19 тамыз 2017, 9:48
      Аймақ 19.11.2014, 18:14 0 пікір 1058 просмотров

      Алтынбектің сотына әкесі алаңдайды

      Атырау облысы Исатай ауданы ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығы Алтынбек Құбайдуллиннің өліміне қатысты сот процесі әлі де жалғасын табуда. Айта кетейік, оны сәуірдің аяғында қаржы полициясы жемқорлық фактісі бойынша ұстаған. 


      Еске салайық, 21 сәуірде Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллин 250 000 теңге мен 3 келі бекіре уылдырығын пара ретінде алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Қолға түскен күні майордың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды. Бірақ, жағдайы жақсарған соң емдеу мекемесінен қашып кеткен оның мүрдесі қаладағы құрылыс нысандарының бірінен табылған еді. Атырау облыстық прокуратурасы полиция басшысының өліміне қатысты 2 бірдей қылмыстық іс қозғады. Алтынбекке қатысты сот процесі әлі де жалғасуда.  Осыған орай Алтынбектің әкесі Қалыбай ҚАРАЖАНОВ редакциямызға келіп, өз пікірін білдірген болатын. Ол:

      - Заңды аяққа басып, заңсыз 16 сағат ұстап, соңын қайғы ұластырған қаржы полициясының қызметкерлеріне сот әділ жазасын береді деп халық болып сенім артып отырмыз. Ендігі жерде кейбір заң қызметкерлері заңды белшесінен басып, жең ұшынан жалғасып кетпесе екен, -дейді.

      Ал, арызданушының қорғаушысы Ахмед СЫРЫМ:

      - Сот залына куә ретінде алып келген полиция қызметкерлері психологиялық қысым көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ, олар 6 сағат ұстады деп отыр. Десек те, алдағы уақытта әділ шешім шығаратынына сенеміз, -деді.


      Асан ҚАСАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____       ___       _____     ___      _____   
      |  __ \\    / _ \\    / ___//   / _ \\   / ____|| 
      | |  \ ||  / //\ \\   \___ \\  / //\ \\ / //---`' 
      | |__/ || |  ___  ||  /    // |  ___  ||\ \\___   
      |_____//  |_||  |_|| /____//  |_||  |_|| \_____|| 
       -----`   `-`   `-` `-----`   `-`   `-`   `----`  
                                                        
      
       
      Наверх