28 наурыз 2017, 21:52
      Қоғам 06.04.2015, 16:30 0 пікір 1618 просмотров

      Ынтымақтың ынтасы зор оқушылары озды

      Жуырда «Қазақстан геологі» емдеу пансионаты шығармашылық орталығының ұйымдастырумен Дарынды балалар мектеп-интернатында облыс бойынша «Жүзі басқа – жүрегі бір, Түрі басқа – тілегі бір» атты этнографиялық-фольклорлық фестиваль өтті. Аты айтып тұрғанындай, фестиваль Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына арналды.


      - Фестивальдің мақсаты – халықтар достығын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Сонымен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, саяси-құқықтық мәдениетін де қалыптастыру. Және ең бастысы - Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілін және салт-дәстүрлерін қайта түлету, дамыту болып табылады, - дейді «Қазақстан геологі» емдеу пансионаты шығармашылық орталығының жетекшісі Баян ҚАБЫЛОВА.

      Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдымен аталған фестивальге қатысу үшін аудандар және қала мектептерінде мектепішілік іріктеу сайыстары өткізілген. Ал, облыс орталығындағы ақтық сынға өз ауданында мықты деп танылған, яғни онда әр сыныптың «ең жүйрік, ең мықты» деген оқушылары іріктелген 1 команда ғана қатысты.

      Шараның негізгі қорытындысына келер болсақ, әр топ өз таңдауы бойынша, өздері ұлттық киімін киген ұлттың этнофольклорлық көрінісін көрсетті. Мұнда әр топ өздері бейнелеген ұлттың Қазақстанға келу тарихы, салт-дәстүрі, әні, ұлттық ойындары, ұлттық киімі, тағамын ұсыну арқылы, бақтарын сынап бақты. Осылайша мықтылардың ішінен дараланып, Индер ауданының Ынтымақ ауылынан қатысқан «Гребенщик орта мектебінің» командасы І орынды жеңіп алды. ІІ орынды Қызылқоға ауданынан және Махамбет ауданынан қатысқан Чкалов атындағы орта мектептің командалары бөлісті. Ал ІІІ орынды Құрманғазы ауданының Ф. Энгельс атындағы орта мектеп тобы иеленді.

      - Байқау бізге өте ұнады. Байқауға қатысарда апайларымызбен бірге күні-түні дайындалдық. Бізді жарысқа дайындаған және осындай шараны ұйымдастырған апайлар мен ағайларға алғысымыз шексіз, - дейді жүзі бал-бұл жанған «Гребенщик орта мектебінің» 4-ші сынып оқушысы Мариям ДИДАРҚЫЗЫ.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   _    _                ___     _    _   
       /_____// | || | ||     ___     / _ \\  | \  / || 
       `____ `  | || | ||    /   ||  | / \ || |  \/  || 
       /___//   | \\_/ ||   | [] ||  | \_/ || | .  . || 
       `__ `     \____//     \__ ||   \___//  |_|\/|_|| 
       /_//       `---`       -|_||   `---`   `-`  `-`  
       `-`                     `-`                      
      
       
      Наверх