23 мая 2017, 18:31
      Аймақ 08.01.2015, 16:59 0 пікір 2071 просмотров

      Көлікке арнайы орындық орнату елді алаңдатуда

      Елімізде 2015 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшiне енетiн «Жол қозғалысының» жаңа ережесіне сәйкес, жүргiзушiлер 12 жасқа дейiнгi балаларды тасымалдайтын арнайы құрылғыларды өзiмен бiрге алып жүруі міндеттелгені белгілі. 


      Бірақ, жаңа заңға қалың көпшілік түсінбей дал. Себебі, заң тәртібі бұзылса, жазасы айыппұл болғандықтан, көпшіліктің алаңдайтынындай бар. Салынатын айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш. Оның үстіне бiр жылда үш рет ереже бұзған жүргізушінің Әкiмшiлiк кодекс баптарына сәйкес, 6 айға дейiн жүргiзуші куәлiгiнен айырылатыны тағы бар. Айтылған жай туралы Атырау облыстық ІІД  Әкімшілік полициясы басқармасы бөлімшесінің бастығы  Досай ЖҰПҚАЛИЕВ:

      - Бұл мәселелер бойынша бізге көптеген қала тұрғындарынан, көлік иелерінен сауалдар түсіп жатыр. Бірақ, жаңа Заңға сай балалар алдыңғы орындыққа отырғызылса, ол жерге міндетті түрде креслолар орнатылуы керек, ал артқы орындықтарға арнайы балалар үшін жасалған жұмсақ қауіпсіздік белдіктері болуы тиіс, - дейді.

      Жуырда ҚР Iшкі істер министрлігі өткізген баспасөз мәслихатында Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң басқарма басшысы Қайсар СҰЛТАНБАЕВ жаңа заң туралы:

      - Жалпы, балаларды автокөлiктерде арнайы орындықтар, арнайы бесiк, арнайы қондырғылармен алып жүруге болады. Бүгiнгi күнi арнайы отырғыштар мен қондырғыларға қатысты мәселе жоқ секiлдi, өйткенi мұндай қондырғылар дүкендерде сатылады, - деп жұртшылықтың көңілін бір демдеген еді. Алайда, шын мәніндегі жағдай олай болмай шықты. Ірі қалаларды қайдам, Атырау өңірінде көліктерге арнайы орындықтар орналастыру оңай шаруа болмай тұр. Себебі, қала тұрғыны Абат Есенбаев дүкендерді аралап, ойындағысын таба алмаған. Ашынған ол, «енді кішкентай балаларға креслолар мен белдіктер орнату керек деп жатыр. Ол оңай ма екен? Креслолар қымбат, бағасы 20 мың теңгеден жоғары, ал, қосымша белдіктер сатылымда жоқ. Сонда біз не істеуіміз керек?,- деп мұңын шақты. Расымен де, 20 мыңнан 60 мың теңгеге дейін шарықтап тұрған балалар орындығын сатып алуды кез-келгеннің қалтасы көтере бермейді. Дәл осы қиындықты қаладағы такси қызметі де тартуда. Өйткені, такси жүргізушілері де алдыңғы орында баланы тасымалдайтын арнайы отырғышты, ал, артқы орындарда үш орынға арналған арнайы қондырғыларды өзiмен бiрге жүксалғышында алып жүруi тиiс. Біз хабарласқан «Тұлпар», «Сұңқар» сияқты такси қызметтері көліктерінде арнайы орындық болмаған себепті қызмет көрсетуден бас тартты. Тіпті «Тұлпар» такси қызметінің кезекші диспетчері «біз көліктеріміздің барлығына бірдей орындық орната алмаймыз. Ол жақын арада да орнатылмайды, - деді. Демек, Атырау қаласындағы такси қызметтері кішкентай баласы бар тұтынушыларға әзір қызмет көрсете алмайды деген сөз. Ал, Астана мен Алматы қалалаларындағы такси қызметтері заң күшіне енген күннен бастап-ақ, заң талаптарын орындауға кірісіп кетіпті. Алайда, толықтай емес. Мысалы, Астана қаласында бір ғана такси автопаркінде 60 көлік болса, басшылары тек соның 10-на ғана орындық орнатқан. Мұның себебін олар қызмет көрсетер алдында тұтынушыдан кішкентай баласының бар-жоғын сұрап алып, соған байланысты көлік түрлерін бөлумен түсіндіреді. Сонымен қатар, бұл шара такси құнына өзгеріс әкелмейді екен. Ал, Атырауда қалай болмақ? Бір анығы - арнайы орындықтар орнатуға қауқарсыз такси қызметтері қызмет құнын көтермесіне ешкім кепілдік бере алмайды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____              _    _    _    _   
       /_   _//  |  ___||   ____    | || | || | \  / || 
         | ||    | ||__    |    \\  | || | || |  \/  || 
        _| ||    | ||__    | [] ||  | \\_/ || | .  . || 
       /__//     |_____||  |  __//   \____//  |_|\/|_|| 
       `--`      `-----`   |_|`-`     `---`   `-`  `-`  
                           `-`                          
      
       
      Наверх