27 мая 2017, 12:21
      Қоғам 15.04.2015, 17:22 0 пікір 920 просмотров

      Бойыңда өрлік болмаса өрт сөндіруде оңай емес екен

      Өрт сөндірушілерді шыны керек «кешігіп келеді» деп күстәналап жататынымыз бар. Себебі, «дәл уақытында қызметтеріне кіріспейді» деген сынды сөздер ел арасында жиі айтылады. Мүмкін, олардың жұмысына өзіміздің немқұрайлы қарағандығымыздан болар. Өрт сөндірушілердің қызметтерін, олардың жұмысқа деген жауапкершіліктерін көзбен көріп, көңілге тоқу ниетінде барғанбыз. 


      Сондағы басшылықпен баратындығымыз жайында байланыс орнатқан соң, асай-мүсейімізді арқалап өткен аптада қызметкерлермен тілдескенбіз. Өздерінің қызметтерін таныстыруға білек сыбана кіріскен №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жігіттері алдымен атқарар қызметтерін айтып, жұмыстарының оңай емес екенін тілге тиек етті.

      - Біздің жұмысымыз сырт көзге оңай болып көрінгенімен, шын мәнінде оңайлығы  жоқ. Қай кезде де жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, жігіттеріміздің қайсарлығы мен батылдығы бірінші орында тұруы керек. Бүгінгі таңда бөлімде штат бойынша  бойынша  - 66 бірлік қызмет атқарады. Қазіргі таңда бос лауазым орындары– 12 бірлік болып тұр. Яғни, 12 адамға жұмыс бар деген сөз. Қазіргі уақытта өрт сөндіруші лауазымына 9 адам, жүргізуші лауазымына 10 адам және радиобайланысшы лауазымына 4 адам медициналық сараптамаға жолдамаларын алып өтуде. Ендігі жерде толық құраммен жұмыс жасауымызға мүмкіндік бар, -деді №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы, өртке қарсы қызмет подполковниігі Болатбек Рахметқалиев.

      Біздің шығармашылық топ таңмен таласа барғандықтан өрт сөндуріші жігіттердің ішкі қарым-қатынастарын байқап көрмек ниетте есік алдында болған еді. Сол кезде жұмысқа келген жігіттер бір-бірлеріне сәттілік тілеп, басшыларының саулығын тілеп жатты. Осы орайда олардың бір үйдің балаларындай екеніне көз жеткіздік. Осы салады 15 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан бөлімше командирі Нұржан ҮСЕНОВТЫ сөзге тартып көргенбіз. Ол: - Мен қызметімді 2000 жылы бастағанмын. Алғаш келгенде әрине оңай болмады.

      Бірақ, осы саланы жақсы көргендіктен бүгінгі күнге дейін шыдауға тура келді. Рас бұл салаға қызметке келген жігітттердің көбісі шыдамдылық танытпастан шығып кетіп жатады. Менің ойымша оларға қайсарлық жетіспегендіктен шығар.  15 жылдық тәжірбиемде байқағаным шыдамды, төзімді, патриот болуың керек. Осы қасиеттер бойыңда болмаған жайғдайда бұл салада қызмет етудің керегі шамалы. Себебі, қиындыққа төзе білмесең, ауа-райының қолайсыз кездері болған өрт сөндіру кезінде мықтылық танытып, адамдарды құтқара алмасаң азаматтығың қайсы? Біздегі басты талаптар өрт бола қалған жағдайда алдымен адам өмірін сақтап қалу, сонымен қатар, мемлекеттің құндылықтарын және өртті дер кезінде ауыздықтау болып табылады, - деді.

      Сөйлеген сөзі мен өзінің қайсарлығын көрсете білген кейіпкеріміз өрт сөндіру барысында көптеген істерді тындырғаны үшін марапатталып, өз деңгейінде құрмет көргенін мақтана айтып берді. Сөз ләмінен байқағанымыз жұмысқа деген жанкештілік болмайынша қамал бұзу қиын екенін кейіпкеріміз жеткізді.

      №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде күштермен құралдарды жедел басқару құрамы бар. Бұлар 101-ге түскен хабарлама бойынша қызмет етеді. Мұндағылардан білгеніміздей дабыл түскен уақытта 1 минуттың ішінде бөлімшеден шығып үлгерулері керек екен. Осындай сәтте жолда көптеген кедергілерге тап болатындықтарын айтты. Мәселен, қала ішіндегі автокөліктердің көптігі өрт сөндірушілерге кедергі жасайды екен. Өрт сөндіру машинасы дабыл қағарын іске қосып жолға шыққанда, көлік жүргізушілерінің жол бермейтіндігіне қынжылыстарын жеткізді. «Әр көлік жүргізушісі жол беру керектігін ескерсе екен» - дейді, мұндағылар.

      Сондай-ақ, 15-ші сәуірден бастап, 15-ші мамырға дейін өрт сөндіру гидранттарын қадағалау жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді. Біздің байқағанымыз мұндағы қарауыл басшысы күн сайын жеке құрамға арнайы сабақ өткізеді. Мұндағы мақсаттары өрттің алдын алуға жұмыстандырып, кез-келген тығырықтан шыға білуге үйретеді екен. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 201 өрттің шығу саны тіркеліпті. Дабыл бойынша - 63, гарнизон шегіндегі өрттер – 18, гарнизон шегінен тыс жердегі өрттер – 6,  авариялық-құтқару жұмыстары – 1, өртке жатпайтын жанулар саны – 38 болып тіркеліпті. Биылғы жылдың бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша және жеке құрамның әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында Қызметтің тарапынан бөлім қызметкерлері арасынан лауазымдық міндеттерін тиісті орындаған, сондай-ақ жүктелген функциялар мен міндеттерді уақытылы және сапалы орындағаны үшін  бөлімнің жеке құрамы ақшалай марапатталған.

      - Осының барлығы қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығын оятып,  олардың өз жұмыстарына салғырт қарамауларына мүмкіндік береді, -дейді Болатбек  Рахметқалиев. 

      Өз жұмыстарына жауапкершілікпен қараған өрт сөндіру қызметкерлері алдағы уақытта да адал қызмет ете беретіндіктерін, қандай ма қиыншылықтар кездессе де қайсарлық танытатындықтарын істерімен дәлелдеп келеді. Алдағы күндері өрт болмай, жұмыссыз қалуларына бізде тілектес екенімізді білдіріп, редакциямызға оралдық.


      Асан ҚАСАН,

      Суреттер автордыкі.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __    _  _     ______    ______  
       /_   _//  \ \\/ //  | \| ||  /_   _//  /_____// 
       `-| |,-    \ ` //   |  ' ||   -| ||-   `____ `  
         | ||      | ||    | .  ||   _| ||_   /___//   
         |_||      |_||    |_|\_||  /_____//  `__ `    
         `-`'      `-`'    `-` -`   `-----`   /_//     
                                              `-`      
      
       
      Наверх