27 наурыз 2017, 18:44
      Аймақ 04.03.2015, 17:11 0 пікір 986 просмотров

      Баспана кезекпен беріледі

      Мұнайлы өңірдің бас қатырар мәселесі - баспана жайы. Қай кезеңде болмасын, түйіні тарқатылмастан келеді. Әрине, бұл өмір заңдылығы ғой. Қала тұрғындарын толғандырған осындай толғақты мәселе тағы да алдымыздан шықты. Мұны біз жақында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына жазылған тұрғындардың партияның Атырау қалалық филиалының төрағасы, Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВҚА білдірген өтініш-пікірлерінен анық байқадық. 


      Қабылдауда әкімнің алдына келгендердің бірқатары пәтер мәселесімен келген болса, енді бірі жоғары білімі бар баласына жұмыс сұрай келді. Ал жеке кәсіпкерлер болса, қала аумағынан кәсіпкерлік үшін жер телімін сұрай келіпті. Біз өз тарапымыздан қала әкімінің қабылдауында болған тұрғындардың кейбірінің ғана мәселесін және әкімшілік тарапынан тұрғындар мәселесі қаншалықты шешілетінін оқырман назарына ұсындық.

      Келушілердің алды болып қала әкіміне кірген «Күміс алқа» иегері, зейнеткер ДИНА ДҮЙСЕШОВАНЫ отбасында 16 адам тұратын пәтерінің тарлығы қинапты. 2001 жылдың шілде айында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары тізіміне жатқызылып, үй кезегіне тұрған ол, әкімге үй кезегін алға жылжытуды өтінді. Осыған қатысты тұрғын үй секторының меңгерушісі Марта НҰРҒАЛИЕВА, құжаттарды тексеру кезінде «Күміс алқа» иегерінің одан бөлек қала аумағында ескі үйі бары анықталғанын әкімнің назарына салды. Ал қала әкімі Нұрлыбек Ожаев, кезексіз ешкімге үй берілмейтінін тұрғынға ескерте отырып, қоғамдық қабылдауға қатысқан комиссия мүшелеріне бұл жағдайды жіті анықтауды тапсырды.

       «Нұрсая» ықшам ауданының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі Айбарша ТАНАЕВА қала әкімінен ұлына жұмыс сұрады. Айтуынша, 2012 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша, 2014 жылы Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-ды Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған оның ұлын әлі күнге дейін еш жерде жұмысқа алмайтын көрінеді. Ал мамандығы «жоғары» болғандықтан, анасы оны жұмыс табылғанша уақытша болса да, қарапайым жұмысқа орналасуын «қор» санайды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы ХАБИЕВА, Айбаршаның ұлын жұмысқа қабылдау жөнінде қаладағы бірнеше шетелдік компанияларға сұраныс жібергенін, бүгінгі күні жауабын күтіп отырғанын мәлімдеді. Қала әкімі аталған азаматшаның ұлын заңгер мамандығына жұмысқа тұрғызу мақсатында Қалалық білім бөлімі және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және т.б. мекемелерге жолдамамен жіберетінін айтты. Егер сынақтан өтіп, білімін дәлелдесе, еңбек өтілінсіз жұмысқа алынатын болады.

       2001 жылы халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар тобына жатқызылған Қойсын АЖҒАЛИЕВА аумағы 12 шаршы метрлік 1 бөлмелі жатақханада 14 жылдан астам уақыт екі баласымен тұрып келеді. Бүгінгі күнгі кезек саны - 51. Қала әкімі бұл тұрғынға «қоныс тойын» тойлайтын күн жақын екенін қуанышпен жеткізді.

       Ал СМП-163 мекен-жайының тұрғыны, көп балалы ана Жамал ТУҒАНБЕКОВАНЫҢ пәтері 2012 жылы апатты үйлер тізіміне тіркелген екен, бүгінгі күні кезек саны - 152. Алайда, қала әкімі мұндай апатты жағдайда қала бойынша 220 үй бар екенін және үй кезегіне тұрғандарға баспана тек кезекпен ғана берілетінін, яғни салынған баспананы беру - еліміздің тұрғын үй қатынастары туралы заңдылық аясында шешілетінін қадап айтты.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      сурет автордыкі.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _    _    _    __   _      ___     _____    
       | \| || | || | || | || | ||   / _ \\  |  __ \\  
       |  ' || | || | || | '--' ||  | / \ || | |  \ || 
       | .  || | \\_/ || | .--. ||  | \_/ || | |__/ || 
       |_|\_||  \____//  |_|| |_||   \___//  |_____//  
       `-` -`    `---`   `-`  `-`    `---`    -----`   
                                                       
      
       
      Наверх