27 мая 2017, 12:21
      20.05.2015, 17:12 0 пікір 526 просмотров

      «Хат кетті, жауап күтеміз...»

      Жуырда облыстық кәсіпкерлер палатасында кезекті отырыс өтіп, онда облыс кәсіпкерлерінің құқығын қорғау бойынша құрылған арнайы Кеңес мүшелері қала әкімінің «Қазмүлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіне қатысты шешімдерін заңсыз және сатып алу, сату жөніндегі келісімшарттарды жарамсыз деп таныған жергілікті прокуратура шағымы қаралды. Аталған мекеме тарапына бұған дейін осындай шағымның 40-тан астамы келіп түскен. 


      Қалалық прокуратура қызметкерлері 2006-2008 жылдары сатып алынған жер бөліктері бұған дейін пайдаланылмай келгендіктен, Елбасының Үкіметке жүктеген тапсырмасына сай шағым түсіріп отырғандарын айтады. Мәселенің екінші жағы, Атырау әуежайы маңында орналасқан жер учаскелерін жеке тұлғадан 200 миллион теңгеден астам қаржыға сатып алған мекеме осы күнге дейін тиісті салығын төлеп отыр. Ал былтыр прокуратура қала әкімінің шешімдеріне қатысты құжаттардың дұрыс толтырылмағанын алға тартып, сотқа жүгінген. Нәтижесінде, меншік иесі өзінен кетпеген олқылықтың зардабын шегуде. Енді отандық мекеменің абыройы төмендеген соң, шетелдік инвесторлардың алға қарай келісімшартқа отыра қоюы екіталай. Өйткені, бұлай жалғаса берсе, Атырауға өз кәсібін өркендетеміз деп келген голландиялық өкілдік те шығынға батары сөзсіз.

      Қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВ, бұған дейін «Сарықамыс» мөлтекауданында бір жанармай бекеті салынарда, оның тиісті құжаттары болмай, прокуратура тарапынан тыйым салынғандығын, алайда арада біраз уақыт өткен соң, нысан бәрібір өз жұмысын жалғастырғанын айтып өтті. Сол себепті ол, аталған мөлтекауданда жанармай бекеттері жеткілікті екендігін, ал мына жағдайды шет елден инвестиция тартуға жұмыстанып жатқан отандық мекемелердің жолына балта шабу деп түсінетіндігін жеткізді.

      Қалалық жер қатынастары басқармасының бас маманы Анар ДӘУЛЕТИЯРОВАНЫҢ айтуынша, басқармаға 2011-2014 жылдар аралығында кәсіпкерлер тарапынан екі мыңнан аса арыз-шағым келіп түсіпті. Оның бәрі де әлдеқашан қалалық әкімдікке жолданған. Бірақ, белгісіз себептермен қол қойылмай жатқан көрінеді. Өткен 9 жылдың ішінде бар болғаны 50 шешімге ғана қол қойылып, мөр басылған.

      - Бұл жерде таңқалдыратын бір жайт бар. Осы жағдайдың орын алғанына бақандай 9 жыл уақыт өткен. Бүгінге дейін неліктен ешкім ешқайда барып арызданбаған? Жер қатынастарын реттейтін бөлім қайда қарап отыр? Шыққан шешімге қатысты құжаттардың дұрыс рәсімделмегенін прокуратура енді ғана анықтап отырғаны қалай? Жалпы, заңдағы өзгерістер мен шешімдердің дені мәслихатпен келісіледі. Қазір біздің облыс жер сату бойынша көш бастап тұр. Қазір жер саудасы қызған шақ. «Қазмүлік» мекемесі барлығы 5 учаскеге қатысты келісімшарт жасасқан. Жер аумақтарын әр компания бірінен-бірі сатып ала берген соң, сотқа арыз түскен. Кез-келген адам мемлекет белгілеген арзан бағамен жер алып, кейін өзі қалаған қымбат бәсімен басқасына сатуда, - деді облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының төрайымы Әлия Бекқожиева.

      Бұған қатысты Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев: - «Мирас» секілді заңды тұлғалар тиесілі үлестің 30 пайызын, ал шетелдік тарап 70 пайызын құрайды екен. Олай болса, голландиялық инвесторлар 5 жыл бойына нені күткен? Мәселені әбден ушығып, сот залына жеткенге дейін қозғау керек еді. Әрине, енді сот шешіміне ешкім де, ештеңе де әсер ете алмас. Бірақ, жергілікті билік, прокуратура, фирма өкілдері бар, барлық тараппен ақылдасып, бір шешімге келеміз деп ойлаймын. Әзірше сот қызметкерлерінен қажет кеңестерді алатын боламыз. Алдымен, Ұлттық палата филиалының атынан бақылаушы ретінде сот жиналысына қатысуға рұқсат алуымыз керек. Жапа шеккен мекеме өтінішін аяқ асты етпей, олардың құқықтарын қорғауға қолдан келгенше көмегімізді көрсетуге дайынбыз, - деген пікірін білдірді.

      Жиында «Қазавтожол» акционерлік қоғамы Атырау филиалының жұмыстарына қатысты «З.Тоғашев» жеке кәсіпкерлігінің өтініші де қаралды. Кәсіпкер Зекет Тоғашевтың айтуынша, оның Тұщықұдық селосына бағытталған жол бойында «Капучино» атты асханасы бар екен. Ендігі жерде оған жол бойына тиесілі асхана белгісін орнатудың өзі мұң болыпты. Кәсіп иесі сөз арасында өз қаражатына сол белгіні орнатуға әзір екендігін де жеткізді. Белгілі болғанындай, «Қазавтожол» АҚ-ның атыраулық бөлімшесі 2 жыл бойы техникалық шартты қанағаттандырмай келген болып шықты. Филиал өкілі Қайрат Қалиев кәсіпкердің хатын тиісті орындарға жібергенін, енді тек жауап күтіп отырғанын айтты. Жалпы, мамандардың айтуынша, Атырауда 990 шақырым жол болса, соған орай 20-30 мың жол белгісі бар. Ал, оларды орнатуға жергілікті қазынадан қаражат бөлінбейді екен. Десе де, рұқсат қағазының өз иесіне көп күттірмей жетуін кеңес мүшелері бақылауға алатынын жеткізді.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____      _____     _____    _    _     _  __  
       |  _ \\   |  ___||  /  ___|| | || | ||  | |/ // 
       | |_| ||  | ||__   | // __   | || | ||  | ' //  
       | .  //   | ||__   | \\_\ || | \\_/ ||  | . \\  
       |_|\_\\   |_____||  \____//   \____//   |_|\_\\ 
       `-` --`   `-----`    `---`     `---`    `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх