17 тамыз 2017, 21:22
      Қоғам 21.01.2015, 17:45 0 пікір 1374 просмотров

      Кәсіпкерлер алдын ала 100 пайыз төлемақы төлемейді

      Жергілікті кәсіпкерлердің электр энергиясы үшін 100 пайыз алдын ала төлемақы төлеу тәртібін республи-када бірінші болып Атырау облысы алып тастаған болатын. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта Атырау өңірінде отандық кәсіпкерлердің толыққанды жұмыс істеуіне, олардың құқығын қорғау мәселесі төңірегінде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ол жұмыстар, әрине, Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының пәрменімен жүзеге асуда. 


      Жуырда өткен  Кәсіпкерлер Палатасы өңірлік кеңесінің отырысында өткен жыл жұмыстары қорытындыланып, жаңа жос-парлар айқындалды. Белгілі болғандай, өткен жылы аймақтағы кәсіпкерлік саласына қатысты 8 мәжіліс өтіп, 24 мәселе шешімін тауыпты. Олардың ішінде индустриалды аймақты және өнеркәсіптік алаңды өрістету, қазақстандық үлесті дамыту, инвестиция тарту, мемлекеттік жеке серіктестік бағытындағы жобалар мен кластерлік даму бойынша ұсыныс беру сияқты маңызды істер атқарылған.  

      Жиында Атырау облыстық Кәсіпкерлер Палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы Абай ЖҰМАҒҰЛОВ:

      -Бүгінде біз  маңызды бағыттарда жұмыстанып жатырмыз.  Бұл аймақтық үйлестіру кеңесі,  облыс әкімінің жанындағы сараптамалық кеңес,  қалақұрылыс және жер  туралы кеңес, квота жөніндегі рұқсат беру кеңестерінің мүшелігіне  өңірлік кеңес пен  кәсіпкерлік палатасының  мүшелерін енгізу үшін  келіссөздер жүргізуде. Сондай ақ, олардың қатарында мемлекеттік сатып алу,  қазақстандық  үлес,  мемлекеттік бағдарламаға  сараптама жүргізу, аймақтық  картаны дамыту, қаржы ресурстарының қолжетімділігі мен ішкі экономикалық әрекетті дамытуда басым  бағыттарда жұмыстар жасау бар, - деп атап көрсетті. Айта кету керек,  Қазақстандық үлесті дамыту аясындағы өңірлік кеңес Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Теңізшевройл» ЖШС-мен табиғатты пайдаланушылардың  жұмысы мен қызметіне шағын және орта бизнесті жұмылдыруға  келіссөздер жүргізген екен. Нәтижесінде бірқатар жобалар жүзеге асырылған. Алайда, шешілмей тұрған мәселелер де жоқ емес. Аймақтық кеңес төрағасының мәлімдеуінше, қазір облыста арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері «Ұлттық индустриалды мұнай химиялық технопаркі» пайдаланылмай отыр. Ал, бұл мәселе арнайы экономикалық аймаққа инфрақұрылымның құрылысын салып,  заң аясындағы өзгертулерге сай қосымша компанияларға жеңілдік бергенде ғана шешімін таппақ.  

      Жалпы, облыстық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесінде жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Енді осы жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашу көзделуде.  Онда  кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік жауапты сала мамандары кеңес беретін болады. Аталған орталық бөлімшелерін аудандарда ашу жоспарланған. Мамандардың пікірінше, осы орталықтар жұмысы арқылы  жеке кәсіп иелері уақыты мен  қаржысын айтарлықтай үнемдейтін болады. Өткен жыл ішінде Кәсіпкерлік палатасына құқықтық бағытта көмек сұрап келгендер аз болмапты. Атап айтқанда, құқы аяқ асты болған 120-дан астам кәсіпкердің 63 пайызының мәселесі оңынан шешіліп, 30 пайызына кеңес беріліпті. Жүргізілген мониторинг бойынша олар жер қатынастары, қалақұрылыс, сәулет, салық және кеден саласына қатысты сауалдармен жүгінген. Реті келгенде Палата қызметкерлері Байшонас елді мекенінен қалаға көшірілген кәсіпкерлерге де қол ұзын созды. Болашағы жоқ деп саналған  ауыл халқы түгелдей қалаға көшірілгенде бірнеше кәсіпкердің құқы қорғалмай қалуы себепті, олар екі жыл бойы құзырлы орындарға шағымданған екен. Алайда еш нәтиже шықпағандықтан, Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған. Сот орындарына жүгінген Палата қызметкерлері олардың құқы қорғалып, өтемақыларының төленуіне мұрындық болды. Бұл келтірілген бір-екі мысал ғана. Ал, Палата көмегімен түйінді мәселесін шешіп, шаруасын дөңгелетіп, жемісті еңбек етіп жатқандары қаншама?!

      Өңірлік кеңес отырысында Атырау облыстық Кәсіпкерлер Палатасы аймақтық Кеңесінің директоры Асылбек ЖӘКИЕВ кәсіпкерлерден түсетін өтініштер жөнінде резонанс тудырып отырған мәселелерде қылмыстық іс, миллиондап төленбей қалған салық және өтемақы мен айыппұлдар барын айтты.

      - Сондай-ақ, біз республика бойынша электр энергиясы үшін 100 пайыз алдын ала төлемді алып тастаған аймақпыз. Бүгінде атыраулық кәсіпкерлерді жер бөлімі мен монополист мекемелердің жұмысына байланысты сұрақтар көп толғандырады.  Осы бағытта біздер  жүйелі жұмыстарды қолға алдық, - деді.

      Өңірлік кеңес отырысында алдағы жоспарлар жайында айтылып, келелі мәселелер көтерілді. Болашақта аймақтың бизнес ахуалын одан әрі дамыту бағытында ұсыныстар берілді. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы  балама секторы тізіміне аудан мен ауыл экономикасын дамытатын «Шағын қала» бағдарламасына ұқсас шағын және орта бизнесті субсидиялап, кепілдендіретін  бағдарлама жасақтау үшін республикалық бюджет есебінен кәсіп иелеріне қажетті  жобалау-сметалық құжаттар жасау қажеттігі баса айтылды. Сонымен қатар, өңірде инфрақұрылымы тартылған бос жерлердің жоқтығы  инвесторларды тартуға қол байлау болып отырғандығы сөз болды. Осыған байланысты өңірлік кеңес  басшылығы қалаға жақын орыналасқан индустриалды аймақтағы Қарабатан  зауытын қаржыландыруды қайта қарауға және жер телімдерінің  кадастарларын онлайн қарауға қазынадан қаржы қаралғанын қалайды. Әрине, бұл жоспарлардың іске асуы алдағы уақыттың еншісінде. Ал,  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  өздерінің басым бағыттары адам капиталын дамыту мен бизнестің қаржы ресурсына қолжетімділігін қамтамасыз ету жолындағы қызметін жалғастыра бермек.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _      ___                _____    ______   
      | || | ||   / _ \\      ___    |  ___|| |      \\ 
      | '--' ||  / //\ \\    /   ||  | ||__   |  --  // 
      | .--. || |  ___  ||  | [] ||  | ||__   |  --  \\ 
      |_|| |_|| |_||  |_||   \__ ||  |_____|| |______// 
      `-`  `-`  `-`   `-`     -|_||  `-----`  `------`  
                               `-`                      
      
       
      Наверх