25 сентября 2017, 19:24
      Технология 24.02.2016, 12:17 0 пікір 1277 просмотров

      Ақпараттық технологияны қалай дамытудамыз?

      Қазақстанның қарыштап дамуы үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың ішіндегі «Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстанның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз етуге жағдай жасау болатын. Бүгінде осы жоба аясында мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, инновациялық және ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени тұрғыда дамуы үшін ақпараттық ортаны қалыптастыру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту мәселелері жүзеге асырылып келеді.

       


      Жалпы, аталған бағдарламаның әсіресе, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудың негізгі жолдары ретінде анықталған ақпараттық технологиялардың әкімшілік реформалардың құралы және катализаторы ретінде қарастырылғаны белгілі. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында мемлекеттік органдардың рұқсат беру және бақылау-қадағалау қызметтері жүйесін жетілдіру және  мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бизнес - процестерді оңтайландыру және автоматтандыруға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Сарапшылардың пікірінше, бұл жайттар уақытша және бизнес шығындарын азайтуға, әкімшілік кедергілерді қысқартуға, мемлекеттік органның бақылау қызметін реттеуге және халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттырмақ. Соның бірі - «Электрондық үкіметтің» Сall-орталығының базасында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің статусы мен әзірлігінің деңгейі жөніндегі Бірыңғай Сall-орталығы жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, бүгінде елімізде заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік және үкіметтік емес қызметтерді көрсету және ұйымдастыру, жеке мәліметтерді қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ресми түрде ақпарат алмасу үшін әр азаматтың Жеке кабинеті құрылды. Бағдарлама қолға алынғалы орта және шағын бизнес кәсіпкерлері, жұмыссыздар немесе жұмыспен жартылай қамтылған жастар, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобы үшін компьютерлік сауаттылық курстары ұйымдастырылды. Ақпараттандыру бағдарламасы еліміздегі әуе және темір жол қатынасының дамуына да айтарлықтай үлес қоспақ. Мысалы, жол билеттері электрондық нұсқада сатылатын бағдарлардың, яғни рейстер мен бағыттардың үлесі 2017 жылы – 40 пайызды, 2020 жылы – 100 пайызды құрайтын болады. Сондай-ақ, қазақстандық телеарналардың таралу географиясы 2017 жылы  100 елді қамтыса, 2020 жылы  оның саны 110-ға жетпек. Ал, бағдарламаның бағыты бойынша халықтың компьютерлік сауаттылығы 2020 жылға қарай 80 пайызды құрауы тиіс. Алдына осындай мақсат-міндеттерді қойып отырған мемлекеттік бағдарламаның біздің облыста орындалуы қандай деңгейде?

       

      - Ақпараттық технология заманы болып табылатын ХХІ ғасырда қандай да болмасын мемлекеттің дамуында адам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру, жалпы ақпараттық қоғамға көшу мәселесі айқын басымдылыққа ие екені белгілі. Ақпаратты қоғамға көшуді жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы қабылданған «Ақпараттық Қазақстан–2020» мемлекеттік бағдарламасы ел аумағында жүзеге асырылуы тиіс ақпараттандыру шаралары мен олардың нәтижелері болып табылатын нақты көрсеткіштерді анықтап берді. Аталған бағдарлама Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімінде де оң шешімін тауып жүзеге асырылуда, - дейді  Құрманғазы аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еділ БАЯРОВ бізбен әңгімесінде. Оның айтуынша, аталған мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - мемлекеттік органдардың халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру бағытында аудандық білім бөлімі  бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 25-інің  11-і «электронды үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады екен. Оған қоса, ауданда бағдарлама аясында мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық қоғам құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту, азаматтардың электрондық білім беру салаларына қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты  мәселелер өз шешімін тауып жатыр. Аудан мектептерінде жүзеге асырылып жатқан электрондық оқыту жобасына қатысты  Е.Баяров толығырақ түсіндіріп берді.

      - Бұл бағдарламада ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретіндегі адами капиталды дамытуда маңызды орын алатын, білім беру және ғылым саласын ақпараттандыруға байланысты жүзеге асырылуы тиіс нақты көрсеткіштер бойынша орындалады. Электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы 60 пайызды, 2020 жылы 100 пайызды құрауы тиіс. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған көрсеткіштерге жету мақсатында ауқымды өткізілген іс-шаралар барысында шешілуі тиіс көптеген мәселелердің бар екені де белгілі болып отыр. Солардың бірі – сапалы электрондық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл бағыттағы алғашқы нәтижелердің бірі ретінде қазақстандық «e-learning» электрондық оқыту жүйесін айтуға болады. Құрманғазы ауданы бойынша 35 жалпы білім беретін мектептің 11-і «e-learning» электрондық оқыту жобасына қосылып жұмыс жасауда. Аудандағы жалпы білім беретін мектептердің 87 пайызы лингафондық-мультимедиалық және модификацияланған физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталған. Білім порталының қорында, оның «Е-кітапхана» деп аталатын бөлімінде 7 511 жуық цифрлық білім ресурстары жинақталған және де оның біраз бөлігі 75  пайызына жуыға жалпы білім беретін мектептерге арналған. Тағы бір назар аударылатын нәрсе, цифрлық білім ресурстарын қолданатын аудиторияның: мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың, басқарушы - үйлестіруші органдардың, ғылыми-педагогикалық сала өкілдерінің талап-тілектері, жалпы қоғамдық пікір үнемі зерделеніп, қажет болған жағдайларда мониторинг жүргізіліп отырылады. Мұндай жан-жақты байланыстың цифрлық білім ресурстарын жетілдіріп отыруда тигізетін пайдасы да зор болмақ. Алдағы уақытта біздің алдымызда 10 мектебіміз аудан орталығынан алыс қыр бойында орналасқандықтан осы елді мекендердегі тұрғындарды, білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, сапалы электрондық білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін шешу міндеттері тұр. Жалпы оқыту процесінде цифрлық білім ресурстарын қолданудағы басты мақсаттың бірі - білім мазмұнының жаңарып, заман талабына сәйкес жаңалықтармен, өзгерістермен толығып отыруын қамтамасыз ету. Ақпараттық технологиялар заманындағы цифрлық білім ресурстарының мазмұны оқулықта келтірілген материалдарды цифрлық түрде қайталаумен ғана шектелмейді, ол мазмұны жағынан да жаңа, қосымша мәліметтермен өз қолданушыларын қызықтырып, өз мағынасында қызмет атқара алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын, - дейді ол.

      ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Сондықтан аудан ұстаздары жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру, заман талабына сай интеллектуалдық деңгейі жоғары шәкірт тәрбиелеуді басты міндетіміз деп санайды.

       


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      _____    __   __    _  _   
       /  ___||   / _ \\   / ____||  \ \\/ //  | \| || 
      | // __    | / \ || / //---`'   \ ` //   |  ' || 
      | \\_\ ||  | \_/ || \ \\___      | ||    | .  || 
       \____//    \___//   \_____||    |_||    |_|\_|| 
        `---`     `---`     `----`     `-`'    `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх