27 шілде 2017, 20:34
      Қоғам 28.01.2015, 16:31 1 пікір 1570 просмотров

      Асырап алу ермек емес, ардың ісі

      Бала асырап алу бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, соңғы кезде қаракөз қазақтың балаларын шет ел азаматтары асырап алуға қатысты қоғамда екіұдай пікірлер айтылуда. Жалпы, осы бағыттағы заңдылықты қадағалау қалай жүзеге асуда?


      Статистикалық мәліметтерге сай, Атырауда бала асырауға қатысты қала бойынша 2013 жылы 114, ал былтыр 132 азаматтық іс қаралыпты. Бұл туралы қала прокурорының көмекшісі Гаухар МҰХАМБЕТАЛИЕВА әңгімеледі.  

      - Жалпы, заңдарға назар аударсақ, «Бала құқығы туралы» Конвенция бала құқығының, мүддесінің басты назарда болуын нақтылап, бекіткен.

      «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңының 28-бабына сәйкес, отбасында өсiріп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала ҚР заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкін деп көзделген. Оның ішінде бала асырап алуға байланысты тарау бағышталған ҚР-ның «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексі 2012 жылдың 17 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. ҚР Үкіметімен 2012 жылғы 30 наурызындағы №380 қаулысында бала асырап алу тәртібі қабылданды,- дейді Мұхамбеталиева ханым.

      Енді бала асырап алу кезінде туындаған кейбір мәселелерді мысал етіп келтіріп отырмыз. Бұндағы ойымыз, баланы асырап алуға ниет білдіргендердің ардың ісіне адалдық танытуымен қатар, заң талаптарын да, қоғам тілегін де жадыдан шығармай, бала асырап алу ермек емес, жауапкершілігі жоғары іс екенін қаперге беру. Ескерте кететін жайт, осы мысалдарда келтірілетін есімдердің барлығы да өзгертіліп алынды. Сонымен, нақты мысалдарға көшелік...

      Гаухар Мұхамбеталиеваның айтуынша, бала асырап алудың күшін жою жөнінде өткен жылы 1  (2013 жылы -5) азаматтық іс қаралып, нәтижесімен 1 (4) қанағаттандырылып, (1) қанағаттандырусыз қалдырылған.  Атап айтқанда, талап қоюшы А.Қолдашева жауапкерлер М.Төленов, С.Төленова, Е.Төленовтерге 03.05.2009 жылы туылған Төленова Мадина Ерсайынқызын асырап алудың күшін жою жөнінде азаматтық іс қаралыпты. Анасы А.Қолдашеваның мекен-жайын анықтап, белгілеуді, әкесінің атын Ерсайынқызы Мадина Төленова деп өзгерту туралы арызын сотқа тапсырған.

      - ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 282-бабына сай, Осы Кодексті қолдану тәртібі көзделген, яғни, осы баптың 2-тармағын қоспағанда, қолданысқа енгізілгенінен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Сотта анықталғандай, 03.05.2009 жылы туған М.Төленовадан бас тарту, М.Төленов пен С.Төленованың асырап алуына келісім беру туралы арыз және баланы  Алматы қаласынан Атырау қаласына, одан кері алып кету туралы сенімхат құжаты баланың әкесі Төленов Ерсайын Муратович пен анасы Қолдашева Айгерім Рахиқызымен берілгені туралы 10.05.2009 жылғы нотариус А.Альменовамен куәландырылған. Осы құжаттардың негізінде, Атырау облысы, Жылыой аудандық сотының шешімімен 03.05.2009 жылы туған М.Төленованы асырап алушылар М.Төленов пен С.Төленованың асырауына берілу туралы арыз қанағаттандырылған, Төленова Мадина Ерсайынқызы қызы етіп асырап алынуға беріліп, құжаттар жасақталған. Нәтижесінде туу туралы жазбаға өзгеріс енгізіліп, тегі Мұратқызы деп, ата-анасы ретінде Төленов Мұрат Темирханович, Төленова Сауле деп өзгертіліп, аты, туған жылы, айы күні сол күйі өзгеріссіз қалдырылып, 22.07.2009 жылы туу туралы куәлік берілген.

      Аталған Заңның 98 бабында сот бала асырап алудың күшін жойған кезде, егер бұл баланың мүдделері үшін қажет болса, асырап алынған баланың, және бала асырап алушылардың, туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі, - дейді қала прокурорының көмекшісі.

      Оның айтуынша, бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі  бойын-ша ата-аналарына беріледі. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның мүдделеріне қайшы келсе, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына  беріледі. Осы орайда кәмелетке толмаған 03.05.2009 жылы туған М.Төленованың анасы А.Қолдашеваның тәрбиесінде болуы, соның мекен-жайы бойынша тұрғылықты жері анықталуы баланың мүддесіне қайшы келетіні, А.Қолдашеваның баламен бірге тұруға болмайтын жат мінездері, теріс қылықтары бар екені туралы дәлелдеме сотқа тапсырылмаған, басқа мән-жайлармен дәлелденбеген. Соттың 20.01.2014 жылғы шешімімен кәмелетке толмаған Төленова Мадинаның тұрғылықты мекен жайы анасы А.Қолдашеваның мекен-жайы Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы 4 «а» мөлтек ауданы 56 үй бойынша белгіленіпті. Яғни, аталған сот шешімі жауапкерлердің шағымы негізінде апелляциялық алқада қаралып, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған көрінеді.

      Қала прокурор көмекшісі Гаухар Мухамбеталиеваның мәлімдеуінше, бала асырап алу туралы өткен жылы 132 (2013 жылы -114) азаматтық іс қаралып,  оның ішінде 130 (114) іс қанағаттандырылып 2-уі (0) қанағаттандырусыз қалдырылған.  Осы мерзім ішінде сотқа шетел азаматтарынан бала асырап алу туралы 1 арыз сотқа түскен. Атап айтқанда, Э.Тоуман 15.03.2004 жылы туған Г. А. Кекбусинованы асырап алу туралы талап арыз тапсырыпты. Талап арызда Э.Тоуман 28.08.2012 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматшасы Г. Ж. Мауленовамен заңды некеде тұратындығын, некеден балалары жоқ екендігін және бала асырап алу үшін барлық керек құжаттарды жинақтағаннын көрсетіпті. Сотқа шақыртылған Г.Кекбусинованың биологиялық әкесі А. Кекбусинов өзінің қызын Ұлибритания азаматы Э.Тоуманның асырап алуына қарсы екендігін айтып, сотқа ол туралы нотариалды куәландырылған арызын тапсырып, бұған дейін 13.03.2014 жылы баладан бас тарту туралы арызының күшін жоюды сұраған. ҚР-ның «Неке (Ерлі зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің 93-ші бабының 2 бөлігінде, бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы екендігі көрсетілген. Осы негізде, 09.06.2014 жылғы соттың шешімімен Э.Тоуманның бала асырап алу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған көрінеді. Сондай-ақ, Э.Тоуманмен аталған сот шешіміне апелляциялық шағым беріліп, апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

      Яғни, прокуратура органдарымен бала асырап алу жағдайлары, әсіресе, баланы шет ел азаматтарымен асырап алу жағдайлары қатаң бақылауда қала береді. Өйткені, бала асырап алу ұлт болашағының, мемлекет келешегінің негізін құрайтын өскелең ұрпақтың өмірімен тығыз байланысты. Қала берді, бұл - әр асырап алушының ар ісі. Бұған сондықтан селқос, немқұрайды қарауға болмайды. Ал, прокуратура өз тарапынан бала асырап алуға байланысты заңдар, ережелер және қаулылардың тәртіптерін сақталуын қатаң қадағалайды.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

        • JackieHaxIZ
        • 21.04.2017

        Choose payment method: Bank wire, WesternUnion, MoneyGram, Google Wallet, Webmoney.
        88TB File Storage 0day 1990-2017.
        Overal server's speed: 1 GB/s.
        http://mp3dj.eu

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___     _____     _    _      _____  
      |      \\   / _ \\  |  __ \\  | || | ||   / ___// 
      |  --  //  | / \ || | |  \ || | || | ||   \___ \\ 
      |  --  \\  | \_/ || | |__/ || | \\_/ ||   /    // 
      |______//   \___//  |_____//   \____//   /____//  
      `------`    `---`    -----`     `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх