19 сентября 2017, 17:48
      Қоғам 17.06.2015, 17:28 0 пікір 898 просмотров

      Жемқорлықпен күрес – басты міндет!

      Қоғамды жегі құрттай жеп, даму жолына кедергі болған сыбайлас жемқорлықпен күрес - елдің, қоғамның, халықтың, мүдделі мекемелердің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. 


      Осы жайтқа аса мән берген Елбасымыз өзінің Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет пен халық біртұтас майдан ашуы керектігін, жемқорлықтың - жай ғана құқық бұзушылық еместігін, оның мемлекеттің тиімділігіне қатысты сенімге селкеу түсіріп, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін атап өтіп, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасын жетілдіру арқылы аса қауіпті қоғамдық дертті түбірімен жою қажеттігін ескерткен болатын. Елбасының осы тапсырмасына орай, Атырау облысында жемқорлықпен күрес бағытында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Мысалы, Құрманғазы аудандық прокуратурасы қызметкерлері ауданға қарасты Қошалақ негізгі мектебіне тексеріс жүргізіп, жыл басынан бері орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады. Бұл жайында Құрманғазы ауданының прокуроры Е. ХИСМЕТУЛЛИН:

      - Атап айтқанда, Қошалақ негізгі мектебінің бұрынғы директоры А. деген азамат 2013 жылдың 1 тамызындағы №01-171 бұйрықпен мектептің іс-қағаздарын жүргізуші етіп Ж.-ны жұмысқа қабылдап, «2013 жылдың тамыз айында 0,5 бірлік жұмысшы, 2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қыркүйек айына дейін 0,5 бірлік іс-қағаздарын жүргізуші және 1 бірлік жұмысшы, 2014 жылдың қыркүйек айы мен желтоқсан айы аралығында мектептің іс-қағаздарын жүргізуші жұмысын жасады» деп Ж.-ға жалған табель толтырылып, 630638 теңге еңбек ақы есептеліп, 533731 теңге еңбек ақы негізсіз төленіп келгендігі анықталып отыр. Алайда, Ж. Қошалақ ауылына барып, іс-қағаздарын жүргізушінің міндеттеріне кіретін жұмыстарды және жұмысшы жұмыстарын атқармаған болып шықты. Ол негізінде 2013 жылдың 29 қарашасынан бастап «Атаба» ЖШС-нің аудандық бөлімшесінде кассир, 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап оператор қызметін атқарған. Бұдан басқа, Қошалақ негізгі мектебінің бұрынғы директоры А. 2013 жылдың 2 қыркүйегінде №01-183 бұйрықпен мектептің есепшісі Г.-ны 0,5 бірлік тәрбиеші қызметіне тағайындап, 2013 жылдың қыркүйек айымен желтоқсан айы аралығында және 2014 жылдың қаңтар айында аталған қызметті атқарды деп Г.-ға жалған табель толтырып, оған 147110 теңге еңбек ақы есептеліп, жасамаған жұмысы үшін 127018 теңге еңбек ақы негізсіз төленген. Бүгінде анықталған қылмыстық оқиғалар аудандық прокуратураның сотқа дейінгі бірыңғай тізілім ақпараттық жүйесіне ҚР ҚК-нің 176 бабы 3 бөлігінің «г» тармағымен тіркеліп, ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментіне жолданды, - дейді. 


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _    __   __   _____      _____     _____   
      | || | ||  \ \\/ // |  __ \\   |  ___||  / ____|| 
      | '--' ||   \ ` //  | |  \ ||  | ||__   / //---`' 
      | .--. ||    | ||   | |__/ ||  | ||__   \ \\___   
      |_|| |_||    |_||   |_____//   |_____||  \_____|| 
      `-`  `-`     `-`'    -----`    `-----`    `----`  
                                                        
      
       
      Наверх