24 шілде 2017, 20:52
      Аймақ 23.01.2015, 16:29 0 пікір 1116 просмотров

      Көктемге жол, Аспаға газ керек!

      Кеше Қайыршақты ауылдық округі әкімі Шапхат Қалиев қала әкімі мен тұрғындар алдында өткен жылды қорытындылап, алда атқарылуға тиісті жұмыстармен таныстырды.


      Ауылдық округ әкімі жасаған баяндамадан өткен жылы біраз істердің атқарылғандығын білдік. Дегенмен, шешімін күткен шаруалар да жетерлік. Мәселен, көшелерді жарықтандыру жайы әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Сондай-ақ ішкі жолдарды жақсарту мәселесі де тұрғындарды алаңдатып отыр. Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Көктем тұрғын үй алабындағы келеңсіздіктер туралы біз осыған дейін талай жазғанбыз. Есеп беру жиынында да осы олқылықтар сөз болды. Еске салар болсақ, Көктем тұрғын үй алабының жолы жайсыз. Балшықты күндері қаламен қатынау қиындық туғызады. Жаяу адам түгілі, көлікпен жүру мүмкін емес. Көктемнің өзінде балабақша не мектеп болмағандықтан көпшілік балаларын қаладағы мектеппен балабақшаларға тасиды. Ал жауынды күндері қаламен қатынау мұң болып отыр. Осы мәселенің қашан шешімін табатындығын білгісі келген тұрғындарға, қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ жағдаймен таныс екендігін, барлық мәселелердің бірден емес, біртіндеп шешілетіндігін айтты.

      Ал Аспа ауылы туралы айтар болсақ, онда көгілдір отын жүргізілмеген. Аспалықтардың бар арманы, көгілдір отын тұтынып, оның жақсылығын көру. Олар әлі күнге дейін көмір түсіріп, ағаш жағып күн кешуде.

      Олқылықтар міне, осындай. Тұрғындардың талап-тілегін мұқият тыңдаған қала басшысы алдағы жылы атқарылатын жұмыстар жайында айтып өтті. Оның айтуынша, биыл Қайыршақты ауылдық округінде мәдениет үйінің құрылысы басталады. Сондай-ақ батыр есімімен аталатын, көптеп бері жөндеу көрмеген Қ.Смағұлов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. 9,3 шақырым көше жарықтандырылатын болады. Қазіргі кезде жобалық-сметалық жоспары жасақталу үстінде. Бұған қоса су жүйелерін, көгілдір отын тарту жұмыстары да жалғасатын болады. 


      Арай НҰҒЫМАНОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      _____     _____     ______  
      | \  / ||   / _ \\   / ____||  |  ___||  /_____// 
      |  \/  ||  / //\ \\ / //---`'  | ||__    `____ `  
      | .  . || |  ___  ||\ \\___    | ||__    /___//   
      |_|\/|_|| |_||  |_|| \_____||  |_____||  `__ `    
      `-`  `-`  `-`   `-`   `----`   `-----`   /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх