22 шілде 2017, 22:45
      Аймақ 08.01.2015, 16:45 140 пікір 15359 просмотров

      Білім ордасынан шыққан айқай

      Шәкірт тәрбиелеп отырған тағы бір білім ошағынан шу шықты. Мектеп ұжымы өздерiнiң мектеп директорына қарсы шығып, онымен бiрге әрі қарай жұмыс iстеу мүмкiн еместiгiн айтып, жан айқайға басты. Мақтауға тұрарлық iс емес, әрине. Алайда, «мектеп басшысынан қыспақ көрдік» деген ұстаздар енді үнсіз қалуды жөн көрмей отыр. Мәселенің мәнісі мынада...


       

      Шәкірт тәрбиелеп отырғандардың көңіліне кірбің түсірген басшы - өткен жылдың 23 қыркүйегінде Атырау қаласындағы №4 «Ю. А. Гагарин атындағы орта мектепке» басшы болып тағайындалған Дина Қабдолқызы болыпты. Ұстаздар қауымы жаңа басшыларының төмендегідей іс – әрекеттеріне үйренісе алмай әлек.

      «БІЗДІ АЛАСТАТАТЫНДАЙ ЖЫН ЕМЕСПІЗ ҒОЙ!»

      - Тарихта болмаған жағдай болды. Қашанғы басымызды изей бермекпіз? Әрине, ешкімге жала жабудан аулақпыз. Жасыратыны жоқ, Дина Қабдолқызы басшылыққа келгенде бәріміз қуана қарсы алдық. Алайда, қазақта аталы сөз бар «Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар» деген. Ол келді де, ұжымда бастауыш сынып мұғалімі болып жасайтын сіңілісі Баршагүл Стамғалиеваға 2-ші сыныпқа қатар жетекшілік ету мүмкіндігін берді. Оған қолайлы жағдай туғызу мақсатында басқа мұғалім Аида Қуанышеваны сыныбымен қоса басқа кезеңге ауысуын мәжбүрледі. Одан қалса, мектепке курстастарын әкеліп орналастырды.

      «Үйінде үш зейнеткері бар, қызын 650 мың теңгеге оқытып отыр» деп, сіңлісі Баршагүлге көмек ақша жинап беруді сұрап, ешқандай көмек болмағасын, мұғалімдерге қатты-қатты сөздер айтты. Одан басқа несиесін төлей алмай, көп баласымен тентіреп немесе асыраушысыз жүрген мұғалімдер де ешкімнен көмек сұрамай күнін көруде.

      Біз осы мектепте отыз жылдай еңбек етіп келеміз. Енді келіп, біз шығарған есепті дұрыс емеске шығарды. Ақыр соңында есептің қайта дұрыстығын өзі дәлелдей алмады. Этиканы білмейді. Бізге оқу ісінің меңгерушісі келеді де, «Сабақтарыңа директор қатысады. Директордың көңілінен шықпасаңдар, мектептен аластатады дейді. Аластаса, жыннан ғана аластайды. Аластататындай біз жынбыз ба, періміз бе? Бұл бізге, мұғалімдерге көрсетіліп отырған қыспақ деп түсінеміз, - дейді бастауыш сынып мұғалімі Нұрсұлу ТАСТУРОВА.

      Мұғалімдердің айтуынша, өткен жылдың оқу жылының басында дайындалған тарификация жаңа басшының шешімімен бұзылып, қайта жасақталған көрінеді. Осының әсерінен зейнеткерлік жасқа 3 жыл қалған кітапханашы Айжекен Құспанова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Өміржан Есенғалиев, дайындық тобының жетекшісі Мағура Наубетжановалар өздерінің ұжымдағы орнын білмей жүргенге ұқсайды. Мәселен, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Өміржан ЕСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, өткен жылдың оқу жылының басында аталған мектепке денешынықтыру пәні мұғалімі болып орналасқан оны жаңадан жұмысқа келген мектеп директоры шақырып алып, «Тарифтен алып тасталындың, қол қой» дегенді айтқан. Бұдан кейін Өміржан қалалық білім бөліміне дейін арызданып, ақырында осы күнге дейін разряды төмен, еден жуушының жалақысымен бірдей жалақы алып келгендігі анықталған. Яғни, Еңбек инспекциясынан келген шешім хатта қазіргі директордың заң бұзушылығы жөнінде, Өміржанның бұған дейінгі тиісті жалақысын өндіріп алуға шешім келген.

      «СЕЗОДАҒЫДАЙ КҮНДЕР КЕШІП...»

      - Меніңше, жалпы педагог балалармен немесе сабақ кезінде басқа педагогтармен араласып, бірлесіп жұмыс жасауы керек. Бірақ біздің басқарушы педагог менің қай уақытта киінгенімді, кабинетке нешеде кіргенімді, журналды қай уақытта алғанымды бәрін үнемі бағып жүреді. Осының кесірінен мен жұмысымда еркін жүре алмаймын. Неге мен білім ошағында жүріп, «СИЗОда» жүргендей күн кешуім керек? Осы мені бәрінен бұрын алаңдатады, - дейді «Информатика және математика» пәнінің мұғалімі Файзура АЙТЖАНОВА.

      Осы мектепте 20 жылдан астам оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған Баршагүл апайдың да айтары бар:

      - Дина Қабдолқызы мектепке басшы болып келгенде қатты қуанған едік. Өйткені, жоғары лауазымды қызметте болған адам, жақсы мен жаманды айырады ғой деп сенгенбіз. Ол келе салысымен, үш жылдық жұмысымызды тексерді. Басшы емес, тексеруші ретінде келгендей. Алғашқыда мен ол кісіге қолымыздан келгенше көмек көрсететіндігімді айтқан болатынмын. Кейін тіпті күнтізбе, үйірме жоспардың бәрін жинап алды. Ұжымға жүрегім ауырады, жаным ашиды. Бір директордың соңынан бір директордың келгені бізге де жақсы емес. Ол ұжымның беделі үшін де жаман,  - дейді ол.

      «ҰЖЫМНЫҢ САУАБЫ БАР»

      - Маған информатика пәні мұғалімі болып жүргенімде, өткен жылдың басында берілген  пән кабинетінің жарты күндік лаборанттық  жүктемесін мәжбүрлеп, «Өз еркіммен бердім» деп арыз жаздырып, қайтарып алды. «Егер келіспесең менің қағаздарымның бәрін компьютермен басып бересің, таңертеңнен кешке дейін мектепте жүресің» деген талабынан кейін менің келісуіме тура келді,- деп Жазира есімді жас маман мұңын айтса, - Біздер қарнымыз ашқаннан емес, қадіріміздің қашқанынан жылаймыз. Сабақ өткізіп тұрғанда, ту сыртыңнан біреу бақылап тұрғанда, бойыңнан мұздай су құйғандай болады екен. Оны бірнеше рет байқадық. Мұғалімнің сабағына кіргенде де, оқушылардың алдында мұғалімнің беделін түсіруге болмайды ғой. Ұжымның обал сауабы бар, - деп қалғандары шуласып кетті.

      Жағдайын айтып шырылдағандар «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалына және қалалық прокуратураға арыз түсірген. «Енді күндегісін-күнде арыз жазған мұғалімдерді директор шақырып алып, оларды арызды қайтарып алуға үгіттеп отыр. Бізді әурелеп, жұмыс жасатпай отыр» деген шәкірт тәрбиелеушілердің сөзінен кейін біз «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалына хат жолдаған болатынбыз. Хатымызға орай, партиядан келген хатта мектеп ұжымы жазған арыз бойынша, арнайы құрылған комиссия аталған мектепке барып, ұжыммен кездесіп, арызда көрсетілген жағдайлар бойынша ұстаздардың ой-пікірін тыңдағанын және қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатырғандығын хабарлады. 

      Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бектеміров жақын арада ұстаздар шағымына орай біздің редакциямызға арыздың жауабы берілетіндігіне уәдесін берді. 


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, сурет автордыкі

      Пікірлер

        • Манар
        • 09.01.2015

        Мен таңғалып отырмын, мынаның бәрі рас па екен? Нұр Отан неге шара қолданбай отыр?

        • Мұрат
        • 09.01.2015

        мектеп басшысының өзі осындай болса,балаларымызды "заңға түкірдім" дейтіндер тәрбиелеп жатыр десейші..

        • Родительница
        • 09.01.2015

        Такому директору не место в школе!!! Куда смотрят выше стоящие органы т.е гороно или они все в одной упряжке с директором? У меня сын учится в этой школе. Я довольна работой всех учителей!!! Мои старшие дети получили очень хорошие знания!!!

        • Выпускница 91
        • 09.01.2015

        Учителя данной школы очень грамотные и доброжелательные! Я согласна с родительницей!

        • түлектер 2000
        • 09.01.2015

        Нұр Отан әділдік қайда! Бұл директор неге мұғалімдерді қорлайды?

        • Гулнара
        • 09.01.2015

        Мына кісі Департ емес пе еді Мектебімізді тексеруге келген ((((((((( Неге томендеп кеткен №4қасқыр гой Жаным ашиды

        • Гүлім
        • 09.01.2015

        мұндай адам қалай басшы болып отыр түсінбеймін? Мұғалімнің жан айқайына Нұр отан әділ шешім таппаса әділдіктің өлгені........

        • ЕРДОС
        • 09.01.2015

        ЖАҚСЫ ЖАЗҒАН ЕКЕН ҰЖЫМ ҰЙЫМШЫЛ БОЛЫП ТҰР ҒОЙ 78 МҰҒАЛІМ КОЛ ҚОЙДЫ ДЕГЕН РАС ПА

        • Тілекші
        • 09.01.2015

        Гүлнара,дұрыс айтасың!Департаментте жасағасын ғой,әлі мұғалімдерді қалай илесе де болады деген көзқарастан арылмай жүргені.Жоғары жақтың бәрі Мәке,Сәкеден аспай отырса қоғамымыз қайдан оңсын?Олар өздерінің балаларының болашағы күл болмаса,бүл болсын дейтіндер деп санаймын.Себебі Мынау сияқты директорларды тағайындаған адамдардың ия балалары жоқ қубас,ия балаларына жаны ашымайтын Тасжүрек!

        • Сауле
        • 09.01.2015

        Басшыға айтарым. Бұл істі аяқсыз қалдырма. Бұл мектепте мұғалім емес клең базарда тұратын адамдар жұмыс жасайтын сияқты.Балаларымызды осы мектепке оқытуға беруге қорқамыз. Олар балаға білім берудің орнына , басшымен алысады.Себебі жұмыс жасағысы келмйтін адамдардың ісі.

        • Сұлушаш
        • 14.01.2015

        Бұл дұрыс айтылған сөз, Сіздің сөзіңізді қолдаймын. Бұл мәселені тек жоғары жақ шешеді. Бұл мақаладан кейін Мен сол мектеп мұғалімдерінің санасының төмендігін байқадым.

        • Райса
        • 09.01.2015

        Осыны ұйымдастырып жүрген адамдарды қатаң жауаптау керек. Дина Қабдолқызын ел біледі адал адам .

        • Армангул
        • 09.01.2015

        Өткен жылы осы мектеп менің қызымның сүйікті апайы Газизулина МИра деген апайды опасыздық жасап аразданып, шығарып тынды . Тастурова деген бәле бар айтатыны өтірік, сұрамсақ түимедиді түйеди қылады, мен білсем осы шырағым болар АЛЛА жазасын берсін.

        • Индира
        • 11.01.2015

        Армангул Аллах куә. Н.Тастурова айтатыны өтірік деп жала жаппаныз. Ол 30 тәжирибесі бар, ұлағатты ұстаз. ол болып жатырған окиганын қасында сіз болган жоксыз. сондыктан бұндай коментария жазарда ойланңаныныз дұрыс болар.АЛЛАХ куә барине

        • АТА-АНА
        • 09.01.2015

        БҰЛ МЕКТЕПТЕ БАСҚА ШАРУА ЖОҚПА АЙНАЛЫСАТЫН, АЙКАЙДЫҢ БАРІ ОСЫ МЕКТЕП АЙНАЛАСЫНДА, УЖЫМ ӨЗДЕРІ АЙТҚАНДАЙ КЕРЕМЕТ БОЛСА БІР БАСШЫДА ТҰРҒАН НЕ БАР ТЫРНАҚ АСТЫНАН КІР ІЗДЕУ ЖУМЫС ЖАСАҒЫСЫ КЕЛМЕЙТІНДЕРДІҢ ІСІ ЕГЕР ОСЫ ЖАЗЫЛҒАНДАР РАС БОЛП ДАЛЕЛДЕНСЕ БУЛАЙ ҚАЛМАЙДЫҒОЙ БОСҚА БЕЛГІЛІ БІР НАДАН ТОБЫРДЫН АЙТКАНЫНА ТҰРА ШАППАЙ АДАМНЫҢ ӨЗ ПІКІРІ БОЛМАЙМА, ОСЫНДАЙ НАШАР УЖЫМҒА БАСШЫ БОЛЫП БАРҒАН АДАМҒА ЖАНЫМ АШЙДЫ......

        • Айсұлу
        • 14.01.2015

        Иә, Мен өзім мұғаліммін, Дина Қабдолқызын көрмесемде осыған дейін бұрынғы ұжымдастарынан ол кісі туралы тек жақсы сөздер еститінмін. Бұл мектеп мұғалімдері жайбрақат жайылуға бейімделгені соншалық басшысын қолдамай отырғандығы осыны аңғартады.

        • Адал
        • 09.01.2015

        Армангул дұрыс айтасын, Мира менің де қызыма берген, жақсы ұстаз осы басшы да жақсы деп естідік . Ой, Тасурованы айтпашы журегім айниды сөзіне де, түріне де қандай мұғалім болып жүр, АЛЛА сақтасын ! алдында отырған балаларды аяймын.АТА АНАлар сақ болыңдар

        • мирамгул
        • 09.01.2015

        жақсыны корсе орға жыққанша асығатын қорқаулардың ісі ғой, осындай асқынған шаруа болса булай колбеңдетпей ақ ретін тауып құлатар еді ғой ақыры шикілеу болғасын осылайша аяқтан шаладығой, осылай талай игі жақсыны құртып еді ғой бұл қазақ.

        • Ербол
        • 09.01.2015

        Мәселе Тастурова болып кетті ме? Біздің ең сүйікті апайымыз, 92 жылғы біздерді оқытты. Мақала Дина Қабдолқызы тyралы еді ғой. Армангүл, Адал шаршамай ақ қойыңыздар, Тастyроваға жетy қайда? Ол үшін қайтадан оқyларыңыз керек! Сіздердің бұл сөздерге қарасак, осы Дина апайдын жақыны сияқтысыздар

        • Айтyар
        • 09.01.2015

        Ербол, дұрыс айтасын, тақырып өзгеріп кеткені несі? Сонда 70 адам өтірікші болғаны ма?

        • Бисембай
        • 09.01.2015

        Армангүл, кінәні әркім өзінен іздеyі керек.

        • Сәкен
        • 09.01.2015

        Ой-ой қызық болды ғой, оқырмандар мен мектеп директорының жақындарының арасындағы тартыс болды ғой)))

        • Айгерім
        • 09.01.2015

        Мен осы мектепте Сәрсенов Лұқпан ағайдын кезінде оқыдым, сол кезде мұндай жағдайлар болған жок, қазір де сол кездегі мұғалімдер емес пе?? Балық басынан шіриді деген, менің ойымша бәріне мектеп басшысы кінәлі.

        • Айгерім
        • 09.01.2015

        Мен осы мектепте Сәрсенов Лұқпан ағайдын кезінде оқыдым, сол кезде мұндай жағдайлар болған жок, қазір де сол кездегі мұғалімдер емес пе?? Балық басынан шіриді деген, менің ойымша бәріне мектеп басшысы кінәлі.

        • Асем
        • 09.01.2015

        директорды жактаушыларда бар екенгой прайда ода Кина жоккой уй тип жактай берсендер болашагымыз не болмак Дина Кабдолкызын кандай адам департаменттен не ушин шыгып кеткенинде неге айтпайсыздар пара алып ол киси жалпы билим ордасында не истеп журген адам озм органдагылар не карап отыр айтса соны айтпайдыма екен ааа ?????

        • Гүлсезім
        • 09.01.2015

        Балық басынан шіриді емес пе? Басшыға қарап ұжымын таны.Бір құмалақ бір қарын майды шірітіп жатырған ғой.Ұжымға обал болған сияқты.Бүкіл халыққа күйе жағып отырған сияқтысың ...Жүйесіз сөз иесін тауып жүрмесін.Заты қазаққа асылық сөйлемеген дұрыс.Бәріне де бір Алла төреші екенін ұмытпайық.

        • Жайна
        • 09.01.2015

        Әділ шешімді сот шешер Басшы акылды устздар акымак болганыма

        • Әділ
        • 09.01.2015

        Босқа екі жақ болып айтыспаңдар. Біріншіден, мақаланы қайта-қайта оқып шығыңыздар, екіншіден мақаланы жазып отырған журналист ұжымның пікірін жазып отыр, өз мақаласы үшін әр уақытта жауапты, үшіншіден мектеп директорын ұжымда жақтап отырған жан жок, төртіншіден 80 адам бірігіп арыз жазуы жайдан жай емес, әр уақытта сұрауы болады!!

        • Бақдаулет
        • 10.01.2015

        Тексеруге барған жерлерінен өлтіріп тұрып ақша жинайтынын әлі ел ұмытқан жоқ,Қарғыс арқалаған оңбас...

        • Жаңыл
        • 10.01.2015

        80 адамды соңыңнан еріткен Махамбет қолбасшы сен болдынгой Тастурова бизде дайынбыз

        • Ербол
        • 10.01.2015

        айтыс неге токтап калды басшының ісін прокуратура шешер

        • Ақиқат
        • 10.01.2015

        Босқа даурықпаңдар, Стамғалиева Динаның кім,қандай адам екенін онымен жұмыстас болғандар жақсы біледі,осы күнге дейін оны жақсы деген кісіні кездестірген де,естігенде жоқпын,жоғарыда мақтағандар ағайындары болуы мүмкін.Ақиқатын жоғарыдағылар шешер

        • Айгүл
        • 10.01.2015

        Мектеп директоры кетсін!Сол дұрыс болады ғой бүкіл елге позор болмай!

        • Муратбек
        • 10.01.2015

        Елге сыйлы Баршагул апай ұжымды қолдап отыр,онда бұл"ақиқат".Тастурова сөйлесе,жалғыз өзінің қамы емес,ұжым сөзі.Әділетсіздікке қасқайып қарсы тұру,екінің бірінің қолынан келмейді.Біреулер арын сатып,жағымпазданып күн көреді...Шындықты айтып шырылдаған Махамбетті де ұстап берген қазақпыз ғой! Дина Қабдолқызы орнында қала берсін! Бірақ бүкіл ұжым алдында беделі түсті.Адамдық ар қайда?!...

        • Айнұр
        • 10.01.2015

        мектеп ұжымшыл екенін талай жерден көргенбіз.Мектеп басшысы осындай бола тұра әлі орнында отыр ма?Ұятқа қалмай тұрғанда өз еркімен кетпей ме?Нұр Отан әділ шешім шығармаса,ертең олар жоғарға шығады деп естігем,

        • Заңғар
        • 10.01.2015

        Мәселені телевидениенің еншісіне беріңдер,республика көрсін.Халық жаманнан жиіркеніп,басшының сырын білетіндердің айызы қансын.

        • Айжан
        • 10.01.2015

        Кашанга дейiн мугалимдер тар жол тайгак кешу керек. Ерте ме кеш пе акикаттын бетi ашылады.Мен осы мектепте бiлiм алган тулекпiн. Мугалимдер туралы кате пiкip айта алмаймын.Озiм осы мугалимдердин арка сын жаксы окыдым. Айта кететiн болсам сонын iшiнде Капаева Гулайым апайымды ерекше атагым келедi.Дина Каболкызынан байкаганыМ улкендерге курмет корсетпейдi, лауазымын пайдаланып ор кокiректенедi.Улкен мугалiмдермен амандаспак тугiл , менсiнбейдi. Кыйт етсе шыгарып жiберумен коркытады.

        • Гулжазира
        • 10.01.2015

        Б Сураншак сен емес пе? касип одактан акша алды дейді гой түріңде келісіп ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

        • қасқырлар
        • 10.01.2015

        № 4 Мектеп ұжымы өте ұйымшыл және көпті көрген.Бірақ осы директор ұжымның берекетін алып отыр ғой. Бұрынғы директорлар сияқты емес ( Сарсенов,Абдолов,Актананова)

        • Гүлім
        • 10.01.2015

        Тастурова шындықты бетке басып отыр ғой қайдан жақсы болсын

        • ДОС
        • 10.01.2015

        Дина бүткіл елге позор болдың ғой. Таста бұл мектепті .Сен директор болуға лайықты емес болып тұрсын ғой. Мұғалімдер сені жақтырмай тұр.

        • Ата-ана
        • 10.01.2015

        Ақырын журип анық бас, еңбегің кетпес далага, ұстаздық қылған жалықпас үйретуден балаға деп айткандай Абай атамыз. Бул бiлiм ордасының ұстаздары ешкашан балаларга билим нәрін беруге ешкашан жалыккан емес. Бул мектептің устаздарына мын алгыс! Менин балаларымда осы билим ордасында билим алуда. Ал мектеп басшысына келетин болсак, егер мектеп ужымымен жумыс истей алмаса оз орнын босатуы керек гой. Катын бастаган кош онбас деген макал осы болып тур гой. Елбасымыз сиякты ер азаматтарымыз билим ордасын баскарса ешқандай айкай шу болмас еди.

        • Акмарал
        • 10.01.2015

        Адал пікірің кызык екен атына затың сай емес Біздін апайдың сауаты бар сыйынары бар тек жоғары жакта Сүйенері жок Басшыға карсы шыкканды кім жаксы кореді Апай біз сізді жаксы кореміз

        • Оқушы
        • 10.01.2015

        Ия мен бұл мектепте оқимын!Бұнын бяры рас! Менін қоса кететінім Директор өз машинасын Мектеп алдына қояды бірақ ол жерге машина қоюға болмайды знак тұр!Сосын Директор өзінің қасына досын акелді оны бяры Құлақ диді :D Себебі ол бярын тындап жүретін адам сол ушін ақша алады аййййй қызық аййй)

        • aйзй
        • 10.01.2015

        Менин ренжигеним Дина Кабдолкызына Лукпан агайдын музейн кабинет жасаганы жаныма катты батты.Уят емеспе.Агайдын музейн калпына келтирсин.

        • Зз
        • 10.01.2015

        Ия дурыс айтасыз Музейды кайтарсын!!

        • есен
        • 10.01.2015

        Ақты ақ деп тап,қараны қара деп тап . Өзіңе зияны тиседе шындықты бетке айт. Мұхаммед с.ғ. хадисінең. Өздерінге зияны тиседе ашшы ақиқатты ашып айтқан ардақты Ұстаздар жарайсындар.

        • нурик
        • 10.01.2015

        Дина Қабдолқызы қалай шыдап отырсын бүдан кейін ар намыс деген жоқпа? 80- 85 мұғалім жазып отырганда , Нүр отанның аділдігі қайда? демек Динанын сыбайласы болганго..........

        • ыы
        • 10.01.2015

        Криша железная)

        • Оқyшы
        • 10.01.2015

        Мен де осы мектептің оқимын, директор 1 күнде біздің класстағы 15 балаға 2 қоиды((((( Осы дұрыс па? Біз ол кісінің оқытy бағдарламасын түсінбеиміз сондықтан да дым істеи алмадык(((( Жизнь-боль))

        • ата-ана
        • 10.01.2015

        урсысып болсандар. балардын каникулы битти. енди сабакты дурыстап бериндершейш

        • ата-ана
        • 10.01.2015

        Сіз не сабаққа қатыстыңыз ба? Көрдіңіз бе сабақ нашар өтетінін?Неге олай жазасыз!

        • тулек
        • 10.01.2015

        лукпан агайдай директорлар енди тумайтын болар. ауылдан келмесе

        • Талшын
        • 10.01.2015

        Кабинетінде отырған оқушыны фотоға түсіріп алыпсың ғой,директор жолдас!
        Мектептен фотосалон ашып,оған да таныстарыңды әкеліп отырғызып қойма!
        Итак дым категориясы жоқ танысыңды ЗПР ға завуч етіп,ол концертің өтпей қалғасын,ақыры секретарша етіп қойыпсың.Тағы қандай безработныйларың бар?

        • Арай
        • 10.01.2015

        Кандай сабак Дина кетпей? Мугаліидер кетіреміз, Дина кетпеймін дейді. Сонымен каникул боладыгой ҰБТ-ны айтсайшы...... Кесірі бізге тиедігой.

        • Ардагер ұстаз
        • 10.01.2015

        Өзінің ұжымымен тіл табыса алмаған директор ол жерде не қып жүр?Мемлекеттік қызметке қызмет істеу үшін аттестациядан өткізбеген бе? Бастық болу таныстықпен тағайындау әлі жойылмаған ба?

        • арман
        • 10.01.2015

        директор мен устаздар айкайласып жатканда бала не окып жатыр? окушылар кайда?

        • жангул
        • 10.01.2015

        Карабет болмай кетши, бетин кон болмаса не деген адам един уятсыз, адилдикти кайдан издеп отсын дина.

        • гулмира тажмеганбетова
        • 11.01.2015

        Құлан құдықка құласа құлағында құрбақа ойнар деген осы Дина Кабдолкызы r455fбиреуди урдынызба , соктынызба, ужымыныз таяк жеген баладай тасадан тас лактыруда ғой. Кулкили, педагогтар емес баска бир топ елес береди.Сезикти бурын секирердин кеби болмасын арызкойларды дурыс бакыланыз неге сонша жыл педагог болгандар не бир ужым, басшы,коргендер сизден шошиды оздеринин билимине, таза,адал, жумысшы екендерине сенбейтин болар,сосын арты куыс болгасын сизди курткысы келед, саспаныз,аспаныз жай жай барине орындарын корсетиниз, ишиндн мектепке адасып кирп кеткендер де жургендей ма........

        • ата-ана
        • 11.01.2015

        Гульмира карагым сен кай гасырда омip сурin жатырсын?! Ендiгi калганы устаздардын директордан таяк жеюi керек пе? Байыбына бармай бал шашпа демекшi онын кандай саясат жургiзin отырганын бiлмейсiз. Ол адам кейпiндегi aзазiл десе артык айтпаган болар едiм. Аяз би алiндi бiл, кумырска жолынды бiл.Сондыктан да карагым, оз жайынды бiл! Жемкорлыкка жол берген адам бiлiм ордасына басшы болуга лайык емес! Устаздарга айтарым кадалган жерден кан алмай коймандар!

        • гулбарам
        • 11.01.2015

        Мына создерди окып калай жаткан директор кудай сактасын, елге жайылып шулап жатыр, мектептеринде али журме курсын келемеш болып.

        • кайрат
        • 11.01.2015

        Еееее нагып откан директор мынадай создери естип откан, айел бастаган кош онбайды деген рас, агайдын орнын ешким баса алмайды,апайларга обал болган екен.

        • №11
        • 11.01.2015

        Гүлмира әуелі сауатты жазып үйрен тасадан тас лақтырса Мұнайлы астанаға береме? Динаға сюрприз көп Әуелі әліппені сауатты оқы Әлде сенде парақорсын ба? №11 мектептенде ақша алды Тексеруге келіп

        • тікенек
        • 11.01.2015

        Cіңліңнің абысыны кетті орнына құдашаң келді олда кетті енді қай кришаңның көршісі қалды?

        • Көркем
        • 11.01.2015

        Дина қызметке үйінде жұмыссыз отырғандарды алады,себебі олар одан зависимый болады,қарсы келмей айтқанын істейді.Мектепке кім қөрінгенді алып, бардак жасап отырсың.Тексеруге барғанда алған ақшаларың батпандап шығар күн туар әлі.Сол кезде Алладан сұраған кешірімің кеш болмасын."Жазалау бөлімінің бастығы" деген кличкаң болған екен департаментте жүргенде.Значить пара алып жүрсең де жауыз болғансың ғой.Тағдырың аянышты негізі...

        • Гауһар
        • 11.01.2015

        Жүзінің бір жылуы жоқ директор № 4 мектепке келді,
        Танысқан жоқ мұғаліммен,шәкіртпен.
        Бірден приказ берді:
        Планды қайта құру керек,
        Сүмірейіп жүру керек.
        Менің бақылаушыларым сырттарыңнан аңдығанда,
        Как положно сабақ беріп тұру керек.
        Сөздеріңді тыңдамаймын,
        Менікі ғана дұрыс болу керек!
        Тарифтен оралманды аламын,
        Орнына танысымды саламын!
        Пенсионерлер нағып жүр?
        Қырамын,жоямын!
        Сіңлімнің қызы қымбат оқу оқып жатыр,
        Сондықтан профсоюзден қырғын ақша аламын!
        Мұғалімдерді тексеремін,тексеремін!
        Лұқпан кім?Музейі мен үшін бір тиын...
        Әйелі келсін де,
        Заттарын алып кетсін!
        Мен үшін ауру болған жоқ,
        ЗПР дың ауру балдары қуықтай кабинетке,
        Тығылып,қыстырылып отырсын,
        Тек көзіме көрінбесін!
        Сіңлім екі сыныппен жүрсін,
        Ақшаны қырсын!
        Ал қалған мұғалімдер тек 18 сағатпен жүрсін!
        Конференция өткіземін,
        Жұмысымның "5" екеніне жоғарғы жақты сендіремін!
        Мен неге амандасам мұғаліммен,баламен?!
        Департаменттен келген жоқпын ба?!
        Ұсқыным айтып тұрған жоқ па?
        Маған дейин не істеген Лұқпан, Алмабек, Ұлжан?!
        Бәрін күшті қылып,реттеп,қырып-жойып,
        Қатырып жұмыс жасап жатқам жоқ па?
        Не дейді мына оңбаған мұғалімдер?
        Әлі де көрсетемін сендерге...........
        Менің тірегім,сүйенерім мықты!!!!!!!





        • Тілек
        • 11.01.2015

        Гауһар Мұқағали Мұхтар Фаризаша жырлаған екенсің Талабың таудай болсын Шындықты шыңғыртып жазыпсын Бұны естімеген адамның құлағы керең көрмеген адамның көзі соқыр болар

        • АТА-АНАМЫН
        • 11.01.2015

        Неге ауыру балдарды кемситеди, кудайдан тилеп алган жок ана байгус мен осы аиткан сози ушин занга жугинем, кандай басшы жогы жак не карап отыр? Мынау не маскара кудай жазанды берсин алде озинде баласы жок тас журек пе мен жогаргы жакка басшынынын устинен хат жазам, бул басшы емес пара алып журген ала аяк болдыго маскара ел аман, журт тынышта аиел би болган, балдарымыз бари осы мектепте окыды мынадай болган жок сол мугалимдер журген али, мугалим сабак бере алмаса жулдели орындарды калай алады, мугалимнин жемиси ол, кайдан келген пале мынау кудай сактамын ауыру балдардын кунин кешсин алла алдында жауапберерсин асыкпа мен коимаимын.

        • АТА-АНАМЫН
        • 11.01.2015

        ЗПР мугалимдерине рахмет ауыру балдармен алысып сабак берип отырган, енбек солардыкы туган балдарындай карайды,басшы кайжактыкы кайдан келген етпен суйектен жаратылган адам ба?

        • Заңғар
        • 11.01.2015

        Шағын топка Қайырғалидың көршісін, секратары етіп Алмабектің ауылдағы көршісін алды. Енді горонода кімнің көршісі қалды? Динаға хабарлас. Айтпақшы Ұлдайдың орнына Қай көрші келеді?

        • 19мектеп
        • 11.01.2015

        Дина Кабдолкызы мугалимдерди онбаган деген сози естидик оз аузынан, далел керек болса жогаргы жакка аитарым тындауга болады 4мектепке келсин аитылган создерин тындасын сонда коздери жетер!!!

        • дос
        • 11.01.2015

        Дос емес ала аяк болдынгой динаш,озин сол устаздардын алдынан билим алып, осындай дарежеге котерилип енди неге устаздарга топырак шашып отырсын, су ишкен кудыгына тукирмеи кара бет болмаи кетши ауыл шулап жатыр, сининде онбаган екенин естигем.мугалимдер жарайсындар кандай адам екенин жариякылып бергендеринизге.

        • k
        • 11.01.2015

        Директор ханым, ұстаздардан дұрыс киім киюін сұрағанша, жаныңызда отыратын хатшыларыңыздың "бытындағы" лосинасын шешкізіп, шашын дұрыстап жинауын сұраңызшы. Сізге келген адамдар ең алдымен сол кісілерді көреді ғой

        • маира
        • 11.01.2015

        дурыс айтасыз хатшылардан ешкандай мардымды жауап ала алмаймыз омирде кабактары ашылмайды директор кусап

        • Елемес
        • 11.01.2015

        Жумыс жасайтын адамды аяктан шалатын казактын жаман касиети. Ал,сол директор жумысына салгырт карап , 《сен тимесен мен тиме бадырак коз》болсыншы. Онда биздин директор жумыс жасамайды деп арыз бермес еди-ау.

        • Жайна
        • 11.01.2015

        Біз 78 арманбыз
        Біз 78 жолдармыз
        ... Дина деп үн қатты
        Кош бол енді Қабдолқызы қымбатты

        • Майра
        • 11.01.2015

        Ондай басшылар бар.Еки куннин биринде жумыста жок. Мектепте не болып не койып жатканымен хабары да жок. Документке кол коюга гана келеди. Билесизбе? Сол мектептин мугалимдери жумыс жасайтын басшыны ансайды.

        • Жайна
        • 11.01.2015

        Елемес! Біз Лұқпандай, Алмабектей, Ұлжандай адаммен жұмыс жасадық. Динаң сыбайлас жемқор жол беріп отырған адам. Сенде кел Жұмыс береді

        • Қуаныш
        • 11.01.2015

        Динаны алсын Қарық болады тарифты бұзады оралманның класын алады Танысын алады алады алады

        • Асхат
        • 11.01.2015

        Жаксы устаз шындыкты издеп табуга уйретеди, нашар басшы шындыкты куйретеди

        • айнур
        • 11.01.2015

        Адамдарды адилдикти суйюге уйрету ушин оларга адилетсиздиктин натижиесин корсету керек.

        • Тимур
        • 11.01.2015

        Айнур дурыс айтасын егер куш адилдикпен бириксе , онда был ужымнан не кушти болуы мумкин??

        • Ffkb
        • 11.01.2015

        Ұялмайды екенсіндер №4Лауазымды адамның абыройын төгуге Динаға қарауға көз керек

        • Ffkb
        • 11.01.2015

        Ұялмайды екенсіндер №4Лауазымды адамның абыройын төгуге Динаға қарауға көз керек

        • түлек
        • 11.01.2015

        Мынау деген ұят нәрсе екен!Лауазымы болса, сүттей ұйыған ұжымды іріткіге сала ма? Дина Қабдолқызы киелі орынды босат! Ағайымыздың аруағын жатқызбадың ғой! Динаны соқыр кісі қарасын!

        • қылыш
        • 12.01.2015

        Дина Қабдолқызы!Орысша екі ауыз сөздің басын құрап айта алмайсың,алдыңа келген орыс мұғалімнен, ата-аналардан безініп,сөйлесуден қашасың.Орысша түгіл қазақшаны оқсатпайсың.Жиналыста "банағы" деген сөзді 87 рет айттың. Cөйлеп білмейсің! Үш тілді меңгеру қажет деген президент тапсырмасын сен еш уақытта орындай алмайсың,оған білімің жетпейді.Әр жерден көшіріп алған мақалаларыңмен тамыр-таныстықтың арқасында орын алып жүрсің.Бір күн ғана дайындаған "ертегіңмен" алған орныңды жырлап,мақтанғың келіп жиналыста бір сағат сөйледің ғой.Жаңашылдық дейсің! Ішінде тіл тұшынатын жаңашылдық болса халыққа таныстырмайсың ба? №4 мектептің директорымын деп жазған жұмыссымағыңнан ұжымың хабарсыз.Іші шыли өтірік болғасын оқуға бетің болмады ғой,мойында.Өзің дұрыс болсаң халық құттықтар еді,ең болмаса бір адам қол соқпады,соған да еш намыстанбадың.Сенде жалпы ар,намыс деген жоқ қой.адамдық қасиеттен жұрдайсың.Тамаша өтірікшісің.Арыз жазғандарға "жарыстардан орын алып берем,республикаға танымал етем,халықаралық деңгейге жеткізем"деп көкисің.Сен мына сөздеріңмен жоғары жақтың бәрінің парақор екенін дәлелдеп,сыбайластарыңды сатып жібересің .Бетің қалың.. Короче слов нет.

        • Шынар
        • 12.01.2015

        Қылыш дұрыс айтасын!!!!!)!!! Жасы бар кәрісі бар қол соқпады. Ол ол ма? Сенімен жұмыс жасамаймыз деп аяқпен таптап шығып кеткенде жалғыз өзі қалды ғой" Сондада арланбайды Арсызға 6күн мейрам дегенғой атам қазақ Банкетке барып Жан баласы сөйсеспей (бух басқа) 15минут отырып кетіп қалғансын. Ұялмай ертесіне асханаға қонақ шақырдын Адам баласы бармады Өзі ұялмаған кісі бетін шиедей қылады деген осы да 100 адамнан қасында 5адам Қалай сірә елдіің бетіне қалай қарайсын

        • Бақыт ата-ана
        • 12.01.2015

        Шындықты шырқыратып тұрып айтса оның несіне ұжым ұялу керек?қайта динаның өзі ұялсын,Барлық мектепке танымал Аубекерова Баршагул апайды білмейтін мұғалім, тіпті Атырау жоқ шығар,Сонда Баршагүл апай ұжымды аяймын десе, соны да өтірікке шығарып тұрсындарма? Бұны телеарна шақыртып көрсету керек Бүкил ел көрсін,білсін,елге кулки болган басшы ай,қарабет болмай, ұжыммен,ата-анамен жұмыс жасай білетіндерге орныңды босат,Лұқпан ағайдың аруағы атсын демесең

        • А
        • 12.01.2015

        Ең болмаса төл мерекеміз мұғалімдер күні де аталмай өтті емес пе,әріптестер!

        • Ата-ана
        • 12.01.2015

        Динанын өзине қарайтын көз керек

        • zan
        • 12.01.2015

        Заң мен қатар адамгершілік құндылықтарды бойына дарытқан басшы болса, ұжымда бұндай алауыздық болмас еді.

        • Жасырын
        • 12.01.2015

        Мен осы мектептин жас мугалимдеринин биримин!Шынын айтсам бизде тартип босансып кеткен. Директор соны ретке келтиремин деп басы балеге калды. Мугалимдерге сиздердики дурыс емес деп айтайын десем коркамын.

        • Тәжірибелі мұғалім
        • 12.01.2015

        Жас мұғалім!Қорқатын несі бар?Директорға барып,құлағың боламын деп жағынсаң сені завуч қылады.Моментті пайдаланып қал,тез өсесің,бірақ қарғыс арқалайсың.Таңдау өзіңде.

        • Сауле
        • 12.01.2015

        Динаны жырладыңдар Жарар Нұротанды күтіңдер Тұщымды жауап келер Халық қалаулылары ғой Елдің елеулілері ғой Бәрі бірдей бассыз болмас

        • Тоқтар
        • 12.01.2015

        Әр айтылған сөз дұрыс па,бұрыс па?! Жеткізе сөйлеу білудің де мәдениеті бар ғой.Шәкірт тәрбиелеп отырған ұстазсыздар ғой енді артық сөйлеп,шектен шығудың қажеті жоқ! Әр айтылған сөз ұжымға мін "Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді " дегендей кесірлі сөзді тияиық ,құрметті әріптестер! Ішімізде ардақты,елге сыйлы ұстаздарымыз бар.Өзгеден бұрын өзімізді сыйлайық!!!
        ҚАДІРІМІЗДІ ЕЛ АЛДЫНДА КЕТІРМЕЙІК ДОҒАРЫҢЫЗДАР!!!!!!!!!!

        • окырман
        • 12.01.2015

        Өтірік, өсек өкінтеді, ағайын. Мұндай жаман әдеттен, харамдықтан жан-дүниеміз аулақ болсын!

        • мирас
        • 12.01.2015

        Өсек емес шындық Жасамай отырғаны жоқ Әне жерде таныс ым бар мына жерде танысым бар деп Таныстарының басы екеу емес шығар Сол харамдықтан құтқарыңызшы жан дүниемізге кері әсер етіп отыр

        • АТА-АНА
        • 12.01.2015

        ДИНА КЕТПЕЙ ХАЛЫҚ ТЫНЫШТАЛМАЙДЫ!!!!ДИНА КЕТ!!!

        • Азат
        • 13.01.2015

        Дина Хан емессің, Қасқырсың,
        Қас албасты басқырсың,
        Достарың келіп табалап,
        Дұшпаның сені басқа ұрсын!
        Хан емессің, ылаңсың, r
        Қара шұбар жылансың.
        Хан емессің, аярсың,
        Айыр құйрық шаянсың!
        Школдан кет тынышы мен

        • Арай
        • 13.01.2015

        сүйікті ұстаздарымыз тар жол , тайғақ кешуде!

        • Адина
        • 13.01.2015

        Азат жаксы айтын

        • Бой
        • 13.01.2015

        Дина директордын орнына улдай лайык шыгар канша айкай салсада

        • Назгул
        • 13.01.2015

        Жалпы калай айтсак та,директордын кызметин ер адам аткарганы дурыс кой.Айел адам журген жерде ангиме коп болады...

        • окушы
        • 14.01.2015

        Мен осы мектептин окушысымын! Шыны керек биз екинши токсанга дейн ол директордын атында билмегенбиз. Жалпы директор болгасын озин таныстыру керек едигой. Акыры биз директордын атын сынып жетекшимизден билдик онда да сурауга кысылып азер дегенде сурадык. Ангиме онда емес ол окушымен амандаспаиды мулде амандаспаиды. Сол директор келгели биздин мектеп туйык болып кетти.. Ешкимнин конил куй жок ардайым кулип журетин апайларымыз казир мунайып '' ертен тагы кандай зан шыгарады екен'' деген ойыммен журеди. Лукпан агайдын музей турушы еди олда жок оны енди казр кабинет етип койган ишинде бир-еки фотосы калган екен оны курип жанымыз катты ашиды. Улжан директор апаймызга ким жетсин. Ол бизбен еркин сулесип журши еди. Ардайым кулип амандасак кулип амансындарма балдарым, кыздарым деп. Баршагул апайымды мен оте жаксы коремин! Баршагул апайымыз бар билгенин бизге аямай айтып отырады. Баршагул апайымыз тура жолмен,акикатпен журетин апай ондай адамдар коп болсагой ширкин. Менин жаным ашиды мугалимдер,ата-аналар,бурын битирип кеткен туликтер калып енди окушылар жазып жатырганына. Казирдин озинде окушыларга бари малим. Мен Баршагул жане коптеген акикатты бетке басып айтатын апайларымыздын жолын кугым келеди! Артык кетип жатсам кеширим сураймын бирак айтпасам жаным тыныш таппады. Енди адилдик орнасын. Кимде ким биздин мугалимдеримизди колдап отыр Алланын нуры жаусын.

        • Ұстаз
        • 15.01.2015

        Бүгінгі күні заң тек қарапайым адамдар үшін шығады, ал басшылар заңды пысқырыпта қарамайды оған себеп Стамғали Дина өзі Мұғалімдер білімін көтеру институтында 10 жыл жасаған,одан кейін бақылау департаментте жасаған осы лауазымын пайдаланып категориясын 11 жыл бойы растамаған. Жоғары категорияны 2003 жылы алған, содан бері 11 жыл өтті расталмаған, бұл нағыз заң бұзушылық емес пе? Сонда 11 жыл бойы үкіметтен өтірік ақша алып отыр деген сөз гой. Сонда Стамғали Динаны директор қоярда Қалалық білім бөлімі қайда қарады екен?

        • Сынып жетекші
        • 15.01.2015

        Мұғалімдер білімін көтеру институтында, Бақылау депатраментінде қалай жасаған Стамғали Дина даже журнал толтыру ережесін дым білмейді гой, журналдарымыздың бәрін бүлдірді бояды,кетірді,тіпті қызыл пастамен де баға қояды оны көк пастамен басады ұят-ай, бұлай жас мұғалімде жасамайды. Директор осылай жасаса, ол кімге ақыл айтады?

        • окушы
        • 15.01.2015

        директор ауысса биздын апайларимиз орнина кайтадан неле ма?

        • ????
        • 15.01.2015

        Стамғали Дина Қабдолқызы сіз неге Лұқпан ағайдын музейін алып тастадыңыз? Сізге музей кедергі болдыма, әлде сіз осының бәрін қас қылғаннан істеп отырсызба? Неге сіз мұғалімдерді өз жұмыстарынан төмендеттіңіз? Неге барлық адамдардың сұрақтарина жауап бермейсіз?

        • дана
        • 15.01.2015

        Маскарааааа.!! Дина карабет болдын го кетшиии енди.ужым сенимен жумыс истемеймиз деп отырго.

        • Жаннур
        • 15.01.2015

        Дина Кабдолкызы сизде уят деген жок екен телеведение келгенде кетип кашып кетип уялмай мектепте калай журсиз горонодада крышаныз мыкты екен оныныз коринип тур букил елде билетин сиякты уже Мундайды жемкорлык демеема екен ааа еще лауазымды адам деп кояды озин бети жок лауазымдыда адамдар болады екенгой " ЖУРЕ БЕРСЕН,КОРЕ БЕРЕСИН"ДЕГЕН осы ау ааа агайын?????

        • окырман
        • 15.01.2015

        Сиздердин пикирлеринизди окып отырсам Дина Кабдолкызы деген бир акыл еси кем адам сияктыго. Адамдармен амандаспайды, жумыстан шыгарады, музейди жабады, мугалимдерди андиды т.с.с. сонда ол киси осы уакытка дейин мектепте, департаментте, били котеру институдында есуас болгандыгынан жасаган болып турго. Канша жерден тиреги болсада сондай адамнын сондай лауазымга дейин котерилуи мумкин емеско. Каншама тиреги бар адамдар бар? Солар неге сондай дарежеге дейин котерилирмеске? Акыры бул киси жумыс истейтин киси шгар мумкин. Соган караганда осы пикирлер сол шагымга кол койгандардын отирик пикирлери сиякты. Бул менин оз ойым. Естуим бойынша бул мектептин билим сапасы томен коринеди. ЕНТ-дан да 20-нын устинде пайыз корсеткен коринесиздер. Ал жумыс жасагыш болсаныздар САПАларыныз неге томен. Калалык билим болими басшысынын КТК жаналыктарында берген сухбатына караганда мектептин ишки тартиби де жаксы емес коринеди. Жумсытарынызга адал болсаныздар неше жерден директор андысада ештен таба алмайдыго. Акыры… Сондыктан басшыларынызбен байланганша алдарыныздагы ата-аналар сенип тапсырган балаларга сапалы билим беруге тырысыныздар!

        • Сая
        • 15.01.2015

        Араларыңызда бітімгершілікке шақыратын,дауды басатын,ақыл айтатын жасын сыйлата білетін мұғалімдер болмағаны ма....?Масқара,ұят емес пе,ұстаз деген есімге.Қашан да №4 мектеп пәлеқор деген атпен аты шыға ма сонда,тоқтату керек емес пе...

        • Дос
        • 15.01.2015

        Сен шынымен бетсіз екенсің Республикаға атың шықты өлімнен ұят күшті деген Қара жерді қалай басып жүрсін Горонодан көмек сұрап Ол кісіге өтірік айтқызып отырсын Шәкіртііңғой ауылдасың ғой сыбайлас досың әзер сөйлеп отыр сен ұшін құрбан болып Емшек сұраған бала құсап жүр солай

        • Оқушы
        • 15.01.2015

        Директор жұмысын білетін білімді адам , тек кейбір адамдарға таяғының ұшы тигені болмаса. Көш жүре келе түзіледі демекші, бәрі дұрысталады деп сенемін. Өзіме директор ұнайды. ҰБТға дайындалу үшін жақсы тәртіп қойды, бұрынғыдай емес.

        • Жайна
        • 16.01.2015

        Жоғарыдан не үшін құлдилады Төмендеді жаман мектепте не үшін жүр Алтын басын қор қылып Бір мәкуге бір сәку

        • Бимарал
        • 16.01.2015

        Пікір жазушы Оқырман сен далаға сөйлеме,көпке топырақ шашпа,бұл мектеп киелі мектеп,кеше КТК-дан Қалалық білім бөлімінің басшысы жалған ақпарат беріп отырғанына өзі ұялсын, бір Стамғали Дина үшін өз абыройын төгіп отыр оған бүткіл мектеп ұжымы куә,бйылғы білім сапамыз да ҰБТ көрсеткіші де көптеген керемет мектептерден жоғары болды.Қалалық б/б басшысы әрине жақтайды себебі Стамғали Динаның ауылдасы екеуі де 11 ауылдың адамдары, міне қайда жатыр сыбайластық. Егер өзінікі дұрыс болса Стамғали Дина неге телевидение келгенде бетін жауып қашып кетеді, кабинетін кілтеп алып кеткенше шықпай отырады. Вот әңгіме қайда ????????????????

        • читатель
        • 16.01.2015

        Стамгали мугалимдердин есн тандырмай орнынды босатшейш.Кететн уакытын болдыгой.Мугалимдер еркн демалсын.

        • ....
        • 16.01.2015

        Улжан Базаргаликызына жететн директор жок бул алемде.

        • Шындық
        • 17.01.2015

        Оқырман,Сая,Оқушы болып коментари жазу ұят емес пе Дина Қабдолқызы, неге оқушыны қосасыз,оқушылардың көбі сізді танымайды ғой,сіз қашан оқушыларға жиналыс жасап немесе линейкаға шығып сөйлеп көрдіңіз. 11 сыныптардың сабағына бірде-бір рет қатысып көрдіңіз бе? Қашан қандай жаңалық,тәртіп енгізіп едіңіз ҰБТ-ға.Өтірікті де үйлестіріп жазу керек қой не болды сізге.

        • Салтанат
        • 17.01.2015

        Категорияны 5 жыл сайын бекітпей ме? Бұл кісіге 11 жыл бойы қалай жоғары категориясы расталмай ақы төлеп отыр бухгалтерия,оларды финанс тексеретіндер қалай көрмейді, нанайын ба-нанбайын ба?.Нанбайын десем 2003 жыл деп тұр, қызық екен-ау...................

        • ата ана
        • 17.01.2015

        Директырды ауыстыру керек бул онбагандыко

        • Түкірік
        • 18.01.2015

        Дина! Гороно крышаңа сөз келді-ау!Жерге қараттың-ау!Сені сүйемелдеп ,сүйрелеп,бар абыройын салып жүріп директор етіп отырғызғанда дәл осылай подводить етеді деп ойламаған шығар.

        • Дұрыс
        • 18.01.2015

        Подводить еткенде де сұмдық №4 мұғалімдері сотталмаған псих емес 1(2 арест отырмаған Жүйкесі мықты маман керек емес Себебі псих Больница емес қой Киелі қара шаңырақ Кімдер білім алмады елеулі де қалаулы азаматтар азаматшалар шыққан мектеп Бұл күнде Дбасқарып(((((((((((((((((((((

        • о
        • 19.01.2015

        дина кеширим сурап дурус истегенсиз ештен кеш якши коп коркитар терен батырар ар затты оиланып жасаныз псих багып журген жоксиз спасибо большои

        • читатель
        • 20.01.2015

        Заря подхалим негып жур касында котенин жалап журген шгар .Ол заряга тан минез.

        • Оқырман
        • 20.01.2015

        Дина кет! Кет дегенде ит те кетеді ғой!

        • Устаз
        • 21.01.2015

        Уят кайда ауыздарына келгенди айтпай койындар! Жетер не деген коргенсизд к мугалим бастарынмен....

        • сая
        • 23.01.2015

        устаздын да атын жамылып кез келген адам коментария жаза алады. сондыктан устаздарга жала жаппайык. Дина Кабдолкызы мектеп ужымы алдында "билмедим 9 билмегеним 99" деп кеширим сурап,устаздардан биригип жумыс жасайык деп кеширим сураган. ал мугалимдер билмейтини 99 директормен жумыс жасагысы келмейди. Нуротан тексерип, устаздардын жазган арызынын 75 проценти дурыс деп катан согис жариялады.Дина Кабдолкызы мектептен кеткенин дурыс,ашынган устаздар бул катан согиспен келиспейди. Д.Назарбаевага жане каржы полициясына арыздануда.

        • сая
        • 23.01.2015

        косымша: белгеним 9, билмегеним 99 деди.

        • Сұраугүл
        • 24.01.2015

        Дина Қабдолқызы мен мектеп ұжымын жақтаушылар екі жақ болып айтысып,тартысып шаршады.Мектепте "меңіреу тыныштық" орнады.Мектеп ұжымы мен директор "мысық пен тышқан" ойнауда.Әділеттілік күткен ұжым НұрОтаннан ешқандай көмек алған жоқ.Қайта мұғалімдерге тексеру келетіні "нықтап" айтылды,сөз астарында "қорқыту,үркіту" де жатты.Қазақстанда әділеттілік жоқ.Жоғарғы шенділер бірінің бірі "былығын" жасырады. Жақсы "ит үрді,керуен көшті "делік. Қаншама сөз естіген Дина Қабдолқызы өзіңізге қарай өре түргеліп,кез келген уақытта жиналысыңыздың тас-талқанын шығаруға дайын отырған,арада сыйластық кеткен ұжымда отыра бермексіз бе?Сізге таң қаламыз?! Ұжымға бір ауыз сөз айта алмайсыз ,қашанғы "через" секретарша,организатор арқылы басқармақсыз?Бетпе-бет келер күн туар, дайындала беріңіз біз сізді" түтіп жеуден али де шаршаған жоқпыз!!!"

        • максат
        • 25.01.2015

        Зав гороно дені дұрыс адамды директор етіп қойса гой, осындай жағдай болмас еди, Дина деген жүрген бір адам ғой, директор түгіл қарапайым мұғалім болып жұмыс жасай алмайтын, мен сол кісіні директор болды дегенге таң қалып отырмын,Сөзіне қарағанда зав. гороно дұрыс адам сияқты ғой, қалай қателескенін ол кісінің. Дина өзі де кетер,басқа ыңғайлы жұмыс тапса, оның Баршагүл деген сінлісі Алматыда магистратурада емес пе еді, оған жұмыс жасауға болмайды ғой, себебі дневнойда оқитын кісі сол жерде болуы керек ғой, міне бұл үлкен нарушение, бұл жағдайды оның оқитын жері мен прокуратура естімесін, екі жерде де числится етіп тұр ма сонда. Бәрі де құрысын, оқушы қамын ойлайық

        • Орынбасар
        • 26.01.2015

        Ей Динок завгоронога канша бердин сени жактайын деп типти сойлей алмай отир го уят ай акша алып койган адамнын сози курсын билинип ак тур онысы мен нурсауленин кластасымын дина екеуине букил ауылымыз кулип отыр мазак болмайыкшы жерлестер

        • Aйбарша
        • 26.01.2015

        Нурсауле жаксы адам билимды енбеккор оны динамен салыстыруга болмайды ол мадениетты дина сияктылардын кесиринен куйп кетпесе жарар еды мен ол киси декан болып келген жылы сонгы курста окыдым ол студенттермен кушти оган жала жаппаныздар ол адал таза адам ол не динаны не дурыс болмаса ужымды орнына кояды нурсауле апай адыл шешим шыгарыныз сизди жаксы коремиз

        • Нәсіп
        • 26.01.2015

        Нұрсәуле деген ЕНТны басқарып сөзге қалатын әйел ме ойбуй жарыған екенбіз ол зав гороно болса маскара еще ол ........ сондай ол өте алымқор тойымсыз мәссаған ол зав гороно ма туу аллам сактасын енды онар болашағымыз оган тиыннын шетин корсетсен болды гой созим жок

        • Айбарша
        • 27.01.2015

        Сен бірінші Нурсауледей болып ал жап жас болып өзі доктор өзі басшы ұят қайда неге ақ адамды қаралайсын, сен ол адаммен бетпе бет кездессең өзің ұяласын осы сөзінізге

        • mereke
        • 04.02.2015

        Неге танкаламыз? Когам осы .Бул барлык жердеги дерт.Директорлар паре берип орындарын сатып алады да,еш этиканы билмейди. Ол барлык жердеги дерт. Директорлардин бари сондай деп атудан аулакпын.Бир- ак коби сондай. Неге бул жеке меншик мектеп емес екенин тусинбейди.Неге директорлардын сауаттилыгина карамайды? Барине акша болса болгары. Неге Нур Отан осы маселемен айналыспайды? Баринин болиси бир ма? Неге когам ушин,болашак урпак ушин жумис жасамайды. Неге болашак ушин озимиз ушин ,ултымыз ушин жумыс жасамаймыз. Казакстан калталылар ушин когам емес кой. Ондай керемет болса жеке мектептер ашып ал ай ма? Мемлекет мектептерин директорлар коркеиту ушин, билимди ,мадинетти урпак тарбиелеу ушин отыру керек орын тактарына.

        • Жанар
        • 11.02.2015

        Байгус Дина.Бара жер,басар тауын жок.Не баскарган емес,не баскармаган емес олимтик койдай басын салбырап журсин.Не омир?!Ойтип жургенше бир бурышта акша алып отыратын,халыкпен жумыс жасамайтын жерге кет!g

        • жанашыр
        • 18.02.2015

        Казир директор мен мугалимдер арасында байланыс узилди. Әрким озимен ози. Ешкимнин ешкимде шаруасы жок. Кашанга шыдауга болады? Басшысы жок ел жетим, тындаушысы болмаса - сөз жетим деген бар. Мугалимдер кашанга дейн жетимнин куйін кешпек?

        • aide.josuebouchard@gmail.com
        • 27.11.2016

        Добрый вечер
        Вам нужна помощь для вашего дома, для вашего бизнеса на покупку автомобиля для покупки велосипеда, для создания собственного бизнеса, для ваших личных потребностей, больше, чем сомнения, я могу сделать вас специальный кредит от: 1000 до $ 100,000. Если вам нужны деньги, по другим причинам, не стесняйтесь связаться с нами E-Mail: aide.josuebouchard@gmail.com

        • aide.josuebouchard@gmail.com
        • 27.11.2016

        Добрый вечер
        Вам нужна помощь для вашего дома, для вашего бизнеса на покупку автомобиля для покупки велосипеда, для создания собственного бизнеса, для ваших личных потребностей, больше, чем сомнения, я могу сделать вас специальный кредит от: 1000 до $ 100,000. Если вам нужны деньги, по другим причинам, не стесняйтесь связаться с нами E-Mail: aide.josuebouchard@gmail.com

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 __   __   _    _      ___      _  _   
          ___    \ \\/ // | |  | ||   / _ \\   | \| || 
         /   ||   \ ` //  | |/\| ||  / //\ \\  |  ' || 
        | [] ||    | ||   |  /\  || |  ___  || | .  || 
         \__ ||    |_||   |_// \_|| |_||  |_|| |_|\_|| 
          -|_||    `-`'   `-`   `-` `-`   `-`  `-` -`  
           `-`                                         
      
       
      Наверх