27 наурыз 2017, 16:44
      Экономика 23.10.2014, 13:17 0 пікір 938 просмотров

      Дамудың даңғыл жолдары

      Атыраулық кәсіпкерлер мемлекеттің қуатты қолдауынан құр алақан емес. Тың бағдарламаларға қатысқан олар өз істерін дөңгелетіп қана қоймай, алдағы жоспарларын да айқындап алды. Сонымен қатар, облыс әлеуетінің көтерілуіне ықпалдарын тигізіп келеді. Осыған орай, мемлекет өз алдына кәсіп ашамын деген ынталы азаматтардың қолын қайтарған емес. Мәселен, облыстағы көптеген балабақша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша салынды.


       

       

      Облыс бойынша бүгінгі таңда балабақша кезігінде тұрған балалар саны жыл сайын көбейгенімен, олардың келер жылдан бастап  кезек күттірмейтіні белгілі. Себебі, кешегі өткен облыс әкімінің брифингінде осы мәселе сөз етілді. Ел алдында есеп берген өңір басшысы балабақша мәселесінің толық шешілетіндігін қаперімізге берді. Міне, осындай игілікті істерге мұрындық болып, бағдарламаларды барынша дамытуға үлесін қосып келе жатқан «Даму» КДҚ Атырау облыстық филиалының директоры Әлия Өтепқалиевамен тілдескенімізде, ол:

      - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары бойынша 150 жобаға 27 млрд теңге субсидия бөлінбек. Сонымен қатар, тағы 22 жобаға 233 млн теңге көлемінде кепіл берілмек. Бұл дегеніміз облыс үшін атқарылып отырған игі істерге жұмсалатын қаражат болмақ. Осы бағдарлама аясында алдағы уақытта да көптеген жұмыстардың жасала беретіндігін айтқымыз келеді, -деген болатын.

      Шынтуайтына келгенде мемлекеттік бағдарламалар ауыл кәсіпкерлерінің де тынысын кеңейтті. Соның арқасында шалғай елді мекендерде түрлі жобалар жүзеге асып, көптеген ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды. Сайып келгенде жұмыссыздар саны азайды. Ал, кәсіпкерлер болса өздерінің жеткен жетістіктерін мемлекет қолдауымен байланыстырады.

      - «Даму» қорынан үлкен қолдау болды. Енді ойда жүрген басқа да бизнес-жоспарларымызды жүзеге асырмақпыз. Қай уақытта да мемлекет көмегіне жүгінетінімізді жасырмаймыз. Себебі, жұмысшыларға жұмыс көзін тауып беруіміз үшін мемлекет тарапынан жасалып жатырған қолдаулар бар. Алдағы уақытта тағы бір балабақша ашсам ба деймін. Ол бұдан да үлкен болмақ. Сонымен қатар, ойын-сауық орталығын салу жоспарымда бар, -дейді кәсіпкер Роза Өтепбаева.
      Шындығында біздің облыстың өзі жыл сайын ажарына ажар қосып, күн санап көркейіп келеді. Әсем ғимараттардың барлығы дерлік қаланың келбетін ажарландыра түсуде. Осының барлығы мемлекеттік бағдарламаның елге тигізіп отырған пайдасы екені белгілі. Осыған байланысты, мұнай қалдықтарын қайта өңдеу компаниясының бас технологы Николай Луцук: - Мемлекеттік демеу өз ісімізді жаңғыртуға да мүмкіндік беріп отыр. Қазір соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар мен техникаларға қол жеткіздік. Сондықтан, бұл бағдарламалар бізге ауадай қажет деп есептеймін, -деді.

      Кәсіпкерлер мемлеттік-жеке меншік әріптестігін де ұмытпайды. Өз ісін енді ғана бастаған кәсіп иелері алдағы жоспарларын осы бағдарламамен ұштастырып отыр.

      Кәсіп ашып, оны кеңейтемін деген азаматтарға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Енгізілген өзгертулерге сай, моноқалалардағы салалық шектеулер алынып тасталды. Енді шағын және орта бизнес Құлсары секілді шағын шаһарларда да қанатын кеңге жаймақ. Бұған күмәніңіз болмасын.


       

      Құттыгерей СМАДИЯР, арнаулы тілші

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     _    _     ______    _____    _____    
      |  __ \\  | || | ||  /_   _//  |  ___|| |  __ \\  
      | |  \ || | || | ||  `-| |,-   | ||__   | |  \ || 
      | |__/ || | \\_/ ||    | ||    | ||__   | |__/ || 
      |_____//   \____//     |_||    |_____|| |_____//  
       -----`     `---`      `-`'    `-----`   -----`   
                                                        
      
       
      Наверх