20 тамыз 2017, 15:53
      Аймақ 23.07.2014, 16:36 0 пікір 3279 просмотров

      Басты пәле бұқадан болмасын

      Республика Үкіметінің алдында Қазақстанды ауыл шаруашылық өнімдері бойынша ірі экспорттаушылардың біріне айналдыру міндеті қойылған. Бұл жерде ең алдымен «2011-2015 жылдарға арналған ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» туралы кешенді бағдарламасы сөз болады. Алайда, сыртқа ет шығармақ түгіл, ішкі рынокты қамти алмай отырғанымызды немен түсіндіруге болады? 


      Жақында республикалық  БАҚ-да ҚазТАГ тілшісінің мынадай мәтіндегі хабары жарияланды. Мақала «Сыбағаның» сыйы – өнімді бұқа» деп аталыпты.

      «Қазақстанға «Сыбаға» бағдарламасымен шамамен 50 мың бас жоғары өнімді бұқалар әкелінеді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен. Хабарда атап көрсетілгендей, соңғы үш жыл ішінде фермерлік шаруашылықтарда ірі қара мал басының үлесі 12 %-дан 22%-ға дейін өсті.

      «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетінің дамуы» жобасының жүзеге асу барысымен қол жеткізілген нәтижелер туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады.

      Жобаның басым-дылықтарының бірі – етті мал шаруашылығы саласымен айналысатын фермерлік шаруашылықтарды қолдау және дамыту, тауарлық мал табынын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Бұл үшін жеделдетілген несие «Сыбаға» бағдарламасы әзірленіп жүзеге асуда. Осы арқылы фермерлер кепілдемеге алып жатқан малды қойып, оңтайландырған сызба арқылы неисе ала алады.

      Осы орайда етті бағыттағы асыл тұқымды өндіруші бұқаларға деген өсіп жатқан қажеттілікті қанағаттандыру және асыл тұқымды мал басы үлесін ұлғайту мақсатында жоба жүзеге асқан күннен бастап, Қазақстанның шаруашылық – репродукторларына шамамен 50 мың бас шетелдік селекциялы жоғарғы өнімді ІҚМ әкелді» - деп жазылыпты.

      Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтың мәліметіне қарағанда соңғы екі жылда ауыл шаруашылығындағы ірі қара малдың өсу қарқыны – 15,  сиыр – 19,4 пайызға дейін көтерілген. Ал, фермерлік шаруашылықтарда тиісінше 20 және 26,1 пайызға дейін артыпты. Өткен жылы ірі қараның үлесі ұйымдасқан шаруашылықтарда – 31 пайыз, жеке қожалықтарда – 69 пайызды құрапты. Министр мырза осы отырыста сондай-ақ, мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тәсілдері енгізілгендігін де жасырмады.

      Алайда, қашанда аналық мал басын өсіру негізгі міндет емес пе? Тіпті, бұл мәселемен Мемлекет басшысы өзі айналысып отырған жоқ па? Неге біз шетелден топырлатып 50 мың бас асыл тұқымды бұқа аламыз? Осы 50 мың бас бұқаға күйлеп жүрген сиырымыз бар ма? Жалпы, асыл тұқымды етті ірі қара малдың санын көбейтуге не кедергі болып отыр? Соңғы жылдары республикамызға сырттан әкелінген асыл тұқымды етті ірі қараның еліміздің ет өндірісіне тиімділігі, олардың өнімділік көрсеткіші қалай болды. Оған мүлде жауап жоқ. Асылы, асыл тұқымды мал басын арттыруға бір жақты әуестену түбінде жақсылық әкелмейді. Жаңағы 50 мың бұқаны 14 облысқа бөлгенде 3571 бастан келеді екен. Осы жерде  сиыры жоқ немесе басқа өнімді бұқаларды бағып-қағып отырғандар не істемек? 

      Үстіміздегі жылдың ақпан айында өткен Үкімет отырысында сөз алған Ақ бас тұқымды ірі қара мал республикалық палатасының директоры Қабыл Исабекұлы ірі қара малдың жергілікті асыл тұқымының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы әңгімеледі. Оның сөзіне назар салсақ, малдың бұл тұқымының еті мол болумен қатар, өте дәмді көрінеді. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінің табиғатына тез бейімделетін қасиетін де айтып өтті. Премьер-Министр   жергілікті асыл тұқымды ірі қара жөніндегі баяндаманы тыңдай келіп, өзімізде осындай жақсы тұқымды мал тұрғанда шетелдерден несіне мал тасып әуре боламыз дегенді айтты.

      Кеңес үкіметі жылдарында Қазақ КСР-і жылына еш даурықпасыз 360 мың тоннадан астам етті сыртқа шығарған жоқ па? Сонда олар шетелден ұшақпен сиыр тасымалдаған жоқ қой. Есепсіз бұқа да өсірген жоқ. Меніңше, бірінші кезекте қолда барды тиімді пайдалану қажет ғой дейміз. Ертең, шетелден тасылған 50 мың бас бұқа қартайып етке сойылуға тиіс болса, көршілеріміз еті тәтті емес деп алмай қалмай ма? Селекциялық  жұмысты жақсартқымыз келсе неге көршілес Ресейден ірі қара малдың ұрықтарын алдырмаймыз? Қалай болғанда да, 50 мың бас бұқа бізге  тиімділік әкелмейді. Егер, бұқаның орнына өгізшелер алып, семіртетін болсақ әңгіме басқаша болар еді. Шынында басты пәле бұқадан болып жүрмесін.


      Құттыгерей СМАДИЯР, «Мұнайлы Астананың» арнаулы тілшісі. 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _     _____     _____    _    _     ____    
      | || | ||  |  ___||  |__  //  | || | ||  |  _ \\  
      | '--' ||  | ||__      / //   | || | ||  | |_| || 
      | .--. ||  | ||__     / //__  | \\_/ ||  | .  //  
      |_|| |_||  |_____||  /_____||  \____//   |_|\_\\  
      `-`  `-`   `-----`   `-----`    `---`    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх