25 сентября 2017, 15:40
      Қоғам 23.10.2015, 12:50 0 пікір 875 просмотров

      Халыққа қызмет көрсету орталығында не жаңалық?

      Елбасымыздың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудағы 100 нақты қадамында мемлекеттік орындардың статистикалық мәліметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жайлы айтылған болатын. Яғни, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері мен басқа есеп түрлерінің ашық жарияланатыны сөз болды. Біз осы ретте осы жылдың тоғыз айындағы атқарылған жұмыстар жөнінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау облысы бойынша филиалының директоры Тұрлан НҰРЖАНОВПЕН сұхбаттасқан едік.


      - Тұрлан Амангелдіұлы, әңгімеміздің әлқиссасын өткен 9 айда қол жеткен жетістіктерден бастасақ...

      - Атырау облысы бойынша ХҚКО-да бүгінгі таңда 191 қызмет көрсету түрі көрсетілуде, ал былтырғы жылы 160 мемлекеттік қызмет болған еді. Алғаш ашылған кезде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі бар болғаны 25 болса, бүгінгі таңда ХҚКО-ның қандай жетістікке жеткені байқалады.Қабылданған құжаттар көрсеткішіне тоқталып өтсек: 2015 жылдың 9 айында облыс бойынша 741 990 қызмет көрсетілсе, соның ішінде 507 676 (68 пайыз) құжат электронды түрде көрсетілген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 100 мың құжатқа артық қабылданып, орындалмай келген құжаттар 8 есеге кеміген. Бұл көрсеткіштен уақыт өте құжат рәсімдеу қарқын алып келе жатқандығын байқаймыз. Электронды төлемдер арқылы мемлекет бюджетіне төленген қаражат: Электронды төлем жүргізу бойынша қазіргі таңда халықтың бетбұрысы жақсы. Айталық, электронды үкімет төлем шлюзі арқылы 2015 жылдың 9 айында  мемлекеттік баж және алымдардың төлемі – 76 020 841 тг құрады,  ал 2014 жылы 54 193 564 теңге болатын, яғни 22 млн. теңгеге артық төленген. Үш тоқсанның транзакциясына көз жүгіртсек, 2889 рет салық, 1860 рет айыппұл, 11972 рет картридер бойынша төлем жүргізілген. Мұның барлығы халықтың төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылығынан туындап отыр. Қызмет алушыларға әлі де қандай банктердің болсын карточкалармен келсе, мемлекеттік қызмет алуда пайдалы екендігін айтамыз.

       

      - ХҚКО-ның халық үшін ойластырып, ұйымдастырылған жұмыстардың бірі өз-өзіне қызмет көрсету секторы ғой, осы бағытта не айтар едіңіз?

      - Сауал өте орынды, соңғы уақытта жаңалықтар да, толықтырулар да көп. Соның бірі – «өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» деп аталатын сектордың жұмысына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл дегеніміз не? Яғни, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру. Үйінде компьютер құрылғысы жоқ не интернет желісіне қосылмаған адамдар үшін бұл сектор өте тиімді. Келген тұтынушы өзіне қажетті анықтамаларды, басқа да мәліметтерді компьютер құрылғысына отырып, өзі-ақ шығарып ала алады. Бұл әрине Электронды цифрлы қолтаңбаға тығыз байланысты түсінік. Электронды санды қолтаңба – әрбір адамның күнделікті қойып жүрген қолының электронды түрі. Оның пайдалану мерзімі 1 жыл. Тоғыз айдың ішінде 83 362 ЭЦҚ берілген, ал бұл көрсеткіш өткен жылы 53 712 болатын. 2015 жылдың 1 жарты жылдығына өз-өзіне қызмет көрсету секторы арқылы 176 940  кеңес берілген. Аталған секторынан 165 310  қызмет көрсетілген.  Ал статистикалық мәліметте күніне шамамен 350 тұтынушы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын пайдалануда. Бүгінгі таңдағы өз-өзіне қызмет көрсету секторының артықшылығы – ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу, Сот кабинеті бойынша аталп арыз беру, сот хаттамасын электронды түрде беру бойынша өтініш беру, «Нұр Отан» партиясының қабылдауына жазылу, Е-лицензия арқылы шетел қызметшілерін ҚР аумағына тарту лицензиясын алуға мүмкіндік бар.

       

      - Соңғы уақытта қолданысқа енген «мобильдік үкімет» қызметі жөнінде айтып берсеңіз...

      - Мобильдік үкімет – халықтың күнделікті пайдаланып жүрген ұялы телефондарына орнатылып берілетін бағдарлама. Бар керегі  - ЭЦҚ және ұялы телефоныңыз болуы керек. Мобильдік үкіметке қосылған пайдаланушылар туралы деректер мобильдік азаматтар қорында сақталады. «Мобильдік үкіметтің» пайдаланушысы      өз ұялы телефонына хабарламалар алу,           бір реттік пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу, мобильдік қолтаңба арқылы қол қоя отырып, мемлекеттік қызметтерді алу, сонымен қөатар, SMS - хабарламалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу сияқты мүмкіндіктерге ие болады. Биылғы жылы «мобильдік үкімет» арқылы  талап етілген  50  элекрондық  қызметтер/сервистер  қолжетімді болғанын атап өткім келеді.

       

      - Мүмкіндігі шектеулі жандарға ХҚКО арқылы мемлекет тарапынан қандай көмек бар, жұмысқа тұру бойынша не айтуға болады?

      -Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі жандарға өз қамқорлықтарын көрсетіп келеді. Олардың бірі – мемлекеттік тапсырма бойынша 3 пайыздық көлемде мүгедек адамдарды жұмыспен қамтып отырмыз. Сонымен қатар 2013 жылдың 1 қазанынан бастап қала, аудандарда «ХҚКО»-ның мобильдік тобы 1 және 2 санаттағы өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын бастаған болатын. Аталмыш санаттағы адам өзіне көмек керек уақытта «1414» телефоны арқылы тегін хабарласа алады. Осы хабарлама түскеннен кейін сұраныс мониторинг қызметі арқылы қажетті қызмет 72 сағат ішінде көрсетіледі. Біріңғай байланыс орталығы (1414) арқылы Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып, 759 өтінішке қызмет көрсетілді, Ал 2014 жылы  - 197  қызмет көрсетілген болатын. Келесі көмектердің бірі – сурдоаударма. БҰҰ «Осал санатты тұрғындарға әлеуметтік қызметтер мүмкіндігін асылдандыру» өркендеу бағдарламасы негізінде  «ХҚКО» РМК Атырау облыстық филиалы Саңыраулардың қазақ қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы қызметкерлерінің көмегімен облыстағы осал санатты тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді ыммен сөйлесу арқылы көрсету мақсатында оқыту жұмыстары жүргізілген болатын. Оқыту курсына 22 қызметкер тәлім алып, жұмыстарын жасауда. Бұған дейін өздігінен сөйлей алмайтын топтағы жандар аудармашының көмегіне жүгінсе, енді ХҚКО инспекторлары арқылы өзіне қажетті мемлекеттік қызметті тұтына алады.

       

      - Шалғай елді мекендерге қызмет көрсету барысы қалай жүргізілуде?

      Иә, 2011 жылдан бастап мобильдік ХҚКО тобы жұмыс жасай бастады. Аталған мобильдік топ белгіленген регламентке сай, ХҚКО жергілікті Әкімшілік пен аудандық ІІБ-мен бірлесе отырып, шалғай елді мекендерге ай сайын шығу кестесі негізінде жұмыс жасайды. Аталған шығу кестесі жергілікіті БАҚ және аудан әкімдіктерінің сайттарында жарияланады. 2015 жылғы 9 айында 572 рет қызмет көрсетуге  шығып, 11 995 қызмет көрселді,  соның ішінде дәстүрлі түрде 3 863 құжат берілді. Ал 2014 жылы осы айда 16 547 қызмет көрсетілген еді, оның 5291 қызмет дәстүрлі.Биылғы жылдан бастап үш жақты меморандум негізінде мобильді ХҚКО жұмысын жаңаша бастаған болатын. Меморандум «ХҚКО» РМК мен «Қазпошта» АҚ және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің арасындағы үш жақты келісім негізінде жасақталды. Сонымен қатар биыл әкімшіліктен Махамбет пен Құрманғазы аудандарына 2 автокөлік бөлініп, жұмыстарын жасауда.

       

      - Сіз басқарып отырған ХҚКО - да соңғы уақытта қандай қызмет түрлері қосылды?

      - Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін ендіру жоспарлануда екендігін айта кетейік. Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрі көбейді. Яғни, салық есептілігін қабылдауға не болмаса кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге, жер учаскесінің кадастырлық құнын анықтауға және тағы басқа да қызметтер үшін жүгінуге болады.

       

      - Сұхбатыңызға рахмет!

       


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______    _____      ___              
       /_   _//  /_   _//  / ____||   / _ \\      ___   
       `-| |,-    -| ||-  / //---`'  | / \ ||    /   || 
         | ||     _| ||_  \ \\___    | \_/ ||   | [] || 
         |_||    /_____//  \_____||   \___//     \__ || 
         `-`'    `-----`    `----`    `---`       -|_|| 
                                                   `-`  
      
       
      Наверх