себепті байқауды қорытындылай келе, оған қатысқан барлық баланың туындысын жүлделі орынға тең деп шештік.

      Жалпы, мұндай іс- шаралар жас бүлдіршендердің шығармашылығын дамытуға, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын оятуға және отбасылық құндылықтарын арттыруға үлкен үлес қосады. Осындай шаралар арқылы біз келешек ұрпақтың санасына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына жолдаған «100 нақты қадам» «Ұлт Жоспарында көрсетілген «Мәңгілік Ел» болу идеясын қалыптастыра аламыз.

      Жалпы, балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!- деген Атырау жол бөлімшесінің Кәсіподақ төрағасы Орынбасар Райсов балаларға Отанын сүйген азамат болып өсуді тілек етті.

           Шарада сөз алған Атырау жол бөлімшесінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенаман Дабысов:

      -          Бала  біздің болашағымыз, сол себепті біз олардың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз. Қазіргі заман барлық құрал- жабдықтармен жарақтандырылған, балалар үшін сапалы білім мен тәрбие ала алатын жаңа мектептер, балабақшалар салынуда. Балаларға деген қамқорлық тек осы күндерде ғана емес, үнемі көрсетілгенін қалар едік. Сонда ғана біздің балаларымыз еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның мықты азаматтары болып шығады. Негізі, әрбір ата- ана өз баласының тәрбиелі, жақсы ортада өскенін, қандайма жетістікке жеткенін қалайды. Баласын биік тұғырдан көргісі келеді. Ал, оған қол жеткізу үшін балалармен бірге көп жұмыс жасау керек, өйткені, әр бала өзінше бір әлем! Сондықтан балалардың зейінін ашатын осындай тағылымды шаралар өте қажет- ақ,- деді өз сөзінде ардагер.

       

            Атырау жол бөлімшесіндегі вагон депосының өндірістік- технологиясының өнім дәнекерлеушісі болып еңбек етіп келетін Оразай Әбдіғалиевтің қызы Дильназ Құмарова әкесінің темір жол саласында қызмет ететінін мақтан тұтады. Дильназ Ел Тәуелсіздігін бейнелеуде ерекше қиялымен көзге түскен балалардың бірі.

      -          Әкемнің жұмысы мен үшін қиын, әрі қызықты. Ол пойыз вагондарының істен шыққан темірлерін дәнекерлеп, вагонды қайтадан жұмысқа қосады. Мен өскенде әкеме ұқсап дәнекерлеуші болмасам да, теміржол саласында қызмет еткім келеді. Өйткені, мұндағы еңбек етіп келетін ағайлар мен апайлардың елімізге қосып отырған үлесі ерекше. Олай дейтінім, соның арқасында адамдар алыс сапарларға жол шегеді. Мен де адамдардың асқақ армандарына жетуіне үлесімді қоссам деймін,- дейді Дильназ.

            Мерекелік басқосуда теміржолшылардың балаларына дәріс беру үшін Атырау жол бөлімшесінің әдейі дайындаған қызметақысына бір ай бойы ұстаздық еткен Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гумманитарлық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымының кандидаты, ҚР суретшілер одағының мүшесі Еркін Бозжігітовке  бөлімше мен ата- аналар атынан алғыстар айтылды.

             Жиын соңында Кәсіподақ төрағасы Орынбасар Райсов мұндай шаралар әлі де жалғасын табатынын, ендігі өтетін байқау балалардың теміржолда еңбек ететін ата- аналарының жұмысын бейнелейтін фотосайыс түрінде өтетінін хабарлады. Одан бөлек, кәсіподақ төрағасы жазғы каникул уақытында балалардан темір жолды кесіп өтпеуді, яғни жол жүру ережесін қатаңсақтауды талап етті.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

      фотолар автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____     _____    __   __    ______  
       /  ___||  |  ___||  |__  //   \ \\/ //  /_____// 
      | // __    | ||__      / //     \ ` //   `____ `  
      | \\_\ ||  | ||__     / //__     | ||    /___//   
       \____//   |_____||  /_____||    |_||    `__ `    
        `---`    `-----`   `-----`     `-`'    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх