19 сентября 2017, 17:49
      Қоғам 01.10.2014, 16:46 0 пікір 1291 просмотров

      Көз көрген кемшілік немесе ішімдік сатуда іркілмегендер

      Заң жобасы алкогольді өнімді кешкі 23 сағаттан таңғы 8-ге дейін (мейрамхана, бар, кафелерді есептемегенде), ал құрамындағы спирті 30 пайыздан асатын өнімді кешкі 21 сағаттан бастап, түскі 12-ге дейін сатуға тыйым салуды биліктегілер бекіткен болатын. Бірақ, бұл заңды белден басып, қаржы табуды көздегендер саны толастар емес. 


      Елімізде ішімдік атаулыға қарсы ауқымды күрестер әлдеқашан бас-талып кеткен болатын. Сөйтіп, кешкі сағат 9-дан түскі 12-ге дейін спирттік ішімдіктің саудасына мүлдем рұқсат берілмеген еді. Мұндай қатқыл шаралардың қолға алынуына себеп те бар. Қазір Қазақстан Орта Азияда ішуден көш бастапты деген дереккөздері жетерлік. Сол бір дереккөздеріне зер салар болсақ, «Елімізде әр азамат жылына орташа есеппен 5,5 литр таза этил спиртін немесе 11 литр арақ  тұтынады» екен. Мұны ағымдағы жылдың басында ҚР Қаржы министрі Бахыт СҰЛТАНОВ та  жоққа шығармады. Тағы бір айта кетерлігі Парламент Мәжілісінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуге арналған заң жобасының таныстырылымы кезінде «Жалпы, қолданыстағы заңнамада спирттік ішімдіктерді 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған. Дегенмен, мұндағы айыппұл мөлшері тым аздау. Мәселен, ондай заң бұзушылыққа барғандар үшін жеке тұлғаларға - 5 айлық есептік көрсеткіш, шағын және орта кәсіпкерлерге - 40 айлық есептік көрсеткішпен қоса қызметтік лицензияларын тоқтату қарастырылады. Бұл тым «жұмсақ». Соның салдарынан спирт ішімдіктерін 21 жасқа толмағандарға сату фактілері азаймай отыр. Айталық, 2011 жылы мұндай 1 894 факті тіркелсе, 2012 жылы - 1 925, 2013 жылы 2 108 оқиға орын алды», - дейді вице-министр Ардақ Теңгебаев. Осыған орай, жаңа заң жобасында алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмағандарға сатқаны үшін айыппұл мөлшерін екі есеге көбейту арқылы санкцияны қатаңдату ұсынылады. Сонымен қатар, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және қайталанған жағдайда одан айыру санкциясы күшінде қалады екен.

      Міне, осындай мәліметтерді құлақ естіп, әлеуметтік желілерден көз шалған соң, біздер де өз көзімізбен көрмек ниетте қала көшелеріне шыққанбыз. Сонда дейміз-ау шыққыр көзіміз не көрмеді.  Жасы жиырмаға толмаған жастардың көше қуысында ішімдік ұстап жүргендері оны дүкендерден сағат 23-тен кете сатып алғандарын көз көрді. Іле-шала сол дүкендерге барғанымызда сата беретіндіктерін сатушылары айтып бақты. Әрине барлығына бірдей қара күйе жаққалы отырғанымыз жоқ, десек те сағат 9-дан соң ішімдік атаулының сатылмайтындығында білетіндері әрі сатпайтындары да табылды.

      - Мен ер жеттім емес пе? Дос-тарыммен бірге көңіл көтергім келгендіктен ашық тұрған дүкенге барып, өзіме қажеттісін алдым. Менде қандай шаруаларыңыз бар. Не істесем де өзім білмеймін бе, -деді қала тұрғынының бірі Қыдыр есімді жасы 20-ға толмаған азамат. Қыдыр секілді қыдырып жүретін жігіттер өстіп өздерін ержеттім санап, ішімдікке бой алдыра берсе, олардың қажеттілігін сатушылар жасына қарамай-ақ бере берсе, жетіскендігіміз осы шығар. Жарайды делік, сол жігіттер достарымен бірге көңілдерін көтерсін, ішсін-жесін, алайда, сол ішімдіктің соңы жанжалға ұласып жатқандығын көз көріп жүр ғой. Осындай келеңсіздіктерге «қой дейтін қожа, әй дейтін әже» табылмаса ертеңгі күніміздің қараң болары сөзсіз. Жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін өмір болған соң, баданадай қып аты-жөндерін жазуды жөн санамадық. Себебі, ойлансын дегеннен туған ойымыз шығар. Бірақ, бұл жолы ішімдік сататын дүкендердің аттарын «айқайлатып» бермегенімізбен келесі жолы тайға таңба басқандай болып жазылатындығын дүкен иелерінің біліп жүргендері жөн шығар.

      Көкшетаулық айтыскер ақын Арман БЕРДАЛИН «ҚАЗАҚ ПЕН АРАҚ» деген өлеңінде:

      Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?

      Ішпек түгіл, ауызын да шаймаған.

      Алла бізге «арам» - деді арақты

      Зияны көп болғаннан соң пайдадан, -деп еді-ау. Бұдан артық не деуге болады? Ойланып көрерміз?!

      Осы орайда заңгер пікіріне жүгінген едік.


      Заңгер пікірі:ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 163-4 бабы бойынша яғни, ҚР Заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін, соның ішінде 21-жасқа дейінгі адамдарға алкоголді өнімін сатқаны үшін айыппұл ретінде әкімшілік жазаға тартылады. Жас жеткіншектерге алкоголь өнімін сату анықталған жағдайда айыппұл салынады және лицензия-сы тоқтатылады. Сонымен қатар, әкімшілік жазаға тартылған соң, бұл бір жыл ішінде қайталанса айыппұл мөлшері көбейеді. Осы баптың 3 бөліміне сәйкес отыз пайыздан асатын алкаголді өнім кешкі сағат 9-дан ертеңгі 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынады. Ал, сатылып анықталған жағдайда лицензиясынан түбегейлі айырылады. 

      Саягүл АЙЫПҚЫЗЫ

      Облыстық адвокаттар алқасының адвокаты  


       

      Асан ҚАСАН, суретттер автордыкі.

       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __   __   _    _    _     _  _   
      | |  | ||  \ \\/ // | || | || | || | ||  | \| || 
      | |/\| ||   \ ` //  | '--' || | || | ||  |  ' || 
      |  /\  ||    | ||   | .--. || | \\_/ ||  | .  || 
      |_// \_||    |_||   |_|| |_||  \____//   |_|\_|| 
      `-`   `-`    `-`'   `-`  `-`    `---`    `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх