25 мая 2017, 5:25
      Аймақ 04.06.2015, 12:35 0 пікір 849 просмотров

      «Бір күндік ұрыс – қырық күндік тұрысқа соқтырмасын!»

      Өткен аптада Жалпыұлттық Социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Елдегі дағдарыстық жағдайдың аймақ өңіріне әсері және одан шығудың жолдары» атты дөңгелек үстелде партия басшыларының кездесуі өтті. Алдымен ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы Жұмабай ДОСПАНОВ баяндама жасап, облыстағы келеңсіздіктердің көп екендігін тілге тиек етіп, оларды болдырмаудың жолдарын атап өтті.


      Алдымен баяндамаға бас тірер болсақ, ол: «Адамзат өмірінің заңдылығы шығар, әр жүз жылдықта 3-4 реттен бір мезгілде бірнеше мемлекетті шарпитын қаржылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және соғыстық дағдарыстар болып тұрады. Жаңа басталған ХХІ ғасырда-ақ бұл жай орын алып үлгерді. 2008 жылы АҚШ-тан бастау алған қаржылық дағдарыс 2009 жылы Еуродақ елдеріне және екі жылдан соң Азия құрлығына келіп, экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұласты» деді.

      Баяндамашының айтуы бойынша АҚШ пен Еуроодақ мемлекеттерінің үкіметтері 2009-2013 жылдары 1 триллион 750 миллиард доллар қаржы бөлуге мәжбүр болған екен. Соның өзінде қиын жағдайдан олар осы жылдың екінші тоқсаны басына дейін толық шығып үлгермеген. Ал, 15 мемлекетке келер болсақ, соның ішіндегі үш мемлекет яғни Ресей, Украина, Қазақстанның қаржылық, экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа тап болғандарын әлемдің институттар дәлелдеп отырған көрінеді. Әсіресе орыс мемлекетінің жағдайы біртіндеп ауырлап барады. Мұнда қаржылық дағдарыстың сезілуі 2009 жылы басталса, 2014 жылдың шілдесінен бері тіпті үдей түскен.

      2008 жылдың алғашқы айында бұл елдің бюджетінде мұнайдың үлесі 22,5 пайыз болса, 2014 жылдың аяғында орташа есеппен алғанда 9,5 пайызды құраған.

      -Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында мұнайдың орташа бағасы 72 доллармен  шектелгенде бюджетті құрауы тағы бір пайызға кеміп кетті. Мұның үстіне Ресейдің Украина құрамындағы Қырымды аннекциялауы мен Донецк, Луганск облыстарында Конститутциялық тұтастықты көпекернеу бұзып, кәдімгі соғыс қимылдарын жүргізуге байланысты АҚШ пен Еуроодақтың экономикалық санкциялары Кремльді айдан-айға тығырыққа тақай түсуде. Енді өзіміздің Қазақстанға келер болсақ, қаржылық дағдарыстың бастапқы «барлау толқыны» Ресейге ілесе бізге 2009 жылдың 4-ші тоқсанында келіп жетті. Жыл аяғында Қазақстанның сыртқы қарызы алғашқы рет 100 миллиард долларды құраса, оның ішінде 2-ші деңгейдегі банктеріміздің сыртқы қарызы 28,5 миллиард доллар болды. 2011-2013 жылдары әлемдік мұнай бағасының 110-125 доллар аралығын ұстап тұрғаны – Қазақстанда дағдарысты онша сезіндіре қоймаған. 2013 жылы республикалық-мемлекеттік бюджеттің дефициті 570 миллиард теңге болса, өткен жылы ол бірден 33 пайызға өсіп, 758 миллиард теңгеге жетті. Биылғы жылға қаралған дефицит – 997 миллиард теңгеге көбейсе, осы жылдың бюджеті мұнайдың 70 долларына сүйене жасалғанымен,  сәуір-мамырдағы баға 53-68 доллардың аумағынан көтерілмей тұр, -деді өз баяндамасын жасаған ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы Жұмабай ДОСПАНОВ. 

      Қазақстанның мемлекеттік жылдық бюджетінің 45-50 пайызын осы уақытқа дейін мұнай өндіру мен өңдеу саласы жасап келеді. Ал, егер мұнайдың әлемдік бағасы шетелдік экономистердің болжаушылары айтып жатқандай 2017-2020 жылдары 35-40 долларға тұрақтап қалса, жағдайымыздың қандай болатындығын елестетудің өзі үрей туғызады. Сондай-ақ, отырыс барысында баяндамашы көптеген келелі мәселелерге де тоқталды. Айтса айтқандай, облысымыздың өзінде түйінін әлі күнге таппай жүрген мәселелер баршылық. Соның бірі шаруашылық саласы. Бұл жайында да баяндамашы бар білгенін ортаға салды.

      -Облыстағы жеті ауданның еңбекке жарамды тұрғындарын кем дегенде 80 пайыз  қызметпен қамтымайынша – халықтың әлеуметтік жағдайы жақсармайды. Өкініштісі, округ әкімдері, аудандық бөлімдер жұмыссыздар санын азайтып, ауылшаруашылығы көрсеткіштерін көбейтіп жазумен елдің тұрмыс-тіршілігін қолдан қампайтып келеді. Тағы бір айта кетер жайт, облыстағы құрылыста, коммуналдық көліктік қызмет көрсетуде және өзге кәсіпорындарда жергілікті жұмыссыздықты азайтуға басшыларының патриоттықпен ынталық жасамайтындары. Олар көбіне жұмысшыларды шетелден тартады. Өзіміздің жұмысшыларды алдап, еңбекақы бермей кететіндері де кездеседі, -деді Жұмабай Доспанов. 

      Жиын барысында Жұмабай Доспанов бұл бір сәттік саяси пияр емес, еліміздің бүгінгісі мен ертеңіне алаңдаушылықтан туған ащы шындық пен жанайқайы екендігін қаперімізге берді. Шынында қоғамдағы орын алған келеңсіздіктерге бей-жай қарап отыру, ерлігімізге де елдігімізге де сын болар еді. Болмаса жылатып айтар достың да бірауық арамыздан табылып тұрғаны дұрыс-ақ. Әйтпесе, телеарналардан берілетін жарнамасы күшті Қазақстанда өмір сүргісі келетіндердің қарасы көбейді.

      Айтпақшы, «Бір күндік ұрыс – қырық күндік тұрысқа соқтырмасын!» дегенді де Жұмабай Доспанов сөз соңына айта кетуді ұмытпады. 


      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ, суреттер автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    ______    _    _     ______  
       /_____//  |  ___|| |      \\ | || | ||  /_____// 
       `____ `   | ||__   |  --  // | || | ||  `____ `  
       /___//    | ||__   |  --  \\ | \\_/ ||  /___//   
       `__ `     |_____|| |______//  \____//   `__ `    
       /_//      `-----`  `------`    `---`    /_//     
       `-`                                     `-`      
      
       
      Наверх