20 тамыз 2017, 15:53
      Аймақ 20.08.2014, 15:35 0 пікір 1195 просмотров

      «Турфирмалар жауапкершілікті сезінбей отыр»

      Шет ел асқан қазақстандық туристердің құқығы қалай қорғалуда? Өзге елде олар неден сақтанғаны жөн? Атырау облысы Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің департамент басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИННІҢ төрағалығымен және облыстық туристік агенттіктер мен туроператорлар, департаменттің бөлім басшылары қатысқан жиында туристік қызмет көрсетудегі бірқатар өзекті мәселелер айтылды.


      Жиынның негізгі мақсаты - тұтынушылық қатынастарда, туристік қызмет салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы жүйелі мәселелерді  анықтау болса, басқосу барысында туристердің шет елдерде  саяхаттау барысында жиі кездесетін мәселелері талқыланды. Мұндағы мақсат - алыс елдерге сапар шеккенде туристердің қандай қиындықтарға тап болу мүмкіндігін ажырату.

      Департамент басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИННІҢ мәлімдеуінше, шет елдерге аттанған біздің туристердің алдынан үнемі 3 негізгі мәселе  кездеседі. Оның біріншісі - турфирмалардың жауапкершілігіне қатысты. Оған тасымалдау, орналастыру, қонақүйлердегі қызмет, экскурсия кезінде анықталған келеңсіздіктер жатса, статистика мәліметіне қарағанда, бұл мәселелердің туындау пайызы 15 пайыздан 70 пайызға дейін.

      Екіншісі - туристерде ресми адамдармен, мәселен, шекара бақылауы, кеден, полиция, т.б. немесе  сервистік және коммерциялық қызметтермен: әуежай, қонақүй, мейрамхана, музей, аурухана, дүкен, автокөлік прокаты т.б. және жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде туындайды.

      Үшіншісі- турөнімге қатыссыз жағдайлар мен келеңсіздіктер. Яғни, туристер қызмет көрсету саласындағы алдаушылыққа, кейде тәртіп бұзып полицияға тап болады. Тіпті бір – бірінен адасып, қылмыс куәгерлері болуы да мүмкін. 

      Сол сияқты кейде қауіпті жағдайлар иттер, маймылдар, жәндіктер тістеген жағдайлардан болады.

      -Біздің қазақстандық туристердің өзге елде тынығу барысында аса қауіпті ауруларды жұқтырып келген жағдайлары да орын алды. Абырой болғанда, Алматы және Астана қалаларындағы әуежайлардағы санитарлық-карантиндік қосындарда Денге қызбасымен келген науқастарды дер кезінде анықтап, ел ішінде таралуына жол берілген жоқ, - деді ол сөз арасында.

      Тақырыпты қызу талқылау кезінде Атырау облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму  басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш БЕКБАЕВА біздегі турагенттіктердің лицензиясыз жұмыс жасап келетінін сынға алып, оларды лицензиялау керектігін алға тартса, «Lost Paradise Travel and Investment» ЖШС-нің директоры Бахыр КЮРШАД турагенттіктердің қызметін мемлекет тікелей қадағаласа екен деген ұсынысын айтты. Ал «Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты» РММ экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Жанәділ МУРАТУЛЛИН шетел аспай-ақ, тынығатын жақсы орындар өзімізде де бар екенін, бұл тұтынушылардың қауіпсіздігіне, әрі қалта шығынына да әкеліп соқтырмайтынын айтты.

      Департамент басшысы жиналғандардың назарын әлемдегі аса қауіпті жұқпалы аурулар: эбола, Денге қызбалары,  таяу шығыс респираторлы синдромды короновирусы, құс тұмауы, т.б. аурулардың эпидемиологиялық жағдайына тоқталды. Әсіресе, осы жылдың ақпан айынан басталған Батыс Африкадағы Эбола қызбасын жұқтырып, 90 пайызы өліммен аяқталған Эбола қызбасы көпшіліктің назарын аударды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі
      бойынша, Батыс Африкалық Эбола қызбасымен ауырған 1848 адамның 1013-і көз жұмған.

      -Қазіргі кезде аталған ауруға қарсы вакцина да, арнайы терапиялық дәрілер де жоқ. Эбола қызбасының қауіптілігі сол, оның инкубациялық кезеңі 3 аптаға созылады, демек клиникалық белгілері білінбейді. Бірақ науқас бір елден екінші мемлекетке өзінің науқас екендігін білместен баруы мүмкін. Қазіргі кезде, кейбір елдерде жұқпалы аурулардың жаһандануда және айтарлықтай миграциялық ағын мен туризм көлемінің ұлғаюы себебінен, инфекцияның саяхаттаушы адамдармен таралуы өте маңызды. Себебі, бір елде ауырған адам бірнеше сағаттан кейін екінші мемлекетте індет көзі болуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн, - деді Өмірзақ ЗИНУЛЛИН.

      Жиында турагенттіктер басшылары тарапынан барлық туристік қызмет өкілдері туристік қызметтерді үйлестіруде бірыңғай ақпараттық орталығы жоқтығы және заңнамалардың жетілдірілмегендігі туралы айтылды.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, сурет автордыкі.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    _____                ___     _    _   
       \ \\/ //  |  ___||     ___     / _ \\  | \  / || 
        \   //   | ||__      /   ||  | / \ || |  \/  || 
        / . \\   | ||__     | [] ||  | \_/ || | .  . || 
       /_//\_\\  |_____||    \__ ||   \___//  |_|\/|_|| 
       `-`  --`  `-----`      -|_||   `---`   `-`  `-`  
                               `-`                      
      
       
      Наверх