23 тамыз 2017, 17:57
      Қоғам 10.07.2013, 17:22 0 пікір 1263 просмотров

      «БҮРКІТ» БҮРІП ТЫНАДЫ

      -Қалдыбек Ерубайұлы, әне-міне дегенше, 2013 жылды да орталадық. Алғашқы жартыжылдық көрсеткіштері көңілге қонымды ма?

      - Жұмыс нәтижесіне оң баға беруге болады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 786 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 620-сына айыппұл салынса, 152 борышкер әкімшілік қамауға алынған. Сондай-ақ 37 борышкерге қатысты облыстық ішкі істер департаментінің анықтау басқармасына қылмыстық материал жолданған. Аталған есептік кезең ішінде сот орындаушыларының атқарған жұмысының нәтижесінде 17 896 атқару құжаты орындалып, 21 217 609 394 теңге өндірілді.

      - Бүгінгі күні өткір тұрған мәселенің бірі – алимент төлеу жайы. Содан ба, осы тақырып мәжіліс деңгейінде де көтерілді. Жүйені жетілдіру мақсатында алимент төлеуді кейбір шет мемлекеттер сияқты, үкіметтің мойнына арту тәжірибесін қолданудың жай-жапсары айтылды. Қоғамда жиі ұшырасатын осы құбылысқа тікелей араласып, жағдайды жан-жақты көріп отырған мекеме басшысы ретіндегі сіздің ойыңызды білгіміз келеді. 

      -Қазіргі таңда алимент төлеуге байланысты облыс бойынша 5 мыңға тарта атқару өндірісі бар делініп отыр. Алиментті бюджет қалтасынан төлеудің ойландыратын тұсы көп. Ең алдымен, таза адамгершілік тұрғысынан қарағанда, өмірге әкелген ұл-қызын бағып-қағу, өсіріп, аяғынан тік тұрғызу - әрбір саналы азаматтың борышы. Біреулерді осындай ата-аналық міндетінен босатып, салық төлемдеріне негізделген мемлекет қаражатына иек артқанда, неден ұтамыз? Екіншіден, заңдылық жағы. Менің ойымша, бұл сұрақтың шешімі – алдағы уақыт еншісінде.

      - Жақында облыстық прокуратурамен бірге борышкерлердің шетелге шығуына тыйым салатын «Бүркіт» жүйесі бойынша рейд өткізілгенін білеміз. Рейд барысында пойызбен не автокөлікпен бірнеше шақырым жол жүріп, шекараға келгенде бәрібір «тұтылған» борышкерлер аз болған жоқ. Оның алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізген жөн?

      -ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 33 - бабына сәйкес, мойнындағы мемлекет алдындағы қарызын өтемей жүрген азаматтар елдің шекаралық бекеттерінен өткізілмей, кері қайтарылады. Расымен де, айталық, Мәскеуге жол тартқан борышкерлер кездесті. Олар Құрманғазы-Астрахан кеден бекетінен әрі аса алған жоқ. Оған дейінгі алған жол пұлы босқа кетті, қаншама уақытын жоғалтты. «Бәлкім, өтіп кетермін» деген ниетпен құр шығындалу дұрыс емес. Себебі, заң аясында шетелге шығатын әуежай, теміржол, автобекеттердің ешқайсысы борышкердің шетел асуына жол бермейді.Әзірге «Бүркіт» жүйесін теміржол желілерінде қолдануға мүмкіндік жоқ деуге болады. Өйткені, оны жүзеге асыру үшін вокзалдарда кеден бекетін орналастыру қажет. Халықаралық пойыздармен сапар шегетін борышкерге заң талаптарын вокзалдарда түсіндіруден оның уақыты мен қаржысы үнемделетіні өз алдына, бұл – сот шешімдерінің орындалуына да айтарлықтай ықпалын тигізетіні сөзсіз.

      - Күнделікті өмірде сот орындаушыларына алғысын жаудырып жүрген азаматтар аз емес. Керісінше, сот орындаушыны қызметін дұрыс атқармағаны үшін кінәлап, тексеруші органдарға шағымданып жүргендер де бар. Жалпы сот орындаушыларына қандай себептермен кінә артылып жатады?

      -Сот шешімінің орындалмауы сот орындаушының әрекетсіздігінен деп санайтын тұрғындар кездесетіні рас. Шын мәнінде, оған әкеп соқтыратын бірнеше себеп бар. Атап айтсақ, олар – жұмыс қолының аздығы мен атқарушылық жүктемесінің көптігі. Қазірде әрбір маманның үлесіне сегіз жүз-мыңға тарта атқару өндірісі келеді. Әрбір атқару парағын орындауға екі-үш күн уақыт кетеді. Мемлекеттік сот орындаушылардың жүктемесін азайту мақсатында жеке сот орындаушылар институты енгізілді. Белгілі бір деңгейде көмегі болғанмен, сол арқылы проблеманы толықтай шешіп отырмыз деп айтуға ертерек. Айталық, мемлекет пайдасына өндірілетін 17 мың атқару құжаты жеке сот орындаушыларына берілмейді. Сол сияқты, алимент бо-йынша істерді өндіріске алатын жеке сот орындаушысы да сирек.Мынадай жайтты де айта кетсем деймін. Кейде борышкердің атында ешқандай мүлкі, ақшалай қаражаты болмай шығады. Заң бойынша борышкерден өндіру мүмкін болмаған жағдайда атқару ісі қайтарылуы тиіс. Соны түсінбеген кей азаматтарымыз да сот орындаушыны бекер жазғырып жатады.Сонымен қатар жекелеген заңсыз шешімдердің, айналып келгенде, сот шешімін орындау үшін жұмыстанатын сот орындаушысының маңдайына келіп тиетін кезі болады. Түсінікті болу үшін, мынадай деректі айтайық. Бір жер телімі бірнеше адамға беріліп кеткен делік. Сот шешімімен оның иесі анықталып, тұрып жатқан кісілер босатылуы тиіс болады. Тараптар арасында түсінбеушіліктер туындап, жеме-жемге келгенде қызметін атқарумен шұғылданған сот орындаушыға орынсыз өкпе артады.     

      -Кейінгі кезде қоғамда үй, мүлік тартысы көбейіп кеткендей. Осы бір келеңсіз құбылысты жылжымайтын мүлікке таласып жатқандардың да, сот орындаушылардың да, жұртшылықтың да жақтыра қоймайтынын байқаймын. Әйтсе де, сот шешімі орындалуы тиіс. Кейде мәселені ушықтырмай, алдын ала шешуге болмас па еді деп ойлайсың.

      -2013 жылдың басынан бері 4 үйден шығару (выселение) бо-йынша атқару құжаты орындалды. Сондайда адамдардың мұрагерлікті заңмен белгіленген мерзім ішінде қабылдамауынан, қарапайым заң талаптарын түсінбеуінен жоқ жерде проблема туындап жатқанын көреміз. Бізде бірнеше баласы болғанмен, нақты мұрагерін белгілеу сияқты жұмыстарға мән берілмейді. «Ыңғайсыз» саналып созыла бергенмен, бұл мәселе түптің-түбінде шешімін табуды қажет ететіні анық. Мүлікке таласу мұқтаждықтан да орын алады. Басқа баратын жері жоқ болғандықтан, борышкерлер үйді немесе пәтерді босата алмайды. Басындағы жалғыз баспанасын банкке кепілге салып, несиесін төлей алмағандықтан айрылып қалып жатқандар бар. Егер бұл жалғыз мекен-жайы болса, оны кепілдікке бермес бұрын, жан-жақты ойланып, «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» дұрыс емес пе?! Егер азаматтар заң алдындағы жауапкершілігін сезініп, не нәрсеге де байыптылықпен қараса кез келген түсінбестіктің алдын алуға болары еді. 

      -Сот орындаушыларының жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында қандай шаралар жүзеге асуда? Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша жақсы жұмысымен көзге түскен сот орындаушылары ретінде кімдерді атай аласыз?

      -Сот  актілерін орындау департаменті қызметкерлерінің ортақ мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу мақсатында сот, прокуратура өкілдерімен бас қосулар, дөңгелек үстелдер өткізуі тұрақты үрдіске айналған. Осы орайда департаментте Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Ильяс Сабдан мен Анаргүл Салыхова сот орындаушылармен кездесулер өткізді.Биылғы жылдың алты айында ерекше жетістіктерімен көзге түскен әкімшілік айыппұл өндіру бөлімінің сот орындаушылары Динара Амандықова мен Айнұр Бимұханованы атап көрсетер едім. Олардың әрқайсысы 2013 жылдың 1 тоқсанында 500 атқару құжатын орындады.       


      Айталық, мемлекет пайдасына өндірілетін 17 мың атқару құжаты жеке сот орындаушыларына берілмейді. 

      -Әңгімеңізге рахмет!

      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     __   __  __    __    _____   __    __  
      |  __ \\   \ \\/ // \ \\ / //  |  ___|| \ \\ / // 
      | |  \ ||   \ ` //   \ \/ //   | ||__    \ \/ //  
      | |__/ ||    | ||     \  //    | ||__     \  //   
      |_____//     |_||      \//     |_____||    \//    
       -----`      `-`'       `      `-----`      `     
                                                        
      
       
      Наверх