23 шілде 2017, 0:38
      Қоғам 28.10.2015, 15:34 0 пікір 770 просмотров

      Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Атырауда өтті

      Биылғы жыл еліміз үшін ерекше жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 20 жыл, Қазақ хандығының – 550 жылдығы мерекелері тұспа-тұс келген жыл. Осынау айтулы да мерекелі жылды басшылыққа ала отырып, жуырда Атырауда  халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.


      Қазақ елі тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді – қастерлеп сақтай отырып, еркін дамып келеді. Халқымызға тән толеранттылық сипаты, Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығырыққа тірелуден аулақ болып, ХХІ ғасырға сәтті қадам тастады. Еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерін айтар кезде оның қарқынды дамуының тірегі болып саналатын ұлтаралық және конфессияаралық келісімді жадымыздан шығармауымыз қажет. Бұл біздің еліміздің алға қарай нық қадам басуына мүмкіндік беретін зор алғышарт болып саналады. Алайда, адамзат дамуының тарихы көрсеткендей, сан алуан халықтар арасындағы достық, келісім мен бейбітшілік мәңгілікке орнай салатын игілік емес. Оны сақтай білу үшін ел болып жұмылған күйде күнделікті және тұрақты түрдегі тынымсыз әрекеттер жасалынуы қажет. Міне, сонда ғана Қазақстанда етене өмір сүретін сан алуан ұлт және конфессия өкілдерінің дауысы бір қуатты сарынға айналатыны рас.

      Сондықтан да біздің елде конфессияаралық сипаттағы мәселелерге ерекше назар аударылып келеді. Қазақстанда бүгінде 140-тан астам ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Қаншама ұлт өкілі мекен етсе де, қазіргі таңда мемлекеттік және әлемдік масштабтағы ресми өкілдер орталарында Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келеңсіздіктері жоқ санаулы ғана «оазистердің» бірі ретінде ерекшеленеді.

      Қазақстанда орын алған дінаралық және ұлтаралық келісім жуырда өткен «Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда әңгіме арқауына айналды.

      Мәжіліс Атырау мәдениет үйінде өтті.
      Конференция жұмысына Египет Араб Республикасы, Ливан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей тағы да басқа елдерден келген меймандар, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы өкілдері, ҚР МСМ Дін істері комитетінің басшылары, ҚМДБ-ның төрағасы, ғалымдар, облыстардағы, Астана, Алматы қалалық Дін істері басқармалары басшылары мен өкілдері, коммуналдық мекеме басшылары, облыстағы діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының және этномәдени орталықтардың, мемлекеттік құрылымдардың, оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және студенттер барлығы 500-ге жуық адам қатысты.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліктері және Атырау облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен болған «Қазақ хандығының –550 жылдығына» орайластырылған конференцияны облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, шараның мақсат-міндетімен таныстырды, ислам дінінің Қазақ тарихындағы маңызына тоқталды.

      Пленарлық мәжілістің алғашқы баяндамашысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бұрынғы жылдарға қарағанда қазіргі діни жағдайдың жақсарғанын мәлімдеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемдемесін жолдап, діни экстремизм мен терроризмнің бірнеше алдын алу жолдарын ұсынып, соның ішінде «діни бірлестіктер мен діни оқу орындары өздерінің ғаламтор сайттары арқылы теріс пиғылды діни топтардың жансақ пікірлерін ашық сынға алып, терістеулері ләзім» - деп ойын қорытындылады.

      Одан соң Қырғыз Республикасы, Президент жанындағы Дін істері жөніндегі комиссиясы, Талдау бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Исаева, Ресей мұсылмандары діни басқармасы, Ішкі істер департаментінің басшысы Ренат Ислямов, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Джалалитдин Нуриддинов, Қазақстандағы Түркия Республикасы Елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Йылмаз Ибрахим, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, Фиқһ ғылымдарының докторы, профессор Басюни Жуда Абдулғани, Ливан Республикасы, Триполи қаласы, Триполи университеті, Шариғат және Ислам ғылымдары факультетінің деканы, доктор, кеңесшісі Миқати Рафат, Египет Араб Республикасы Әл-Азхар университетінің оқытушысы Хашим Мухаммад Жамалуддин Махмуд Омар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, профессор Диқан Қамзабекұлы сөз сөйлеп, баяндамалары арқылы дін атын жамылған лаңкестік ұйымдардың іс әрекетін терістеп, діни экстремизм мен радикализм идеяларына қарсы тұрудың халықаралық тәсілдерін талқылап және өзара тәжірибе алмасты.

      Пленарлық отырыстан соң Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алудағы діни құндылықтардың рөлі», «Орта Азия жеріндегі ислам тарихының тұлғалары мен ерекшеліктері», «Исламның құқықтық принциптері мен мемлекеттілік ұғымы» тақырыптарында секциялық отырыстар өтті. 
      Мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық үлгісін жетілдіру және сындарлы талқылау, еліміздің әлеуметтік, мәдени және рухани бірлігін сақтау, террорлық және радикалдық топтардың ықпалы мен идеяларынан сақтандыру, оларға қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесімен үйлескен отандық тәсілдерін пысықтау және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша жастардың бойында өнегелік және рухани қасиеттерді сіңіру, жастар арасында еліміздің зайырлы принциптеріне сай діни этика мен ұлттық діни ұстаным қалыптастыру сынды зор міндет арқалаған конференция соңында меморандум қабылданды.
      Одан соң Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Алмасұлы, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы және облыстық Дін істері басқармасы басшысы Еркінбек Керімбекұлы Дін істері басқармасы жанынан ашылған Ақпараттық-талдау орталығына барып, орталықтың ішкі жұмыс құрылымымен таныстырды. Және өңіріміздегі медресеге ат басын тіреп, сауапқа толы қызметтеріне сәттілік тіледі.


      Арай НҰҒЫМАНОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _      ___     __   __    _____     _____   
      | || | ||   / _ \\   \ \\/ //  |  ___||  / ____|| 
      | '--' ||  / //\ \\   \   //   | ||__   / //---`' 
      | .--. || |  ___  ||  / . \\   | ||__   \ \\___   
      |_|| |_|| |_||  |_|| /_//\_\\  |_____||  \_____|| 
      `-`  `-`  `-`   `-`  `-`  --`  `-----`    `----`  
                                                        
      
       
      Наверх