23 мая 2017, 9:03
      Экономика 10.07.2013, 17:13 0 пікір 2364 просмотров

      Бір кезде Баку атанған Прорва еді...

      Мамандардың айтуынша, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мұнай-газ конденсатты кен орны Шығыс Прорвада іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1963-75 жылдары жүргізіліп, алғашқы мұнай бұрқағы 1963 жылы атқылаған. Жалпы Прорва аймағына Ақтөбе, Батыс Прорва, С.Нұржанов, Ж.Досмұхамбетов кен орындары қарайды.
      Бұрқақтық әдістің «кереметі»Бізді цех басшысы Қабдырахман МҰҚАШЕВ өндіріс өмірімен таныс-тырды. Мәселен, Досмұхамбетов кен орнында қазіргі таңда 35 ұңғыма болса, 1-еуі бұрқақтық, қалғандары механикалық әдіспен жұмыс жасауда. Өткен бес айда 9213 тонна мұнай өндіріліп, жыл басынан бері өнім өндіруді 103 пайызға орындаған. Сондай-ақ №84,85-ші ұңғымалар қазылып, іске қосылған. Ал, Прорва бо-йынша биыл 7 ұңғыма қазылып болып, бүгінгі күні олардың алтауы да бұрқақтық әдіспен жұмыс жасап тұр. Ақтөбе кен орнында №16А, 109, 110 ұңғымалары жаңадан қазылған. Нұржанов кен орнында №321, 322, 324, 325 ұңғымалары қазылып, оның үшеуі бұрқақтық әдіспен жұмыс жасаса, біреуі игерілуде. Жалпы төрт кен орнында да барлығы 275 ұңғыма жұмыс жасап тұр. Оның ішінде 117-сі бұрқақтық әдіс, 12-сі УЦМ, 121-і штангалы, 25-і бұрандалы әдіспен жұмыс жасайды. Цех басшысының айтуынша, бұрқақтық әдістің бір ерекшелігі – бұнда қуат көп кетпейді, ол мұнайды тек өз күшімен шығарады. Бұрқақтық әдіспен өндіру кезінде мұнай жердің қысымымен құбыр арқылы алынатындықтан, ашық жерге мұнай төгу орын алмайды. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Мұнайшыларға жағдай жасалған Мұнайшылардың айлық табысы - 200-300 мың теңге көлемінде. Оған қосымша жыл соңында еңбек өтіліне қарай 4 айлық жалақы көлемінде «13-ші жалақы» тағы бар. «Медикер» медициналық сақтандыру компаниясы мұнайшыларға қызмет көрсетеді. Мәселен, бір жұмысшының отбасынан үш адам тегін емделе алады. Жыл сайынғы жазғы демалыста жұмысшылардың 14 жасқа дейінгі балалары тегін жолдамамен жақын және алыс шет елдерге лагерьлерде тынығады. Былтырғы жылы «Ембімұнайгаз» АҚ- ның ұжымдық шартта көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланудан Қазақстандағы 162 компания арасынан үздік танылып, екінші орынды иеленген. Бір қызығы, кеніште Көрпебаев, Есенов, Уалиев, Бопаев, Жарылғапов, Әділов, Мұқашев, Төлешов, Әнетов, Адаев, Қапаров, Қанашов т.б. көптеген әулет өкілдері еңбек етіп келеді. Соған қарағанда, мұнайшылардың қызметі атадан балаға жалғасатын мирас дерсің...

      Жаңа технологиямен толықты Прорва аймағында жылына 190 млн. текше метр газ өндірілсе, оның қазіргі уақытта 85 миллион текше метрін жағуға рұқсат берілген. Өндірісте жақсы жаңалықтар да бар. Мәселен, 2000-шы жылдан бері кен орнында сораптар алынып, майды ысытып айдайтын пештер пайдалануға берілген. Сол сияқты өндірістегі басқару құрылғылары түгелдей автоматты түрде басқарылады. Досмұхамбетов кен орнында әзірге мұнайды камерасыз радар арқылы мөлшерлейді. Өндірістік бағытта жер қабатын қысыммен жару жұмыстары да жүреді, оны мамандар мұнай қабатындағы суды ығыстыру үшін қажет деп түсіндірді. Жалпы жыл сайын мұндай жұмыстар 10 ұңғымаға қолданылған болса, биыл үшеуіне дайындық жүргізілуде. Сондай- ақ ұңғыма тіптен суланып кеткен жағдайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Айтумыс» ЖШС-нің қолға алуымен Досмұхамбетов кен орнынан Прорва мұнай айдау станциясына дейін 55 шақырым жерге шыны-талшықты құбырлар төселуде. 1993-1994 жылы тартылған темір құбырлар 20 жылда шіріп, тесілген. Сол себепті ескіні жаңарту үшін 50 жылға төзімді пластық мұнай құбыры таңдалып алынған. Бұдан кейін мұнай дайындау және айдау цехында бізді цех басшысының орынбасары Ержан БИСЕКЕНОВ мұнайдың цехтағы 9 қазанға жөнелтілу кестесімен таныстырды. Оның айтуынша, мұнда күніне 2 мың тоннадай мұнай дайындалып, «Қазтрансойл» компаниясының құбырлар желісіне жөнелтіледі. Мұнай құбырларға айдалмастан бұрын оның құрамы анықталып, суы, майы, тұзы, газы айрылып, лабораториялық тексеруден өтеді. Аталмыш цехта барлығы 70 адам еңбек етсе, оның көп бөлігін 20 мен 40 аралығындағы жастар құрайды екен.

      «Медикер» көмекке асығады«Каспий самалы» жатақханасында жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Ал жатақханаға қатарласа орын тепкен «Медикер» медициналық орталығы: стоматология, егу, оқшаулау, қабылдау және жан сақтау бөлмелерінен тұрады. Таңғы 5-те жұмысшыларды қабылдап, толық тексеруден өткізіп, жұмысқа жөнелткеннен, кешкі 7-де қайта қабылдайтын бұл медициналық орталықтың бас дәрігері Әмірәлі ҚАБЫЛБЕКОВ пен көмекші медбике Ботагөз БАҒЫТЖАНОВА жұмысшыларға бар ынтасымен көмек көрсетуге даяр. «Медикердің» қызметімен таныстыра отырып, бас дәрігер бұнда акушер мен тіс дәрігерінің ғана жетіспейтінін тілге тиек етті. Біздің шежіре тарихы бар мұнайлы кен алаңына сапарымыз осылай аяқталды.

       


      Прорва кен орны бойынша ілеспе газ өндірісі ағымдағы 2013 жылы 120,91 млн. текше метрді құраған. Оның өз қажеттілігіне пайдалануы 38,99 млн. текше метр болса, алауларда жағылатыны – 81,92 млн. текше метрді құрайды. Прорва кен орнының ілеспе газын толықтай кәдеге жарату жөніндегі мәселе «ҚазМұнайГаз» АҚ-сы қарауында тұр. Сондай-ақ, осы жылғы жоспарда: С.Нұржанов кен орнында – 2 ұңғыма, Батыс Прорвада – 1 ұңғыма бұрғылау көзделуде.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Атырау – Прорва – Атырау 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___                ______    _  __  
       / ____||   / _ \\      ___    /_   _//  | |/ // 
      / //---`'  | / \ ||    /   ||   -| ||-   | ' //  
      \ \\___    | \_/ ||   | [] ||   _| ||_   | . \\  
       \_____||   \___//     \__ ||  /_____//  |_|\_\\ 
        `----`    `---`       -|_||  `-----`   `-` --` 
                               `-`                     
      
       
      Наверх