27 апреля 2017, 9:20
      Қоғам 01.06.2016, 16:56 0 пікір 550 просмотров

      Ауыл шаруашылығы өнімдерінде өсім бар

      Ауыл шаруашылығын дамыту – халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамту деген сөз. Елімізде ауыл шаруашылығы саласын жетілдіруге аса зор көңіл бөлініп келеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, ауыл шаруашылығы өнімдері де жыл санап артып келеді.


      Мысалы, Атырау облысына қарасты Индер ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын өнім көлемі артып, ауыл шаруашылығы саласымен шұғылдану үшін несие алып, кәсіпкерлікке бет бұрып жатқандар да көп бұл ауданда.

      Елбасы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму жоспарында «Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу» мәселесіне тоқталады. Онда: «Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығындағы өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығын жаһандық жылынудың ықтимал салдарына бейімдеу жөніндегі шаралар іске асырылады.

      Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50%-ы тұратынын ескерсек, аграрлық саланы дамыту ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырудың түйінді факторы болып табылады. Осыған байланысты ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады» делінген.

      Сондай-ақ Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да кәсіпкерлік саласына, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, сүт және сүт өнімдері, ет өндірісі және ет өңдеуді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Мәселен Ұлт жоспарының 35-қадамында: «Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу»ді міндеттесе, 60-қадамда: «Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды» делінген. Ал 61-қадамда: «Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау» деп көрсетілген.

      Елбасы міндеттеген нақты тапсырмалар өңірлерде жан-жақты қолдау тауып, жүзеге асырылып жатыр.

      Мәселен, Индер ауданында ет пен сүт өнімдерін өндіретін бір емес, бірнеше шаруа қожалықтар қызмет етеді. Ауданда орналасқан «Алға» шаруа қожалығының өнімдерін жергілікті жұрт жақсы таниды. Атыраулықтар аталған шаруа қожалықтың өнімін ұдайы тұтынады, асыға күтеді. Бұл шаруа қожалық ауданға қарасты Көктоғай ауылында орналасқан Шаруа қожалықта шұбат пен қымыз өндіретін цех жұмыс жасайды. Ішкі нарықты бұл шаруа қожалық өнімдеріне сұраныс та жоғары. Түйе мен жылқы өсіруге ден қойған бұл шаруа қожалықтың жұмысы бүгінде жақсы жүріп тұр.

      Ауыл шаруашылығы саласын жетілдіруне көңіл бөлініп жатырғандығын білген шаруа қожалық Үкімет тарапынан көрсетілген қолдау көмекті қажетінше пайдаға асырып отыр. Айран, шұбат, қымыз сияқты шипалы өнім тұрлерін дайындайтын шаруа қожалық өнімдерін аудан, қала тұрғындарына жеткізіп отырады.

      Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіші жоғары деңгейде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, аудан бойынша  жалпы ауыл шаруашылығы шығарылымы 2016 жылғы қаңтар-сәуірде Статистика комитетінің алдын ала бағалауы бойынша 1186,3 млн. теңге құрады, оның барлығы мал шаруашылығы 1186,3 млн. теңге. 

      Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 101,2 құраған.

      2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 4 717,0 млн. теңгені құраса, оның барлығы меншікті қаражат есебінен құралып отыр.

      2016 жылдың қаңтар - сәуір айлары аралығында ауданда 233 шаруа қожалығы тіркелген. Былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда шаруа қожалықтарының саны 46 өскен.

      Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауданда барлық меншік түрлерінің 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында мүйізді ірі қара малы 22681 басқа, қой-ешкі 119710 басқа, жылқы 7519 басқа, түйе 3295 басқа жетіп, 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-109,5, қой мен ешкі – 100,1, жылқы – 102,8, түйе 101,6 %-ға өскен.

      2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында мал өнімдері 1461,0 тонна ет 101,5% (2015 жылдың осы кезеңінде – 1439,5 тонна), 2338 тонна сүт 100,5% (2326,0 тонна), 85,4 мың дана жұмыртқа 100,5% (85,0 мың дана) болып орындалған.

      2016 жылға аудан бойынша шаруа қожалықтары мен жеке сектор қоса алғанда барлығы 1258 гектар жерге егін салу жоспарланыпты. Оның ішінде картоп 470 га, көкөніс 440 га, бақша 170 га, екпе шөп 160 га, жеміс – жидек 18 га.

      Қазіргі уақытта картоп 430 га, көкөніс 420 га, бақша 165 га, екпе шөп биылғы жылы 14 га, былтырғы жылы 146 га, жеміс – жидек 7 га егіліп үлгерді.

      Биылғы жылға мал азығына қажеттілік 54120 тонна құрап отыр. Былтырғы жылдан қалдық мал азығы 8161 тонна. Дайындалуға тиісті 45959 тонна мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

      "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы «КазАгроНесиеКорпорациясы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы  арқылы  «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша Жеке кәсіпкер "Кушеков К" 520 бас қой малын сатып алған. Ендігі уақытта жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысып, кәсібін дөңгелетуді ойлап отыр.

                  Ауыл шаруашылық құрылымдарын қолдау мақсатында ауданда «Индер АКО» несие серіктестігі құрылып, жұмысын жүргізуде.

                  Сонымен қатар аудандағы шаруашылық құрылымдарының қатынасуымен шаруашылық құрылымдарын асыл тұқымды мал өсіру бағытына көшіру, мал басын түрлендіру, т.б. мәселелер талқыланып, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында жиі жиын өткізіліп тұрады екен.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____    __   _      ___     __   __  
       /  ___||  |  ___|| | || | ||   / _ \\   \ \\/ // 
      | // __    | ||__   | '--' ||  / //\ \\   \   //  
      | \\_\ ||  | ||__   | .--. || |  ___  ||  / . \\  
       \____//   |_____|| |_|| |_|| |_||  |_|| /_//\_\\ 
        `---`    `-----`  `-`  `-`  `-`   `-`  `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх