22 маусым 2017, 22:32
      Қоғам 02.07.2014, 19:29 36 пікір 8015 просмотров

      Батыровша есеп айырысу

      Өткен жұма күні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне арналған жиналыс болып өтті. Жиналыс бар болғаны қырық бес минутқа созылыпты. Салтанатта облыс әкімі бір топ журналистерге өзінің Алғыс хатын табыс етті. Әрине, қауырт жұмыстардың арасынан уақыт тауып, журналистерге бас бұрғаны үшін біз облыс әкіміне алғыс айтамыз. 


       

      Біздің айтпағымыз басқа. Төл мерекеміз қарсаңында шыға бастағанына 11 жыл болған «Мұнайлы Астана» газетінің құрылтайшысы «Батыс Баспа үйі» ЖШС-нің жалпы жиналысы өтіп, редакцияның тоғыз қызметкерін әр түрлі марапатқа ұсыну жөнінде қаулы алынған-ды. Қаулыны облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ә.Қыстаубаеваға жеткізіп бердік. Нәтижесі «Мұнайлы Астана» газетінің редакциясы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтетін жиналысқа шақыру алмады. Және бір де бір қызметкер марапатталмады. Неге?

      Айта кету керек, бұның себебін білмек болып, облыстық Ішкі саясат басқармасына хабарласқанымызда  ондағылар Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін өткізуге Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалы жауапты деді. Ал, филиал төрағасы Қ.Батыров  бас редактор мен директор телефонға жауап бермейді деп құтылыпты. Ұялы телефонды былай қойғанда, редакцияда қалааралық байланыстың төрт телефоны жұмыс жасап тұр. Ақыры, сағат 18:00-ге дейін күткен қызметкерлер ренішті күйлерінде үйлеріне тарап кетті. «Мұнайлы Астана» газетінің редакция ұжымы өздерінің төл мерекесіне арналған салтанаттан неге шеттетілді? Енді осыған келейік.

      Біріншіден, өткен жылы Мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Қуандық Батыров біздің редакциядан кәсіподақ ұйымын құрмақ болды. Бірақ, редакцияға келіп түсінік жұмыстарын жүргізуге уақыт таба алмады. Айналғанда журналистер еш дәрмені жоқ, қағаз бетіндегі кәсіподақты құруға қарсы шықты.

      Екіншіден, газетіміздің сәуір айындағы нөмірлердің бірінде «Кәсіподақтар федерациясы ма, әлде зейнеткерлер федерациясы ма?» деген осы жолдар авторының қыжыртпасы жарияланды. («Мұнайлы Астана» газеті, №16, 16 сәуір, 2014 жыл) Осы қыжыртпада Қуандық Батыровтың есімі аталған болатын. Мүмкін осыған ренжіген шығар. Ренжісе, қыжыртпа авторымен болмай ма? Жиналысқа шақырмайтындай, марапаттардан қағатындай бүкіл ұжымның жазығы не?

      Жасыратын не бар, соңғы кезде, Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының жұмысында өзім білемдік қалыптасып барады. Қазақстанның құрметті журналисті атағына ұсынуда дау-дамайға айналып жүр. Одақ мүшелерінен мүшелік жағына жинау деген бетімен кетті. Жас-тарды журналистер одағына қабылдау да кемшін. Баспасөз күніне арналған жиналыстар ат үсті өтеді. Биыл «Ақ Жайық» газетінің бас редакторы Сабыр Қайырханов Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды. Алайда, бұл жөнінде мерекелік жиналыста филиал төрағасы ләм демеді.

      - Облыс әкімінен кейін мінбеге екінші болып шыққан Қ.БАТЫРОВ журналистерді төл мерекесімен құттықтап, салиқалы сөзін айтар деп күткен едік. Алайда, ол «картты» үлестіріп жатқандай асығыс күйде қолындағы марапаттау қағазын журналистерге беріп тынды. Қаламгерлерге бір ауыз жылы сөзін айтуға жарамады,- дейді салтанатқа қатысқан журналист інішек.

      Айтпақшы, жақында «Сахара» газетінің редакторы республикалық Геннадий Толмачев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Үздік БАҚ редакторы  - 2014»  конкурсының және 1 млн. теңге ақшалай сыйлықтың  жеңімпазы атанды. Атансын, қарсылығымыз жоқ. Тек, газетке бір хабар, не алты жол көңіл айтуды жаза алмайтын Қуекеңнің бұл сыйлықты алуы томпақтау болды.  Ал, осындай журналистің облыс қаламгерлеріне басшы болуы лайық па?

      «Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторы ретінде газет журналистері мен қызметкерлеріне не айтарымды білмедім. Әйтеуір, сау болсын, құрылтайшымыз ұжымды ақшалай сыйлықпен марапаттады. Асылы, ақпарат құралдары күнін атап өту мынадай жайбасарлықты көтермейді. Шынында да, «арқалағанымыз - алтын, жегеніміз - жантақ» екен-ау!

      Құттыгерей СМАДИЯР, «Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторы.

      Пікірлер

        • joil
        • 03.07.2014

        Мен Сізге 100 пайыз косыламын! Батыровтан біздін аріптестерге келіп жаткан пайда бар ма осы?!

        • Мұнара
        • 03.07.2014

        Журналистер Одағын жаңаша көзқарастағы, креативті, жан-жақты кісі керек. Олай болмаган кунде Атырауда жуарналистика саласы дамымайды. Көштен қалады.

        • Айдар
        • 05.07.2014

        Өте дұрыс та әділ айтылған пікірлер. Кейбір ардагер журналистерді 60 қа,65 ке толса да білмеген, елемеген боп жүреді.Ал қыз-келіншектерді қаз қатар қойып 55 інде де марапаттайды.Көрмес түйені де көрмес деген осы. Соған қарағанда осының көзі ала, ісі шала екені көрініп тұрады...

        • Сатқан
        • 06.07.2014

        Құттыгерей осындай батыл пікір жазатын сенен басқа кісі туар ма? екен. Өте батыл жазылған. Батыров бір жағынан кінәлі де жағы бар, ол сіздерді шақырмауы, кінәсіз жағы жиналыста оған жоғарыдағы әкиматтағылар Ә.Қыстаубаева 50 пайыз кінәлі. Батыровқа сөз бермей көптеген марапаттарды, сахнада бергізбеген,уақыт кетеді деп баяндамада жасатпаған.Батыров байғұс амалы жоқ,әзірленген марапаттарын картша коридорда таратты ғой. Ол шарасыз болды,оныда түсінуге болады.

        • Сейтжан-Актау
        • 06.07.2014

        Сахара газеті не газет? Онда не жазылады қайдан алуға болады. Мен Батыровты білмейді екем.Егер газетті оқысам ол кісіге оң баға берер ем.Алған сыйлығың оң болсын,сен егер жіберген қателігің болса не үшін болғанын ашып жазып, ақтал кінә Ә.Қыстаубаевадан болса аяма, ақиқатын жазып сойып сал, немесе тірілей терісін сыпыр. Жұмысыңның оңалуына ақталуыңа тілектеспін.

        • Ғалімжан - Орал қаласы
        • 07.07.2014

        Аяулы әріптестерім сіздердің көңіл күйлеріңізге қайғырып көңіл айтамын.Баршаңызды сабырға шақырып шарасыздық танытпай, қасқиып тұрып көкрекшіл, өзімшілдікпен күресе беріңдер! Келесі мейрамға дейін қарымты жұмыс жасап билік басшыларына көрініп, оқырмандарыңыздың көңілінен шығып өңіріміздің салиқалы тұшымды мақаларыңызбен баршамызды қуантсаңыздар. Келесі жылы марапаттау биігінен көрінесіздер. "Мұнайлы астана" беделді газет баршаңызға табыс тілеймін,мойымаңыздар.

        • Қосын
        • 07.07.2014

        Достар да ренжісе ме екен. Екі досқа не болған? Бір түсінбестік бар сияқты.

        • Бөлтірік
        • 08.07.2014

        Батыровтын жүрген жері криминал. АНПЗ-дан алған 800 мың тенгенің арағы қайда? Индер ауданындағы бір отар қой ше? Осыдан қызметкеріне дым бермедің ғой!!! Ұят емес пе?!!!

        • Индер...
        • 08.07.2014

        Батыров сені 10 жол хабар жаза алмайды дейді ғой, мұның енді ұят!!! Мен болсам арыз беріп жұмыстан кетер едім....

        • Сансызбай
        • 08.07.2014

        Журналистерди тек баспасоз куни карсанында ойласын. Баска уакытта дым жок, осы дурыс па Батыров

        • Ембі
        • 08.07.2014

        Облыс әкімінің орынбасары Ш. МҰҚАН мырза не бітіріп жүр? Сахара сияқты газетке госзаказ беруге бола ма? Біздің Жылыойдын газеттері бәлең жыл бойы госзаказға қол жеткізе алмай жүр. Ал, БАТЫРОВ жыл сайын бес миллионға госзаказ алып жалғанды жалпағынан басуда.

        • Kok koz
        • 08.07.2014

        Olzhas Suleimenovke tanqalam. Dangair atagi bola turip, Genadii Tolmachev atindagi silikti Batirov siaqti asirandi redactorga tapsirgani. Ozinin siliq tapsirgan adami qandai ekenin bilmey me???

        • Беимбет
        • 08.07.2014

        Асылы Батыров озинин не сыйлык алганын билмейди ау. Атырау газетине берген сухбатында. Олб Евгении Ттолмачев атындагы сыйлык деди. Дурысы Генадии го Гена

        • Ринат
        • 08.07.2014

        Беимбет, Жаңағы сұхбатында Журналистер үйін саламыз депті. Атырау Акпарат тұрғанда Журиктер үйіне не керек?!!! Онын ойы өз үйінде паналатып отырган "Сахара" газетін, сонда көшіру гой!!!

        • ардагер
        • 08.07.2014

        40 жыл бойы калам терлетіп журген Құттыгерей кателескен кезі сирек. Оның сынына ұшарағандар не Асылып өледі, не Жұмыстан кетеді. Құдай сақтасын Батыров біріншісі болмай, екіншісі болсын!!!

        • койындар
        • 08.07.2014

        Эх, әріптестер! койындар. Түсінем сіздерді . Қазақпыз ғой өзімізді түсірмейік

        • Правда
        • 10.07.2014

        Ашы болса да шындык жаксы. Сол кезде барлык атакты орынбасарына улестирдиго. Ол адилдик емес, каншама ардагер журналистер бар олар неге улыкталмады? Батыровша жакынып айтканша, тилимизбен батырып айтайык.

        • Шокпар
        • 10.07.2014

        Парвда, оте дурыс айтасын мен де сол жерде отырганда козиме ериксиз жас келди. Жаным у дай ашыды. Неистеримди блми турип кетип калдым. Келеси жылы бул кайталанбасын димиз гой.

        • Абдулла
        • 10.07.2014

        Мұнайлы Астана газетін кәсіптік мерекеге шакырмау ұлкен кемшілік емес пе? Ол жане батыровтын тарапынан болганы кешірімсіз жәй. Сонда ішкі саясат басқармасы айға қарап отыр ма??? Қайтсін араларында бір журналист жоккой.

        • қызылқоға
        • 10.07.2014

        Қызылқоғаға мұнайлы астана кешігіп жеткендіктен макаланы газеттің өзінен окып отырмын. казіргі ага буын журналистердін копшілігі Баттыровтын алдын көрген болатын. Себебі, 95-жылдары АрЧесть газеті шықты. Атыра ужурналистикасының алыптары Т.Жауров, Перов, Смадияр жұмыс жасаған кезде бұл газеттін аты көпке таңылған. Жақында мен Мұнайлы Астана газетінің редакциясында болдым. Бас редактордын бөлмесінде 10 жыл бойы алған дипломдармен грамоталардың есебі жоқ. Бұл Құттыгерей Смадиярдын еңбегі ғой. Осы еңбек биыл неге еленбей қалды???

        • Азамат Базарбаев
        • 11.07.2014

        Толыктай косыламын

        • әлібек
        • 11.07.2014

        Құттыгерейдің әдет го, өзіне сыйлық бермеген адамды жүндей түтетін! ТШО-ның ақшасын жыл сайын алып жүр. Қайда жерде ақша береді, сол жерге өзін ұсынады!
        Батыров бір қағаз бермеп еді, жаны шығып кете жаздады! Өзіне сол керек, Құттыгерейдің!

        • Назым
        • 12.07.2014

        Мен ушин марапат манызды емес,катты кагазга бола кайгырмаймын. Рас, "Мерекенмен, айналайын" деген лебизиндеги керек десениз акелик "Айналайыны" ыстык,шын ыкыласымен айтты деп билемин.Ашык пикир айтылганы жаксы,бирак, калын окырман кауымга К.Батыров не, А.Кыстаубаева "кыспак корген" макаланын "туздыгы бар жерлери" коп асер ете коймас (бизде али "Кала акими ким казир?!" деп сурайтындар бар,баскарма басшыларын тур тусимен тануы екиталай))) зырылдатып оки салады. Мен ушин газеттин абыройы артык,беделди басылымга актарылып жазганда агалар осыны ойласа иги.Коммент калдыргандар да тилшилер - бири мактайды,бири даттайды. Баспасозге ел карап тузеледи,елдин ишинде биз,жастар бармыз,сондыктан, бирликте болайык!

        • Айдар
        • 12.07.2014

        Батыровтың былықтары көп екен ғой. Ондай адамнан жақсылық күту артық. Ол өзіне жағымпазданғанды ғана ұнатады. Өзі де сондай. Осы жасқа келіп томпаң қағуы соны байқатады. Бойдақтар мен жағымпаздарға марапат таратудын шебері. Жылда солай. Тіпті ондай марапатты басбухтар мен басқалар да алып үлгерді. Ал замына қос-қостан бере бастады. Өйткені газет алған марапатты өзі жеке иелену ойында бар-ау шамасы. АНПЗ сияқты..Ұят-ақ.

        • каке
        • 12.07.2014

        Өлімнен ұят күшті. Ұятты болдың кеткен дұрыс қой. Сөйтіп құнығам деп істі болып, шатылып кетерсің қарағым.

        • Даша
        • 15.07.2014

        Пікірлердің дені дұрыс. Қазақстан Журналистер Одағының облыстық ұйымы Батыровтың жекеменшігі емес қой. Марапатты қырық жол хабарды қиналып жазатындарға үлестіретін. Тауман Амандосов атындағы жүлдені не кім көрінге беріп, аруақты мазалап жүр. Бір журналист апамыз айтпақшы: "Тауман ағамыз ғайыптан тайып тіріліп кетсе, мына өз атындағы сыйлық жүлдегерлерінің денін қақ бастан таяғымен бір періп, естен тандырар еді". Жарайды, шешім шығаратын тек Батыров емес қой,қасындағы алқа мүшелері қайда? Бәрі бірдей Батыровтың дегенімен жүретіндей не күн туыпты. Жаса, Құттыгерей, көптің көңіліндегі пікірді ашық айттың. Жиналысында нең бар, қайта шақырылмаған сен ұттың ғой. Әйтпесе, ащы шындық халыққа жетпес пе еді. 55-ке келді деп ана қатындарды ұлығылау да жөн емес... О қатындардың жайы белгілі...

        • Айбарлы
        • 18.07.2014

        Ой Батыров-ай мынауың ұят екен, кім көрінгенге сыйлық таратқаның. Аруақтар жай жібермес. Қасындағылар да бәрі сыбайласып кеткен ғой. Әйтпсе аз ғана журналисті алалап нелері бар еді. Бұрын ардагерлерге ін еді, енді жастарға, жұмыс істеп жүргендерге, жанындағыларға, қалтасы қалыңдарға беретін болыпсыңдар ғой. Шамасы солардан пайда бар ау. Пайда қуғандар арамызда да бар екен, беті әрмен. Финполға айтып тексерту керек бұларды. Бір күні # мына тесіктен қарап отырма.Одан да кеткенің дұрыс қой пәлеге қалмай тұрғанда...Әділ адам келсін.

        • maha
        • 18.07.2014

        Масқара ғой мынауың Батыров. Қара бет болдың ғой. Қасындағылар айтсаңдаршы мынаған: қой, елді алалама деп. Әлді бәрің әндессіңдер ме? Бастық болғанның бәрі сондай деуші еді...Мыналарың ұят,ұят екен. Алма -ағашынан алысқа құламайды, деген осы ау...

        • Айдана Ержигитова
        • 18.07.2014

        Жазған матреиалдардың авторлары неге толық аттарын жазбайды. Маша, Даша демей. Қаралай бермей, пікірлер айта бермей. Қазақпызғой өзімізді түсірмейік.

        • ақ патша
        • 22.07.2014

        Құдай сақтасын.Мақаланы оқып шошып едім, төмендегі пікірлерді оқып төбе шашым тік тұрды. Батыров негізі өзі бұрынан сараңдау ғой.Әй Батыров, Батыров бұл " ЖМОТТЫҒЫҢ" бір күні тесіп шығар ау, тесіп!!!!

        • Дала қазағы
        • 22.07.2014

        Жалпы тек Батыров қана емес, барлық бастықсымақтар өзіне жағынғанды ұнатады. Содан қасындағы жалпылдақтарына құрмет пен марапаттарын үйіп төгіп береді. Жастарға тәрбие көрсетіп, жақсыны үйретудің орнына...Шыны керек Батыровтын бірде бір мақаласын оқып көрмеппін.ол сонда бақандай Журналистер одағының төрағасы болып қалай жүр.Міне сұрақ...

        • Жаңбырбаев Фарид
        • 22.07.2014

        Г.Толмачев атындағы сыйлықты алғандығы жөнінде мақаланы көріп езуіме еріксіз күлкі келді.О.Сүлейменовке мысқылдап күліп қолын алғанды. Сол алған 1000000-ын қызметкерлеріне әсіресе орынбасарына бөліп берген шығар.әлде баяғысына басып бір тиынын да татырмай өмірі толмайтын қалтасына салып алды ма екен сірә.

        • Қаламгер Алматыдан
        • 09.08.2014

        Бұл сорақылық екен, мына әңгіме рас болса............

        • шындық
        • 04.07.2016

        журналисткада 40 стажы болса да Құттыгерей Смадияр әлі күнге дейін "Қазақстанның құрметті журналисі" атағын алмапты. Негізі ол кісіні сол атаққа осыдан екі-үш бұрын ұсыныпты дегенді естіген едік. Расында, Құттыгерей бұл лауазымға лайыкты деп білемін. Ал түк бітірмесе де Батыров олдан бері карай неше түрлі атактарды ұялмай алып келеді, алып келеді! Ұялса нетті!!! Күні кеше Алтын белгі алыпты деп естідім! Рас па??? Ұят ай!!! Оны қай еңбегін сініріп алып жүр??? Соны айтып беретін адам бар ма???

        • Аза
        • 04.07.2016

        Дұрыс айтасын! Бізде шынында мұндай заслуженный атақтарды еңбегі сінгендер емес, ЕҢБЕГІН СІҢІРМЕГЕНДЕР алады! Себебі менің құрдасым АЙТҚАЛИ НҰРҒАЛИЕВ та Қазақстанның құрметті журналисі атағын ала алмай жүр. Ал енді қараңызшы, Айтқали кім? Қуандық кім?

        • Сүлеймен
        • 12.12.2016

        Құттыгерейдің есімінің өзі атақ қой. Құттыгерей Смадияров десе бәрі өйт деп танып біледі. Сол қоғамдық ұйымның (басшысы сотталып кеткен сияқты) атағына қызықпайтын да шығар. Рас мемлекеттік марапатқа лайық журналист. Құрмет яки Парасат, тіпті Барыс берсе де артық емес. Түбі орден оған беріледі!

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     _    _    __   __    ______    _  __  
      |  __ \\  | || | ||  \ \\/ //  /_   _//  | |/ // 
      | |  \ || | || | ||   \   //    -| ||-   | ' //  
      | |__/ || | \\_/ ||   / . \\    _| ||_   | . \\  
      |_____//   \____//   /_//\_\\  /_____//  |_|\_\\ 
       -----`     `---`    `-`  --`  `-----`   `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх