28 шілде 2017, 2:52
      Аймақ 27.05.2015, 16:16 0 пікір 1166 просмотров

      Балабақша мен мектептер жайы алаңдатады

      Атырау облыстық прокуратурасында мектепалды және жалпы білім беру ұйымдарының қызметін бақылайтын уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен жиын өткізіліп, онда соңғы жүргізілген тексеру нәтижелері жарияланды. 


      Тексеру жұмыстары кезінде аймақтағы бес балабақшадағы асхана құралдары мен тағам өнімдерінен ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталған.  Облыс прокурорының аға көмекшісі Гүлжан СҰЛТАНОВАНЫҢ айтуынша, Атырау қаласындағы  екі балабақшада  асхана құралдарынан ішек таяқшалары табылса, тағы екі балабақшада мерзімі ескірген дәрілік заттар қолданыста болыпты. Сондай-ақ, орта мектептерде орналасқан 7 кіші орталықта қызмет атқаратын 12 тәрбиешінің медициналық тексеруден өтпегендігі белгілі болған. Осындай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу оқиғалары Махамбет, Қызылқоға, Индер, Исатай ауданындарының  мектепалды мекемелерінде де орын алған.

      - Прокурорлық тексерумен 50 жалпы білім беру мектебі қамтылып, оның ішінде 17 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық, 10 мектепте өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмағаны белгілі болды. Осы тектес заңбұзушылықтар мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметінде де орын алған, - деп атап өтті ол. Қазір облыс аумағында негізгі және орта білім беретін 156 мектептің асханасын 54 жеке кәсіпкер жалға алып отыр.  Олар мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Атырау қаласында, Махамбет, Қызылқоға, Исатай ауданында білім беру мекемелерінің асханасын жалға алу туралы келісім-шарт қаржы бөлімі мен жеке кәсіпкерлер арасында жасалып отыр. Ал, облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ  ЗИНУЛЛИННІҢ айтуынша, бүгінде облыстағы 186 мектептің 37-сі, яғни 20 пайыздан астамы бейімделген ғимаратта орналасқанымен, 10-ы апатты жағдайдағы ғимаратта. Сондықтан бұл нысандар тамақтану, басқа да көптеген санитарлық-эпидемиологиялық мәселелер бойынша қиындықтар туғызатын көрінеді. Тағы бір айта кететін жайт - мектептерде тамақтандыру қызметін ұйымдастыру қыркүйек пен маусым айлары аралығында қаралғанымен, Қызылқоға, Индер ауданында тамақтандыру қызметін көрсету мерзімі бір жыл, яғни, 2015 жылдың 31 желтоқсанына  дейін  белгіленген. Сондықтан келісім шарт пен қызмет көрсету мерзімі сәйкес келмеуі салдарынан Жылой, Индер ауданында жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары биылға қыс айларында ыстық тамақпен қамтылмай қалған.Осы мәселеге баса назар аударған жиынға қатысушылар  білім беру мекемелері мен кәсіпкерлер арасындағы меморандум шарттарын қайта қарауды ұсынды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______     _____    _____       ___              
      |      \\  |  ___|| |  __ \\    / _ \\    ____    
      |  --  //  | ||__   | |  \ ||  | / \ ||  |    \\  
      |  --  \\  | ||__   | |__/ ||  | \_/ ||  | [] ||  
      |______//  |_____|| |_____//    \___//   |  __//  
      `------`   `-----`   -----`     `---`    |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх