29 маусым 2017, 11:23
      Аймақ 19.11.2014, 16:36 23 пікір 8488 просмотров

      Мұхтардың мұнысы несі?

      Атырауға қазақтың мықты ақыны Мұхтар ШАХАНОВ келіп, оқырмандарымен кездесті. Шахановты таныстырып жатудың өзі артық. Себебі, ақынның өлеңдерін жатқа білмейтін жан жоқ шығар. Қазақ түгілі бұқараны бетіне қаратқан Мұхтар өлеңдерінің әлемдік деңгейде тамырын жайғаны баршаға мәлім. Сондықтан шығар, Атырауға Мұхтар Шаханов келеді дегенді естігенде облыстық  Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры халыққа толды. 


      Ұмытпасақ, 2005 жылдары Мұхтар аға Атырауға келгенде де қарсы алған халық қарасы көп болған. Бұл жолы да ақынға деген құрметін көрсетіп қалмақ ниетте, қазақ драма театрында ине шаншар жер болмады. Осының өзінен-ақ, Мұхтар ақынға деген ел ілтипатының ерен екендігін көруге болады. Жергілікті әншілер   ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Халық тарапынан қошемет көрсетілді. Ән шырқалып болған соң, ақынға сөз берілді де, Мұхтар ағам сахна төрінен табылып, өткен күндерге шолу жасады. Желтоқсан оқиғасы айтылды. Шындыққа ғана жаны жақын ақын ел алдында ағынан жарылды. Қазақ жастарының тәуелсіздігіміз үшін қанды алаңда жан қиғандарын, олардың жасаған ерліктерінің ерен екендігі сөз етілді.

      Сол жылдары алаңға шыққан жастарға араша тұрған Мұхтар Шаханов екендігі әмбеге аян. Мұхтар ағаның бүгінгі күні де шыр-пыр болып жүргендігі жасырын емес. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің қалпын сақтап қалуда шырылдаған Шаханов екені де белгілі. Сонымен қатар, қазақстандық ұлт боламыз дегенде де билікке қарсы шығып, алғашқылардың бірі болып аштық жариялағанында көзі қарақты адамдар жақсы біледі. Соның арқасында болса керек, қазақстандық ұлт болмай қалғандығымыз. Егер алда-жалда солай болған күнде де қазаққа қиын болар ма еді, кім білсін?!

      Әйтеуір ел алдында Мұхтар ағам бар шындығын айтып, сол шындықтардың кітап болып жарыққа шыққандығында тілге тиек етті. Иә, кітап болғандығын көзіміз көрді. Оқыдық та, көңілге тоқығандай болдық.

      Сол қазақ драма театрында Мұхтар ағаның кітаптары сатылып, сатып алушылар ақыннан қолтаңба алып қалуға тырысып жатты. Жөн шығар, себебі, қазақтың ғана маңдайына біткен ақынның күнде қолға түсе бермесі анық қой.

      Осы орайда Мұхтар Шахановты елге шақырып, оқырмандарымен табысуына мүмкіндік жасаған ағаларымызға алғыс айтып қойсақ та артық етпейді.

      Бұдан соң ақын қала сыртынан орын тепкен Ғабдол СЛАНОВ атындағы облыстық кітапханада да оқырмандарымен кездесті. Мұндағы кездесуде де ана тіліміз әңгімеге арқау болып, ақынның жүріп өткен жолдары жайында әңгіме тиегі ағытылды.

      - Қазақстандық ұлтқа дегенде қарсы шықпағанымда не болар еді? Мемлекеттік тілге бас ауыртпағанымда мына отырғандарыңыз орыстанып кетер едіңіздер. Бұл менің арқам. Көптеген келеңсіздіктердің бетін бұрдық қой. Биліктегілермен әлі күнге жағаласып келеміз. Қазақстандық ұлт боламыз дегенде мен аштық жарияладым. Сол кезде мені 4 мыңдай адам қолдады. Содан билік сескенді. Халықтың білімі мен рухани деңгейі төмендеп кетті. Қоғамдағы құрметті адамдар кімдер, олар – ұрылар! Ұлтына жаны ашымаса олардың құны көк тиын, -деді Мұхтар аға өз сөзінде.

      Сондай-ақ, кітапханадағы кездесуде кітаптың оқылмайтындығын ашына айтты.

      - Қытайда өткен бір басқосуда мен кітаптың оқылмайтыны жөнінде өз ойымды айттым. Бұл рухани азғындық болып есептеледі. Бүгінгі таңда жеңіл әндер алға шықты. Спорт бірінші орында тұр. Қазір рухани байлық керексіз болып қалды. Рухани байлық 60-70-ші қатарға шегерілді, -деді Мұхтар Шаханов. 

      Айтуы орынды-ақ. Шындығында рухани байлық қазіргі қоғамда қажетсіз болып отырғаны жасырын емес. Шахановтың тілімен айтқанда «компьютербасты жарты адамдар» қаптады. «Бөдене таланттар мен ТЖ-лар» көбейді. Айтпақшы бұл кездесуде де желтоқсан оқиғасы айтылмай кетпеді. Сол кезде біздің тарапымыздан сауал туындаған еді.

      - Мұхтар аға, желтоқсан оқиғасындағы алғашқылардың бірі болып бой көрсетіп, «Қыздарымның бұрымы қиылып, ұлдарымның қанды алаңда жатқанын көргенше соғыс даласында өлгенім артық еді-ау» деп егілген Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВТЫҢ есімі айтылмады. Неге? Сіз не дейсіз? 

      - Жұбан олай айтпаған. Жұбанның айтқаны «барлығы нашақор, маскүнемдер» дегені бар. Қазір ғой Жұбан осылай айтты деп бергі жағындағылардың бұрып алып жүргендігі. Мен білетін Жұбан жастарға қарсы дау айтқан. Ондай адамды мен мойындай алмаймын, -деді.

      Сонымен бірге желтоқсан оқиғасынан кейін яғни, 1987 жылдары Мұхтар ағамыздың үстінен арызданғандар Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ пен Әбіш КЕКІЛБАЕВ болғандығын да қаперімізге берді.

      - Қазақстан Жазушылар Одағында 7777 адам бар болса, олардың 10-15-нен басқасы кітаптарында жазғандарымен өздерінің шындығы жоқ адамдар. Сіздердің Фаризаларыңыз да солардың қатарынан. Кітаптары керемет болғанымен, сөздерімен істері сай емес, -деді Мұхтар Шаханов кездесу барысында.

      Өлгендер туралы неге жақсы сөз айтпады екен деп ойға шомған біздер, Мұхтардың мұнысы несі екен деп тарқастық.


      R.S: Өлгендер деп отырғанымыз Тұманбай Молдағалиев, Жұбан Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова.


      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ, суреттер автордыкі.

       

       

      Пікірлер

        • арайлым
        • 19.11.2014

        егер солай десе, шынымен де Мұхтардың мұнысы не болды екен?

        • оқырман
        • 19.11.2014

        Егер адам солай айтып жатса, демек өз ойын, түйгенін айтып жатыр. оған акцент беру ақымақтық. Мұхтардың өмірі „соғыспен„ өтті и так. Оның сөздерін көте алмай отырғандығымыз, сол өлген кеткендерді қатты ұлықтап, идеал жасап жібереміз. Айыбы бар. Барлығының да айыбы бар.

        • Райса
        • 12.04.2015

        мен Мұқаңның сөзіне келісем, рас айтады.

        • Бақыт Жаншаева
        • 19.11.2014

        Ол кезде елдің бетке ұстар ақын-жазуышалырның барлығын студенттер атақханасына жберіп, жастарға сендердікі дұрыс емес дегізді. Колбинді мақтатты. Солардың біразы о дүниелік болды, біразы көз алдымызда жүр. Оларға өйтпеске шара қалмаған шығар. Қазір де өлеңдерін, шығармаларын оқығанда табынатын сол адамдардың ішінде күн көрісі үшін, атақ үшін билік алдында құнжыңдап жүгіретіндері көп. Оны көріп жүрген жоқпыз ба? біреудің қолын сүйіп, ода айтып әйтеуір жағынып, орден -медаль, пәтер, сыйақы алып жатқан жоқ па. Олар да пенде.

        • Окырман
        • 19.11.2014

        Мухтардын мунысы не болды???

        • Орал Жастар
        • 20.11.2014

        ағам желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол сол кездегі белгілі адамдардың жатақханаларды аралап, сендер дұрыс іс істемедіңдер деп кездесулер өткізгенін үнемі айтып отырады. Тіпті оқудан шығарып жібергенде, сол уақыттың игі жақсылары "дұрыс" болған дескен. Басшылардың талабы солай болса керек

        • Мойынкумнан..
        • 20.11.2014

        оган танданатын ештене жок..сол кезде жаны үшін,кызметтері үшін көп адам солай істеген..кейін жаксы кісі болып,кайтадан баскаша сойлеген...мен Кайрат Рыскұлбековтың аулынанмын...бізге Кайрат өлді деп хабар келгенде жылаткызбай дежурства койып кадагалап тұрган әуелі..солар әлі кызметте жүр..сөһйткендерін ұмытып Кайрат туралы естелік айтады...Мұхаңдыкі дұрыс...

        • алматылык
        • 20.11.2014

        Шаханов сол аштық жариалаған кезінде ұлына қызмет саудалап алған, егер бұл кісі рухани таза болса өзінін 40 жас кіші немересімен жасты қызға үйлене ме

        • атыраулық
        • 20.11.2014

        40 жас кіші қызға үйленген бе Мұхтар Шаханов сонда?

        • Хасан
        • 20.11.2014

        Мен Шахановты нағыз азамат деп білемін. Оның дұшпандары көп екенін білемін.

        • Лаззат
        • 20.11.2014

        Олген адам олди ,артынан соз козгаудын кажети жок сиякты

        • окырман
        • 21.11.2014

        ким олди?

        • Таңшолпан Тастанова
        • 21.11.2014

        Сәлеметсізбе! Мен Мұхтар Шаханов ағамызбен кездесуге барған болатынмын. Алайда ол жерде Фариза апамыз жөнінде ешқандай сөз қозғаған емес. Бұл сонда жалған ақпарат па?

        • Атырау
        • 23.11.2014

        Бакырайып жазылып турган жок па китапханага барганда айткан деп. Ман берип окысандаршиш

        • Полатбек ЖАНБАЕВ
        • 25.11.2014

        Мұхаң айтса, мүлт айтпауы керек. "Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды".

        • Мара Gthlti
        • 26.11.2014

        Мұхтар айтса бекер айтпайды ,қазақтың қамын ойлаған бірден бір батыл адамның бірі Мұқаң.Сол себептен оны талқылау өзін қазақпын деген адамға ұят нәрсе.

        • Тарихшы
        • 26.01.2015

        "Өлгендер туралы не жақсы сөз айтылу керек, не ештеңе айтылмауы керек" деген ұғым тарихшылар мен Мұхтарға арналмаған ((

        • Камшат
        • 26.01.2015

        Сол кездесуине менде барганмын.Бирак Фариза туралы айткан жок!

        • Құрманғазы
        • 28.01.2015

        Қазір қаршыға атанып жүргендердің көбі қарғалар қатарынан алыс кетпеген. Желтоқсанға қатысты, Мәскеуде шығармашылық кешін өткізбекші болып жатқандағы Мұхтардың Евтушенкоға айтқанынын көпшілік жақсы біледі.
        Ақиқат тіл қатқанда, шындық барарға жер таппайды, өтірік зым-зия!

        • zhansaya
        • 18.02.2015

        Ой недеген пікірлер біреулер Мұхтар ағамызды 40 жас кіші қызға үйленді дейме? ол қызды зорлап уйлендірмеген шығар?))Біреулерді шындық біреулерді тарих біреулерді өмірден өткен тұлғалардың рухы мазалап.Халық үшін кеудесін тосқандарды әрқашанда ардақтап жүрейікші Мұхтар аға ноқтаға басы сыймаған аңыз адам.

        • Улболсын
        • 09.04.2015

        Қалайсыңдар бауырлар? Сендер өз пікірлеріңді айтқандарың өте дұрыс.Бірақ кейбіреуің шындықты тура билмей адамның сыртынан жамандап, топшылап,тағы ой қосып айтқандарың дұрыс емес.Не айтсаңдар да өз көздеріңмен көргенді айтыңдар.Және дұрыс түйіндей біліңдер.Рахмет

        • Улболсын
        • 09.04.2015

        Және өз басым Мұхтар Шахановты сыйлаймын. Маған ол кісінің жеке басы қызықтырмайды, қазақ үшін дем беріп жүргені қызық.

        • Клара Кенжалиева
        • 27.08.2015

        Мұхтар айтса дұрыс болғаны, Мұхаң өзінің ақиқаттың ақыны екенін әлдеқашан дәлелдеген

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    _____     _____    _    _             
      \ \\ / //  |  ___||  / ____|| | || | ||     ___   
       \ \/ //   | ||__   / //---`' | || | ||    /   || 
        \  //    | ||__   \ \\___   | \\_/ ||   | [] || 
         \//     |_____||  \_____||  \____//     \__ || 
          `      `-----`    `----`    `---`       -|_|| 
                                                   `-`  
      
       
      Наверх