21 сентября 2017, 18:14
      Аймақ 10.06.2015, 15:40 0 пікір 1388 просмотров

      Шаруашылық шарықтап келеді

      Атырау облысы тек қана «қара алтынымен» емес, шаруашылығымен де танылуға тұратын аймақ. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының еңсесі тіктеліп, етегі жинақталды. Бүгінгі күннің өзінде мұнайлы аймақтың шаруашылығы шар табағын шыр айналдыруда. Құстары жұмыртқалап, малдары төлдеген облыстың айы оңынан туып келеді десек, артық айтқандығымыздан емес. Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасына бас сұққанымызда, көптеген жұмыстардың жүзеге асқандығына куә болдық. 


      Білгеніміздей облыс әкімі Б.Ізмұхамбетовтың қолдауымен соңғы үш жылда облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 20 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларға «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 7,6 миллиард теңге және «ҚазАгро» акционерлік қоғамы арқылы 3,5 миллиард теңге қаржы қаралған. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 5,5 миллиард теңге несие берілген. Айта кету керек, мал және егін шаруашылығын субсидиялауға 1,8 миллиард теңге қаралған. Осындай жұмыстардың нәтижесінде шаруашылықтардың техникалық паркі жаңартылып, жаңа технологиялар енгізілген.

      -Субсидияның көлемі 2012 жылы 360 миллион теңге болса, биыл 1,1 миллиард  теңгеге дейін өсті. Үш жылда бөлінген 20 миллиард теңгенің 80 пайызы, яғни 16 миллиард теңге мемлекетке қайтарылатын қаржы. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 45,6 миллиард теңгеге жетті. Облыс бойынша агроөнеркәсіп кешенінде 1 805 шаруашылық құрылымдары тіркелген. Ауыл шаруашылығы саласында 2,3 миллион гектар жер болса, оның 7 мың гектары егістікке пайдаланылады. Салаға жаңа технологиялар кеңінен енгізілуде. 2012 жылы тамшылатып суару тәсілі 413 гектар жерге қолданылса, биыл 1500 гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз, -деді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және өткізу бөлімінің басшысы Қисмеден ЖАНҚУАТОВ.

      Сондай-ақ, облыстағы 292 гектар алма бағын 350 гектарға жеткіземіз деп отыр. 2012 жылы 6,7 гектар жылыжай болса, биылғы жылы 12,5 гектарға ұлғаятын болады. Бұл маусымдық мерзімде өңірдегі көкөніс бағаларын тұрақты ұстауға мүмкіндік туғызуда дейді мұндағы мамандар.

      -2013 жылдан бастап жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және тұрғындарды өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету мақсатында фьючерстік келісім-шарт негізінде егін шаруашылығымен айналысатын құрылымдардан 2 жылда 9,5 мың тонна картоп пен көкөніс өнімдерін қабылдадық. Қабылданған өнімдер арқылы облыста тұрақтандыру қорын қалыптастырып, жинақталған өнімдерді жалпы сыйымдылығы 19 мың тонна болатын 33 көкөніс сақтау қоймаларында сақтаудамыз. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төрт-түлік малында өсім бар, -деді Қисмеден Жанқуатов. 

      Жалпы, облыс бойынша 13 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық құрылымдары тіркелген. Біздің облыс негізінен еділбай қойын өсіріп өнімін молайтуға ең қолайлы аймақ болып табылатындықтан, облыстың мал өсірушілері еділбай қойын өсіріп селекциялық жұмысты жандандыруда. Бүгінгі таңда облыстағы асыл тұқымды шаруашылықтарда 60 мыңдай еділбай қойы  бар екен.

      Алты жоба жүзеге асырылған

      Былтырғы жылы облыстағы агроөнеркәсіп кешені саласында 2,2 миллиард теңгенің ірі 6 жобасы жүзеге асырылды. Қысқаша тоқталып өтер болсақ, «Алмалы құс» ЖШС-і жылына 30 миллион дана жұмыртқа шығаратын құс фермасы болса, жоба құны 480 миллион теңге. «Алға-1» ШҚ жылына 400 тонна етті-сүтті бағытындағы мал шаруашылығын дамыту және шұбат, айран және қымыз өндіру өндірісін қолға алған. Мұндағы жобаның құны 225 миллион теңге болып отыр. «Жұмағалиев» ЖК 2 гектар жылыжай шаруашылығы бар. Жобаның құны 350 миллион теңге. “Каспиан Роял Фиш” ЖШС-і 100 тонна тауарлы бекіре тұқымдас балығын өсіру және 1 тонна азықтық уылдырық алу бойынша балық өсіру кешені бар. Жобаның құны 1  047,0 миллион теңге. «Ганюшкин егін өнімдері» ЖШС-і жылына 150 тонна сүт өңдеу және дайындау цехы болса, жобаның құны 54 миллион теңге. «Карат» ЖШС-і жылына 12,6 млн.дана консервіленген ет өндіретін кешен. Жобаның құны 140 миллион теңге, ал, өз қаражаты 140 миллион теңге болып отыр. Бұндай ірі жобалар биылғы жылы да өз жалғасын табатын болады.

      - Бұл жобаларды іске қосу арқылы жергілікті тұрғындарды өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуді қолға ала бастадық. Облыс тұрғындары көкөніс өнімдерімен 2012 жылы 16 пайызға қамтылса, биыл 136 пайызға дейін өседі. 2013 жылы Ресей Федерациясына 250 тонна көкөніс экспортталды. Облыс нарығының картоппен қамтылуы 2012 жылы 4 пайыз болса, биыл 38 пайызға жететін болады. Болашақта картоп алқабына жаңа технологияларды енгізе отырып, халықтың картоп өніміне деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеміз. Биылғы жылы жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары «Алмалы-құс» ЖШС 30 миллион дана, «Атырау-Сауда» ЖШС 32 миллион дана өнім берсе, осы арқылы жергілікті тұрғындар 76 пайыз қамтылатын болады. 2017 жылға қарай «Алмалы-құс» ЖШС-і қосымша 30 миллион дана жұмыртқа өндіріп жұмыртқа өндіруді 92 миллион данаға жеткізеді деп жоспарлап отырмыз, -деді Қисмеден Жанқуатов.

      Сүт өнімдерімен қамту қазіргі күні 23,3 пайызды құраған. Бір жылға қажеттілік 48,3 мың тонна болса, күні бүгін өндіріліп отырған сүттің көлемі 11,3 мың тоннаға жеткен. Болашақта Махамбет ауданыдағы «Первомайский» біріккен кәсіпорны ЖШС-нің  1 000 бас мүйізді ірі қара малына арналған сүт-тауарлы фермасы толықтай іске қосылғанда сүт өндіру 16 мың тоннаға жетіп, қамтылуы 33 пайызды құрайды деп жоспарланып отырғанын айтады, мұндағы білікті мамандар.


      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    _____    __   _      ___      ______  
        / ___//  |  ___|| | || | ||   / _ \\   /_   _// 
        \___ \\  | ||__   | '--' ||  | / \ ||  `-| |,-  
        /    //  | ||__   | .--. ||  | \_/ ||    | ||   
       /____//   |_____|| |_|| |_||   \___//     |_||   
      `-----`    `-----`  `-`  `-`    `---`      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх