24 тамыз 2017, 11:00
      Қоғам 28.01.2015, 18:30 0 пікір 1325 просмотров

      «Сұңқылдақ аққу» мен «Бәйшешек» монеталары сатылымда

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өткен жылдың 19 желтоқсаннан бастап «Жоғалып бара жатқан жəне сирек кездесетін жануарлар түрлері» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік «Сұңқылдақ аққу» және «Қазақстанның флора мен фаунасы» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік «Бәйшешек» күміс монеталары айналымға шығарған болатын. Монеталардың сату бағасы коллекциялық құнымен белгіленген. Ұлттық Банкі Атырау филиалының жетекші маман – экономисі Бибігүл Кенжебекованың айтуынша, «Сұңқылдақ аққу» ескерткіш монетасының сырт жағында (реверсінде) су айдыны мен жағалаудағы тоғай аясында сұңқылдақ аққудың алтындатылған бейнесі орналасқан. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, пішіні 38,61 х 28,81 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 13 мың дана. Ал, «Бәйшешек» ескерткіш монетасының сырт жағында (реверсінде) бәйшешек гүлдерінен жасалған композиция бейнеленген. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, пішіні 38,61 х 28,81 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

      Жетекші маман аталған монеталарды Ұлттық Банкі Атырау филиалынан сатып алуға болатынын нумизматтар қаперіне береді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____     ______   __   __  __    __  
       /_____//  |  ___||  /_____//  \ \\/ // \ \\ / // 
       `____ `   | ||__    `____ `    \ ` //   \ \/ //  
       /___//    | ||__    /___//      | ||     \  //   
       `__ `     |_____||  `__ `       |_||      \//    
       /_//      `-----`   /_//        `-`'       `     
       `-`                 `-`                          
      
       
      Наверх