24 шілде 2017, 8:39
      Аймақ 06.05.2015, 16:52 0 пікір 760 просмотров

      Жайық жағасы неге өртенді?

      Жилгород-Авангард көпірі маңынан, Жайық өзені жағасына жақын аумақтан таяуда ретросаябақтың құрылысы басталған еді. Сәуір айының соңында сол маңнан, дәлірек айтқанда, Жайық жағасынан өрт шықты.


      Өрттің шығу себебін білмек болып, жақын маңда орналасқан ретросаябақтың құрылысын жүргізіп жатырған жұмысшыларға жолықтық. Сұрасақ, ешкім ештеңе білмейді. Жұмысшылар ретросаябаққа тиесілі аумақтың қоршаулы екендігін, өрт болған жерге жауап бермейтіндіктерін алға тартты.

      Төтенше жағдайлар қызметі мамандарына хабарласқанымызда, ондағылар 20 сәуірде 15 сағат 57 минут шамасында Жайық жағасындағы 20,25 аумақты құрайтын құрғақ қамыстың жануы болғандығын айтады. Төтенше жағдайлар қызметіне тұрғындар қоңырауы түскен бойда мамандар оқиға орнына дереу жетіп, өрттің алдын алған. Өрт сөндіру мамандарының айтуынша,  Жайық жағасында өрт жағдайлары жиі болатын көрінеді. Оның барлығы да тұрғындардың салғырттығынан, қарапайым ережелерді сақтамауы салдарынан орын алады. Жайық жағасында қоқыс өртеп, не шылым қалдықтарын тастаудың нәтижесінде өрт шығады. Төтенше жағдайлар қызметі мамандары өрттің кенеттен пайда болатынын айтып, жұртшылықтан қауіпсіздік ережелеріне мұқият қарауларын сұрайды.


      Арай НҰҒЫМАНОВА

       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___       _____   __   __   _    _   
       \ \\/ //   / _ \\    / ___//  \ \\/ // | || | || 
        \   //   / //\ \\   \___ \\   \ ` //  | || | || 
        / . \\  |  ___  ||  /    //    | ||   | \\_/ || 
       /_//\_\\ |_||  |_|| /____//     |_||    \____//  
       `-`  --` `-`   `-` `-----`      `-`'     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх