21 сентября 2017, 12:47
      Қоғам 19.05.2016, 12:24 0 пікір 937 просмотров

      Жалған мекен-жай, айыппұлдан жалтарған борышкер

      Атырау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен Жергілікті полиция қызметкерлері және Атырау қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімімен бірлескен түрде қала аумағында өткен «Борышкер» профилактикалық рейдтік іс- шарасына республикалық «Мұнайлы астана» газетінің тілшісі де қатысып қайтты.


       

           Іс- шарадағы мақсат біреу – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптарына сәйкес, айыппұл салу жөнінде әкімшілік жазаға тартылып, салынған айыппұлдан әдейі жалтарып жүрген тұлғалардан берешегін мәжбүрлеп өндіру.

            Акция аясында сот орындаушылары арнайы құрылған мобильдік топтармен бірге борышкерлерге толтырылған хаттамада көрсетілген мекен- жайы бойынша пәтерлерін аралап, жұмыс орны бойынша анықтау бағытында жұмыстар жүргізді.

      Бір ғана Авангард ықшам ауданы бойынша айтар болсақ, авангард 4 ықшам ауданының Ю.Г. есімді тұрғыны өткен жылдың қазан айында ішімдік ішіп ұсталған. Оған салынған айыппұл көлемі 9910 теңге болыпты. Алайда, өзіне берілген мерзімі асып кеткеннен кейін борышын төлеуге асықпаған тұрғынды мекен- жайы бойынша іздеп барған сот орындаушылар орнынан іздеп таппаған. Бұл жолы да орнынан табылмады, қағылған есікті ешкім ашпады. Авангард 3 ықшам ауданының К. Б. есімді тағы бір тұрғынына өткен жылдың дәл осы мерзімінде қоғамдық орында шылым шеккені үшін айыппұл салыныпты. Уақытында борышын өтемеген оны іздеп барған сот орындаушыларға борышкер «төлеймін» деп уәде бергенімен, тағы сол күйі аяқсыз қалған. Борышкердің хаттамада көрсетілген мекен- жайындағы өзін нағашысымын деп таныстырған туысы біз сұраған борышкерге қатысты «қоңырауды көтермейді, қайда жүргенін білмеймін» деген жауабымен құтылды. Бірақ, үйінен табылғандар арасында «ақшам болмай жүр, өтеймін» деп уәде еткендер де болды.

            Рейд барысында облыс орталығының көлік қозғалысы жанданған көшелерінде көлік иелері тексеріліп, компьютердегі дерекқор арқылы мемлекетке берешегінің бар- жоғы да анықталады. 

             Атырау қаласы бойынша жеке сот орындаушы болғанына бірер айдан асқан Айдын ЛҰҚПАНОВТЫҢ бір өзінде 200-ден аса атқарушылық іс жүргізу ісі болса, олардың күні бүгінге дейін 20-сы ғана аяқталыпты. Тағы бір жеке сот орындаушы Алмат ЕРМЕКОВТЕ 300-400 атқарушылық іс жүргізу ісі бар.

       

      -       Барлық ақпарат деректер базасына енгізілген. Егер де көлік иесінің төленбеген қарызы болса, ол бірден берешегін төлеп, сот орындаушыларына түбіртегін көрсетуі тиіс. 

      Негізінен, айыппұл төлеуден қашып жүрген борышкерлердің көбісі «мен білмей қалдым, ұмытып кетіппін» немесе «жұмыс жоқ, табыс жоқ» дегенді айтады. Құжаттарды базаға салып, тексергенде, шынымен жұмыс орыны көрінбей тұрады. Алайда, астарында қымбат көлік, жағдайы жақсы екені көрініп тұрады.

      Сондай- ақ, тұрақты жерлері анықталмаған немесе ат­қару құжатында көрсетілген мекен- жайы бо­йынша іздеп барғанда, онда тұрмайтын болып шыққан борышкерлерге іздеу жариялау туралы ұсыныстар да сотқа жолдануда. Сот актісін орындамағаны үшін, яғни өздеріне берілген мерзімі өтіп кеткендерге қатысты ҚР “Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы” кодексінің 430-бабына сәйкес әкім­шілік жазаға тарту үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады,- дейді бізге берген сұхбатында жеке сот орындаушылар.

              Осылайша, сот орындаушылар, жеке сот орындаушылар және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге бір апта бойы жүргізілген Іс- шара барысында мекен- жайы бойынша айыбын өтеуден қашып жүрген 151 азаматтың үйі араланып, айыппұл салынған 127 тұлғадан мемлекет пайдасына 524 мың 947 теңге өндіріліп алынды. Одан бөлек, құқық бұзушылардың жұмыс орны бойынша ұйымдарға олардың жалақысынан айыппұл сомасын ұстап қалу үшін айыппұлдар салу туралы қаулыны,  айыппұлдарды төлеу қажеттігі туралы ұйғарымды ӘҚБтК 895- бабының талаптарына сәйкес 35 тұлғаға жіберіліп, оларды орындауды қамтамасыз ету бойынша жан- жақты шаралар қабылданды.


       

           Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фотолар автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __     ___      _____     _____     ______  
      \ \\ / //   / _ \\   |__  //   |  ___||  /_____// 
       \ \/ //   | / \ ||    / //    | ||__    `____ `  
        \  //    | \_/ ||   / //__   | ||__    /___//   
         \//      \___//   /_____||  |_____||  `__ `    
          `       `---`    `-----`   `-----`   /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх