24 шілде 2017, 2:51
      Аймақ 15.10.2014, 17:17 0 пікір 1036 просмотров

      Өзбектер екен көп келетін

      Біздің Атыраудың кім-кімдерге де құшағы ашық. Ниеті түзу. Бұған дауыңыз болмасын. Сондықтан болса керек, Атырауға шет ел азаматтарының көптеп келуі. Солардың ішінде дені өзбек азаматтары екен. Бұл облыстық Көші-қон полиция басқармасынан білген мәліметіміз.  Өзге елден Қазақстанға жұмыс іздеп келгендер жетіп артылады, алайда, атымызға тақым басып, тәрелкемізге түкірмесе дейміз ғой...


      Атырау әлемге «қара алтыны» арқылы танылған аймақ. Бұған шүбә келтірмессіз. Десек те, тек қана мұнайымыз арқылы мақтанғалы отырғанымыз жоқ, басқа да байлығымыз жетіп артылады. Келімсектердің осы байлыққа көз алартпағандарымен, байлық үстіне келіп, балық ауламаса да басқа бір жұмыстарға бел шеше кіріскендері баршылық. Мәселен, бір ғана мысал құрылыс саласын алайық. Қаракөз қандастарымызға қарағанда өзбек ағайындары көп. Біріншіден бұлар еңбек ақыны аз сұрайтындар санатына жатса, екіншіден қолдары шебер саналады. Соған қарағанда бұларға сұраныста артып тұрған секілді. Әйтпесе ат арытып алыс-тан келер ме еді?

      Қазақстан Республикасы көші-қон заңына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 48 мың 954 адам тіркелген екен. Соның ішінде 9 мың 167 адам заңдастырылуда. 4 мың 332 адам әр түрлі баптарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылса, соның ішінде 142 адам тысқары шығарылған.

      - Біздің жұмыста күнбе-күн профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Жоғары да айтып өткеніміздей біздің облысқа келуші азаматтардың көбісі өзбек азаматтары. Олар үй салып тұрғызуға, жөндеуге, тағы да басқа қызметтер жасау үшін келеді. Көші-қон заңына сәйкес оларға рұқсат берілген. Көпшілікке түсінікті болуы үшін айталық, шет елден келген азаматтардың тұрақтауы бір жылға келісіледі. Алдымен үш айға келісім шарт бойынша белгілі бір мекен жайға отырады да, кейіннен яғни, үш ай сайын ұзартылады. Сонымен қатар, жұмысшы азаматтарды жұмысқа тартатын жеке тұлға бес азаматтан артық адамды қабылдай алмайды. Егер алтыншы адам болып кететін болса, онда сол жеке тұлға заңның 396 бабына орай әкімшілік жазаға тартылады, -деді облыстық көші-қон полиция басқармасы басшысының орынбасары Болат ДОСҚАЛИЕВ.

      Болат Қабидоллаұлының айтуына сенсек, шет елден жұмыс іздеп келер азаматтар саны грузия, әзербайжан және бұдан да басқа ұлт өкілдеріне қарағанда өзбек ағайындар көп келеді екен. Көшеден кездесе кеткен бір өзбек азаматын сөзге тартып көргенімізде, ол аты-жөнін айтуды қаламағандығын білдіріп, өз ойын ортаға салды.

      - Біз Қазақстанға соның ішінде Атырау облысына жақында ғана келдік. Келгендегі мақсатымыз үй салып, нәпақамызды тапсақ деген ой. Атырауда құрылыс жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Біздер қолымыздан келгенше қызмет етуге дайынбыз, -деді.

      Солай-ақ, болсын! Тек жұмыс іздеп келіп, бұзақылыққа бой бермесе болғаны.

      Мақала дайындау барысында жұмыс іздеп келушілердің көбісі өзбектер екендігін білген соң, жалпы, облыс бойынша халық санында білмек ниетте облыстық статистика департементінің басшысы Галя Кашуқызына қоңырау шалғанымызда былтырғы жылдың 8 айы мен ағымдағы жылдың мәліметтеріне қанық қылды.

      Ол: - 2013 жылы облыс бойынша 563 мың 856 адам болса, соның ішінде қала бойынша 278 мың 699 адам бар. Ал, биылғы жылдың 8 айы бойынша айтар болсақ, 577 мың 132, соның ішінде қала бойынша 287 мың 807 адам бар,-деді. Статис-тика мәліметіне сүйенер болсақ, былтырғы жылға қарағанда халық санының өсуі байқалады. Десек те, облыс бойынша қанша ұлт өкілдері бар деген сауалымызды қойғанымызда, 17-ден аса ұлт өкілдері шоғырланғанын білдік. Ал, олардың санын төменде жариялауды жөн санадық.

      Тағы бір айта кетерлігі осы халықтардан басқа ұлт өкілдерінің саны 2056 болып отыр. Бұл былтырғы жылдың мәліметі. Ал, биылғы жылдың нақты саны келер жылдың еншісінде екендігін қаперімізге берді облыстық Статистика департаментінің мамандары.

      Қалай болғанда да бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырғандықтан Атырау өңірін достықтар мекені деп атауға болатын шығар.


      Қазақтар – 521 524
      Орыстар – 33 634
      Кәрістер – 3145
      Татарлар – 2332
      Украйндар – 777
      Немістер – 475
      Болгарлар – 243
      Өзбектер – 1325
      Әзірбайжандар – 454

      Беларустер – 210

      Армяндар - 322

      Гректер – 126

      Қарақалпақтар – 553

      Даргиндер – 264

      Шешендер – 176

      Лаксилер – 136

      Грузиндер – 109 


      Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ, сурет автордыкі.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _    _    _     _____     ______   ______   
       | \| || | || | ||  |__  //   /_   _// |      \\ 
       |  ' || | || | ||    / //     -| ||-  |  --  // 
       | .  || | \\_/ ||   / //__    _| ||_  |  --  \\ 
       |_|\_||  \____//   /_____||  /_____// |______// 
       `-` -`    `---`    `-----`   `-----`  `------`  
                                                       
      
       
      Наверх