28 шілде 2017, 2:53
      Аймақ 10.06.2015, 15:36 0 пікір 2651 просмотров

      Жемқорлыққа қарсы күрес жастар көзімен!

      Атырауда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бағыттары, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Жақында Атырау облыстық дарынды балаларға арналған  мектеп-интернатының оқушылары арасында  пікірталас өтті.


      ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Nomad» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған пікірталас осы оқу орнының жоғары сынып оқушыларына өткізілген семинар аясында өткен болатын. «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру мақсатында кешенді шаралар ұйымдастыру» атты семинарда департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Динара ЛҰҚПАНОВА  сөз сөйлеп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары жөнінде толық мағлұмат берді. Бұдан кейін оқушылар арасында «Жемқорлық дегеніміз не?», «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресуде қандай шаралар қолданылуы керек?» деген сұрақтар бойынша қызу пікірталас жүргізілді. Семинар соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттық бағыттағы бейнебаяндар көрсетіліп, семинарға қатысушылар өз сауалдарына  тұшымды жауап алды. Оқушылар арасында осы бағытта іс-шара өткізу бұдан кейін Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жалғасын тапты. Онда 9-11 сынып оқушыларына «Жастар парақорлыққа қарсы» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы  бойынша департаментінің қолдауымен Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі бірігіп өткізген шара 2015 жылға арналған «Жастар арасында жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізу қызметі»  әлеуметтік мемлекеттік жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілгенін айта кеткен жөн. Құзырлы орындар қызметкерлерінің оқушылармен кездесуі барысында «Әділетті қоғам», «Менің парақорлықпен күресуім үшін не істеуім қажет?», «Тапқырлық кезеңі» және «Парақорлықты сипаттайтын топтық жарыстар» бөлімдері бойынша ұйымдастырылған пікірталаста оқушылар аса  белсенділік танытты. Осылайша сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы заңнамаларға түсінік беру арқылы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аталған департамент қызметкерлері ақпараттық насихаттау жұмыстарын одан әрі жалғастыруды көздеп отыр. 
      13 - қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.
      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___      ______    _____    _    _   
       \ \\/ //   / _ \\   /_   _//  |  ___|| | |  | || 
        \   //   / //\ \\    | ||    | ||__   | |/\| || 
        / . \\  |  ___  ||  _| ||    | ||__   |  /\  || 
       /_//\_\\ |_||  |_|| /__//     |_____|| |_// \_|| 
       `-`  --` `-`   `-`  `--`      `-----`  `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх