23 шілде 2017, 0:44
      Қоғам 04.05.2016, 16:25 0 пікір 986 просмотров

      Жәрмеңкеде жұмыс бар

      Жуырда Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы, «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және қалалық жұмыспен қамту бөлімі бірлесе отырып, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырды.


       

      Жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, оларға әлеуметтік жағдай туғызу, рухани-адамгершілік әлеуетінің өсуіне қолдау көрсету, құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында өткен жәрмеңкеге жастар көп жиналды.

      Жұмыс іздеген жастарға бос жұмыс орындарын ұсынған мекемелер де көп болды. Әртүрлі сала бойынша 63 мекеме жәрмеңкеге қатысты.

      -       «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі жылына бірнеше мәрте

      ұйымдастырылып жүр. Нәтижесінде жұмыссыз жүрген жастар осындай жәрмеңкелерде жұмысқа орналасып кетуде. Ондай мысалдар көп. Мұндай шара – жастар арасындағы жұмыссыздық жоюға септігін тигізетін бірден-бір шара екені сөзсіз. Осы жолғы шараға да жұмыс беруші мекемелердің біразы қатысып, белсенділік танытты. Олардың қатарында мұнай, қаржы, заң, білім, денсаулық, өндіріс, қызмет көрсету саласы бойынша жұмыс жасап жатырған мекеме өкілдері болды, - дейді Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының бөлім маманы Айжан АРАЛБЕКОВА.

      Жәрмеңкеде жалпы 458 бос жұмыс орны ұсынылған. Қала тұрғыны Айдана БАҒЫТЖАНҚЫЗЫ заңгер мамандығы бойынша оқу бітірген. Алайда бүгінде жұмыссыз жүрген көрінеді.

      -       Мекемелерге жұмыс сұрап барған кезде ең алдымен тәжірибеме көңіл

      бөледі. Ал заңгер мамандығы бойынша оқуды аяқтағанмен, әлі күнге бұл салада жұмыс жасап көрмеген мені мекемелер де жұмысқа алғысы жоқ. Осы жәрмеңкеге келіп, бағымды сынап көруге бел будым. Бірнеше мекемелерге түйіндемемді тапсырдым. Барлығы да «байланыста болыңыз» деді. Жұмыссыз жастарға қолдау танытып, жұмыс беруші мекемелерді бір орталыққа жинап, осындай жағдай туғызған ұйымдастырушыларға айтар алғысым зор, - дейді Айдана Бағытжанқызы.

      Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы мұндай жәрмеңкені ұдайы өткізіп отыратыны белгілі. Сондай-ақ орталық жұмысқа орналасу дағдыларын үйретуді де қолға алып жүр. Мәселен, зерттеулерге сай жастардың басым көпшілігі жұмыс берушіге өзінің қабілетін көрсете алмайды. Бір ғана мысал, түйіндемені қалай дұрыс толтыру қажеттігін де білмейтіндер де кездеседі. Осы бағытта жастар ресурстық орталығы бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруда.


      Қаламызда жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 30 сәуірге дейін «Жұмысқа орналасу дағдыларын үйрету» бағытында өтетін тегін тренингке өтініштер қабылданды. Тренинг тегін өтетін болғандықтан қызығушылық танытып, өтініш білдіргендер де көп. Бір ай бойына жастарға жұмысқа орналасу дағдыларын үйрететін жаттықтырушылар да өз істерінің маманы, жастар арасында белсенді Нұрлан АЗАМАТОВ пен Әнуар ЖҰМАБАЙ. Иә, жастарға жасалып жатырған мүмкіндік көп, тек оны дер уақытында ұтымды пайдалана білу керек.


      Арай БАҒЫТЖАН

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______     ______   _    _      ___      ______  
      |      \\  /_   _// | || | ||   / _ \\   /_   _// 
      |  --  //   -| ||-  | || | ||  | / \ ||  `-| |,-  
      |  --  \\   _| ||_  | \\_/ ||  | \_/ ||    | ||   
      |______//  /_____//  \____//    \___//     |_||   
      `------`   `-----`    `---`     `---`      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх