24 сентября 2017, 12:49
      Мұнай 25.06.2014, 15:16 0 пікір 1242 просмотров

      Шілде айында бензин қымбатси ма?

      Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау көптен бері әңгіме болып келе жатқан. Соған өткен аптада нүкте қойылды. ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға Ресей мұнайын тасымалдаудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдап, бекітті. Аталған құжат бойынша, Қытайға бағытталған біздегі құбыр арқылы 7 млн.тонна мұнай тасымалданбақшы екен. Яғни, Ресей Сібірден өндірген мұнайды әуелі Омбыға жеткізіп алып, әрі қарай Қытайға жеткізу үшін «Ертіс-Атасу-Алашанқай» магистралдық құбырының қызметіне жүгінбек көрінеді. 


      Енді осы құбыр арқылы тасылған мұнайдың әрбір тоннасы   үшін Ресей бізге доллармен есеп айырысқалы тұр. Сарапшы мамандар бұл келісім біздің республикамыз үшін өте тиімді дегенді айтуда. Қараңызшы, бұрындары Павлодар мұнай өңдеу зауытына шикізаттың көп бөлігі біздің Атыраудан тасымалданатын. Ал жоғарыдағы қабылданған құжатқа сай Қытайға айдалған 7 млн. тонна мұнайдың 5 млн. тоннасын біз өзімізге алып қалады екенбіз.

      ҚР Мұнай және газ министрі  Ұзақбай Қарабалин :

      -Павлодар зауыты Батыс Сібірден өндірілетін мұнайды алып, өңдеу үшін салынған. Атыраудан таситын мұнайымыз болмашы ғана. Ал енді, 2016 жылы өндіріс ошағы толық реконструкциядан өткен соң Еуро -4, Еуро-5 деңгейлі мұнай өнімдерін шығара бастайды. Бұл кезде көп мұнай қажет болады. Бүгінгі келісім бойынша Қазақстан тарапы Қытайға тасымалданатын 7 млн.тонна мұнайдың 5 млн.тоннасын алып қалады. Бұл үшін ешқандай ақы төленбейді. Біз олардың мұнайын өтейміз, - дейді.

      Біздің  шекара арқылы Қытай еліне мұнайын экспорттайтын Ресей еліміздің бюджетіне түсетін 74 млн. теңге салықтан босатылыпты. Көршіміз мұндай жеңілдікке Еуразиялық Экономикалық Одаққа өткесін ие болып отырған көрінеді.

      Айтпақшы, республикамызда жанар-жағармай тапшылығынан құтылу үшін төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайтын болды. Шымкент мұнай өңдеу зауыты қайта жаңғыртудан өтпекші. Осы жерде бұл зауыттың қуаты күні кешеге дейін 6 млн. тонна болып келді де, аяқ астынан 15 млн. тонна өнім өңдейтін болып шыға келді.  Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытын қытайлықтар жаңғыртуда. Сонда республикамыздағы үш зауыт қатар жаңғыртылып жатқанда жанар-жағармай тапшылығы болмай ма?

      Шілде айының ішінде елімізде бензин бағасы шарықтап өсуі мүмкін дейді сарапшылар. «Tengrinews.kz» тілшісінің сұрағына жауап берген «WildBearCapital» компаниясының сарапшысы Виктор Неустроев таяуда 1 литр бензиннің құны 180 теңгеге дейін жетуі мүмкін деп ескертті.

      -Бұрынырақ арзан бағамен сатып алынған біздегі бензин қоры жақын уақыттарда таусылады. Сондай-ақ, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының  жанармай өндіру көрсеткіші біртіндеп қысқаруда. Ал ресейлік жанармай тұтынушы Қазақстанға Ресейдің мұнай өнімдерімен өз бағасын теңестіруден басқа жол жоқ. Қазақстанға барлық жанар-жағармайдың 40 пайызға жуығын Ресейден сатып алуға тура келеді, - дейді. Ол ресейлік мұнай өнімдерінің бағасында да өзгерістер болуы мүмкіндігін хабардар етті. Яғни, 10 пайызға қымбаттайды, - дейді.

      Көршілеріміздің өзінде жанар-жағармайға тапшылық сезілуде. Ресейдің мұнай-газ өндірушілерінің президенті Геннадий Шмаль нарықта жанар-жағармайды үнемдеп пайдалану қажеттілігін, оларды тұтынуға белгілі бір әлеуметтік нормалар енгізу керектігін баса айтуда. Осы арқылы тұтынушыларды жанар-жағармаймен толыққанды және қолжетімді межеде қамтуды тағы бір мәрте баса айтты. Оның осы мәлімдемені жасағанына екі айдай уақыт өтті. Шмаль мырза алдағы уақытта Ресейде жанар-жағармайдың бәсі 10 пайызға артатынын да жасырмады.

      ҚР Мұнай және газ министрі шілде айында республикада жанар-жағармайдың бағасы тағы да өсетінін хабарлады. Ол «Бензин бағасының қаншаға көтерілетінін дөп басып айту қиын. Өйткені, әзірше маусым айынан қалай шығатынымыз белгісіз. Ең бастысы, Ресей тарапынан өзгеріс  болмасын деп тілейік, өйткені бензиннің басым бөлегін осы көрші елімізден тасымалдап отырмыз», - деді. Біле білсек, республикамыз Ресейден жылына миллиондаған тонна бензин импорттауда. Министрдің сөз ләмінен байқағанымыз республикадағы жанар-жағармай қоры осы маусым айына ғана жетеді екен. Министрліктің мамандары болса ең өтімді АИ-80, АИ-92 маркалы бензин қорын жіті есептеп жатқан көрінеді.

      Мынаған назар аударыңыз, қазір АИ-95 маркалы бензин Ресейде 33,46 рубль  құраса, бұл бізше 173,8 теңге тұрады деген сөз. Ал, АИ-92, АИ-93-30, 42 рубль шамасында, яғни, 158,1 теңге болып тұр. Енді жоғарғы сұранысқа ие АИ-92  бензинінің қанша теңгеге қымбаттайтыны әлі белгісіз. Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап республикамызда дизель отынының бағасы өсіп кетті. Сарапшылар мұны тапшылықтың жоқтығына қарамастан жағармайдың қымбаттауы мәжбүрлі түрде қымбаттау екенін білдіреді дейді. Олай болса елімізде қымбатшылықтан титықтап күнін әрең көріп отырған халық жанар-жағармайдың кезекті қымбатсуына қалай қарар екен? Жолаушы тасымалдайтын көліктер болса жол ақыны көтеру жөнінде қалалық әкімшілікке шығуда. Сонда бензиннің қымбатсуы неге апарып соқтыратынын білген адам бар ма?


      Құттыгерей СМАДИЯР, «Мұнайлы Астананың»  арнаулы тілшісі.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __   _____      _____    __   _   
      | |  | ||  \ \\/ // |  __ \\   |  ___|| | || | || 
      | |/\| ||   \ ` //  | |  \ ||  | ||__   | '--' || 
      |  /\  ||    | ||   | |__/ ||  | ||__   | .--. || 
      |_// \_||    |_||   |_____//   |_____|| |_|| |_|| 
      `-`   `-`    `-`'    -----`    `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх