21 тамыз 2017, 12:16
      Қоғам 08.10.2014, 16:34 0 пікір 2061 просмотров

      Көбейтілген айыппұл мөлшері жол апатын азайта ала ма?

      Осы жылдың 19 қазанында жол тәртібін бұзғандарға бұрынғыдан да қатал шара қолданатын жаңа «Жол қозғалысы туралы» заң күшіне енеді. Құқық бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін көбейту мәселесі осы уақытқа дейін көпшіліктің сыни пікіріне ұшырағанымен, ол сөз жүзінде қалды. Енді бұл тәртіп көлік жүргізуге жауапсыз қарайтындардың аяғына тұсау болмақ.

      Билік басындағылар жол бойындағы жағдайды оңалту үшін әсіресе, жаңа заңның екі бабына басымдық беріп отыр. Мысалы, 17-ші бапта құзырлы мекемелердің құзырына «қаланың жекелеген аумақтарына көліктердің шығуына түрлі шектеулер қоюды енгізу құқығы берілсе, 27-ші бапта «белгіленген уақытта категориялары анықталған көлік түрлерінің шығуына тыйым  немесе шектеу қойылатын болды. Ол бойынша қала сыртындағы тас жолдарда ең жоғарғы жылдамдық сағатына 100 шақырым. Бұдан басқа да бірнеше өзгерістер енгізілмек. Соның біреуі полицейдің құжат тексеруіне қатысты. Бұрынғы тексерілетін құжаттар тізімі сақталғанымен, енді көлік жүргізу үшін берілетін сенімхатты Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе Электрондық Үкімет сайтында тіркеуден өткізу міндеттелуде. Яғни, тіркелмеген сенімхатпен көлік жүргізу заң бұзушылық, айыппұл төлеуге тура келеді. Кезінде заң жобасы жасалып жатқанда осы талап көптің көкейінен шықпаған еді. Себебі, сыбайлас жемқорлыққа жол ашатыны айтылды. Тағы бір пікірталасқа түскен 23-ші бап болды. Осы баптың 1-бөлім, 10 тармағында полицейдің рұхсатынсыз жүргізуші мен жолаушылардың көліктен түсу жағдайы  полицейдің талап етсе де, көліктен түспеу жағдайына теңестіріліп, тәртіп бұзғандарға 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 9260 теңге көлемінде айыппұл белгіленді. Бұл қатаң жазаның жол полициясы қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қолға алынғаны белгілі. Жалпы, мұндай жаңа тәртіп қазіргі кезде көбейіп кеткен жол апаттарының алдын - алу үшін қолданысқа енгізіліп жатыр. Алайда, жаза күшейгенімен, жол үстіндегі апаттар саны азайды ма? Атырау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының берген мәліметі бойынша, жыл басынан бергі 9 ай ішінде Атырау облысында 313 жол апаты орын алыпты. Одан 357 адам түрлі дене жарақаттарын алса, 56 адам көз жұмған. Бақилық болғандардың 46-сы ер адамдар, 5-і жасөспірімдер. Бұдан басқа құқық қорғаушылардың жиі өткізіп тұратын тексеру рейдтері жүргізушілердің әлі де көлік айдауға атүсті қарайтынын, жылдамдық арттыру, мас күйінде көлік жүргізу сияқты түрлі заң бұзушылықтарға баратынын көрсетіп отыр. Күнделікті тіркелетін жол бойындағы оқиғалар жүргізуші мәдениетінің төмендігінен, одан қалды сауатсыздығынан орын алатынын ескерсек, жаңа заң осының бәрін реттейтініне үміт көп.

      Гүлзада Қожабергенқызы

      1. Жылдамдықты сағатына 10-20 шақырым арттыру 462 бап 1б - 18 520 теңге

      2 Жылдамдықты сағатына 20-40 шақырым арттыру 462б 2б - 27 780 теңге

      3. Бағдаршамның тыйым салған белгісінен өту 463-6б 1б - 18 520 теңге

      4. Жүргіншіге жол бермеу 463-7б 1б - 18 520 теңге

      5. Жолдың қарсы бетіне шығып кету 463-3б 3б - 1 жыл (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      6. Жүргінші жолымен, тротуарлармен көлік жүргізу 463-3б 1б - 27 780 теңге

      7. Тротуарларда, балалар және спорттық алаңдарында тұру 363-4 2б - 27 780 теңге

      8. Полиция қызметкерінің тоқтау жөніндегі талабын орындамау 471 1б - 1 жыл (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      9. Ішімдік ішу жағдайын анықтайтын тексерістен бас тарту 471 4б - 3 жыл  (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      10. Апат жағдайын туғызу 465 1б - 18 520 теңге

      11. Жәбірленушілері жоқ жол апатын жасау 468 1б - 18 520 теңге немесе 9 ай(көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      12. Жеңіл дене жарақатын алғандар бар жол апатын жасау 468 2б - 27 780 теңге және 1 жыл(көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      13. Жүргізуші куәлігі жоқ адамның жол апатын жасауы 468 3б - 37 040 теңге

      14. Апат болған жерді тастап кету 469 2б - 1 жыл (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      15. Көлікті мас күйінде жүргізу 467 1б - 3 жыл  (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      16. Мас күйінде жол апатына түсу 467 3б - 5 жыл  (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      17. Көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесу 461-1 1б - 9 260 теңге

      18. Құжаттарсыз көлік жүргізу 470 1б - 9 260 теңге

      19. Көлікті оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған нөмірмен жүргізу 461 1б - 9 260 теңге

      20. Көлікті тіркелмеген нөмірмен жүргізу 461 2б - 18 520 теңге

      21. Көлікті қолдан жасалған нөмірмен жүргізу 461 3-1б - 37 104 теңге және 1 жыл(көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      22. Жаяу жүргіншілердің жол тәртібін бұзуы 473 1б - 9 260 теңге

      23. Жол апатын тудырған жаяу жүргіншілер 473 2б - 18 520 теңге

      New layer...
      New layer...

      нің тоқтау жөніндегі талабын орындамау 471 1б - 1 жыл (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      9. Ішімдік ішу жағдайын анықтайтын тексерістен бас тарту 471 4б - 3 жыл  (көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға)

      10. Апат жағдайын туғызу 465 1б - 18 520 теңге

      11. Жәбірленушілері жоқ жол апатын жасау

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      ____       ___              
        ____      / _ \\   |  _ \\    / _ \\    ____    
       |    \\   | / \ ||  | |_| ||  / //\ \\  |    \\  
       | [] ||   | \_/ ||  | .  //  |  ___  || | [] ||  
       |  __//    \___//   |_|\_\\  |_||  |_|| |  __//  
       |_|`-`     `---`    `-` --`  `-`   `-`  |_|`-`   
       `-`                                     `-`      
      
      Наверх