27 маусым 2017, 21:39
      Қоғам 29.10.2014, 16:41 0 пікір 1315 просмотров

      Автокөлік нөмерлері сатылымда

      Қаламызда көлік көп. Ал, осы көліктердің көбісін тізгіндеуші бүгінгі таңда ұзын етектілер екені белгілі. Көреалмаушылықтан сөз еткелі отырғанымыз жоқ, керісінше көлік жүргізуге ынталы қыз-жігіттерді жалпы, көлік жүргізу куәлігіне құмартушылар хақында сөз етпекпіз.    


      Біз өмір сүріп отырған қоғамда ештеңеге таң қалмай, қалаған дүниеңе қол жеткізуге мүмкіндік көп. Тек, амал-айласын жасай білсеңіз ғана болғаны. Жасың кәмелетке жетті ме, қолыңа құжат алып, тақымыңа темір-тұлпар басуыңа болады. Солардың бірі Талғат есімді бауырымыз. Оның айтуынша былтыр ғана кәмілеттік жасқа толған оған ата-анасы темір тұлпардың кілтін табыс етіпті.

      - Армандап жүрген едім, соған жақында ғана қол жеткіздім. Алдымен ата-анама айтар алғысым шексіз. Себебі, мен үшін барлығын жасап беруде. Көлік жүргізу куәлігін алған бойда, өзімнің армандап жүрген автокөлігімді әперді. Ендігі жерде ата-анамның көңілінен шығу үшін, өз бетімше жұмыстанамын. Баратын жеріме барамын, -деп қуанышын жасырмады.

      Осы желеумен көлік жүргізу куәлігін беретін Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің әкімшілік-полиция басқармасына бас сұққанбыз. Көлік жүргізу куәлігін алушылар қатары көптігіне көз жеткіздік. Кезекте тұрғандардың көбісін шырт еткізіп суретке іліп алдық та, емтихан тапсырушыларға деген қызығушылығымыз оянып, жігіттерді сөзге тартып көргенбіз. Алайда, біздің тарапымыздан туындаған сауалымызға Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің әкімшілік-полиция басқармасы тіркеу емтихан бөлімшесінің аға мемлекеттік автоинспекторы Жұбайдолла Дәуешов жауап берді. Ол:

      - Бүгінгі таңда көлік жүргізу куәлігін алушылар көп. Солардың ішінде 70 пайызы қыз-келіншектер. Біздерге келіп арнайы емтиханнан өтеді. Мұның ішінде барлығы заң шеңберінде жасалады. Қазіргі таңда шопырлыққа оқытатын арнайы оқу орындары бар. Солардан оқып келгендер бізден келіп емтиханнан өтеді де, көлік жүргізу куәлігіне қол жеткізеді. Күніне қаншама адам келсе, солардың барлығына мүмкіндігіне орай үлгеріп, сол келген адамдардың көңілін табуға тырысамыз, -деп ағынан жарылды.

      Тағы бір айта кетерлігі автокөліктердің VIP нөмерлері жекелеген адамдар үшін сатылымға түсті. Бұл жайында бізге Атырау облыстық ІІД әкімшілік-полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзаәлі Өтеғалиев мәлім етті. Оның айтуынша бүгінгі таңда аталған нөмерге сұраныс болмағанымен, алдағы уақытта болатындығына сендірді. Сондай-ақ, 001 мен 009-ға дейінгі және қосымша 777-ші нөмерлер бағасы төрт жүз мыңнан асатындығын қаперімізге берді.  


      Асан ҚАСАН, суреттер автордыкі.

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______    _____      ___              
       /_   _//  /_   _//  / ____||   / _ \\    ____    
         | ||     -| ||-  / //---`'  / //\ \\  |    \\  
        _| ||     _| ||_  \ \\___   |  ___  || | [] ||  
       /__//     /_____//  \_____|| |_||  |_|| |  __//  
       `--`      `-----`    `----`  `-`   `-`  |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх