27 шілде 2017, 20:33
      Қоғам 11.06.2014, 15:49 0 пікір 1239 просмотров

      39,5 миллион теңге кассаға кірістірілмеген

      Жуырда Атырау қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында  партия жанындағы Жемқорлыққа қарсы әрекет  жөніндегі қоғамдық кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебін тыңдау, талдау отырысы өтті. 


       

      Шараға ҚР ҚМ ҚБК Атырау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының, облыстық прокуратураның, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының, облыстық Тәртіптік кеңестің, облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің, ҚР ДМ медициналық және фармацевтикалық  қызметті бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшылары қатынасты.

      Кеңес отырысын облыстық партия филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Сайын ҚУАНЫШЕВ жүргізіп отырды. Осы мақсатта аталған қоғамдық Кеңестің мүшелерінен арнайы жұмысшы тобы құрылып, Атырау қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерінде  тұрғындардың және медицина қызметкерлерінің ой-пікірлеріне талдау жасалғанын, сонымен қатар осы сала бойынша жемқорлық фактілеріне қатысты тиісті құзырлы мемлекеттік органдардан анықтамалар алынғанын атап өтті. Кеңес отырысында «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы, қоғамдық кеңес мүшесі Асқар БОПЫЛДЫҚОВ  жұмысшы тобының хабарламасын жасады.

      - Қаладағы №3, №7 емханалар мен Алмагүл  ықшам ауданындағы балалар емханасында және облыстық ауруханасының емделушілер арасында сауалнама жүргізілді. Біз пікірлескен емделушілер мен медициналық көмекке мұқтаж болып келген азаматтардың көпшілігі дәрі-дәрмекті өздері сатып алатындықтарын, кейбіреуінің бағасы 2000 теңгеге дейін жететінін, дәрігерлер беретін дәрілердің сапасыздығын, қан тапсыру ақылы, медициналық тексерістен өту үшін бірнеше күн жүріп, қаланың түкпір-түкпіріне баратындықтарын айтты. Ал, медицина қызметкерлері аурухана мен емханаларда ақылы қызметтер бола тұра жалақыларының аздығын жеткізді, - дейді ол.

      Баяндамада облыстық прокуратураның берген мәліметіне сәйкес, өткен жылы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы, 1 тармағы, 10 тармақшасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттер жасағаны үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Г.Д.ҚАЙЫРҒАЛИЕВА  денсаулық сақтау басқармасы басшысының №222 бұйрығымен тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Диспансердің бас есепшісі М.ӨТЕПҚАЛИЕВА және басқа да тұлғалармен ақылы қызмет төлемдерінен түскен жалпы сомасы 39 449 614,22 теңгені қолма-қол ақшаның бухгалтерлік касса есебіне кірістірілмегені және шығындалғаны туралы нақты растайтын бухгалтерлік касса құжаттарының жүргізілмегені анықталған.

      Ал 2014 жылғы тіркелген заң бұзушылықтарға келсек, Индер ауданында құны  16 050,0 мың теңгенің 2012 жылы алынған «Кардиологиялық жәрдем көрсететін тредмил системасы» аппаратының күні бүгінге дейін пайдаланылмай тұрғандығы анықталған. Жалпы алғанда облыстық денсаулық сақтау басқармасында және оған қарасты мекемелерде бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне кешенді тексеру қорытындысында жалпы сомасы 280 млн. теңге болатын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 750 мың теңгені құрап отыр.

       Аталған олқылықтарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы тарапынан нақты жауап аламыз деген сенім білдірген баяндамашы сөз кезегін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВКЕ ұсынды. Күн тәртібінде денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының есебінен гөрі, жалпы жасалған жұмыстар тізбеленді. Баяндамашыларға кеңес мүшелері  сұрақтар қойды. Атап айтсақ, мәселен, дәрі-дәрмекті сатып алуға тыйым салынғандығы, қаладағы жекеменшік ауруханалардың жұмысы, ақылы қызметтер және басқа да мәселелер төңірегінде сауалдар қойылып, басшы өз жауабын берді. 

      Қоғамдық кеңес отырысының соңында талқыланған мәселелер бойынша  арнайы  қаулылар  алынды.    

      Балнұр САПАРОВА, сурет автордыкі.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __   ______    _    _      _____  
       /_   _//  \ \\/ // |      \\ | || | ||   / ___// 
         | ||     \ ` //  |  --  // | || | ||   \___ \\ 
        _| ||      | ||   |  --  \\ | \\_/ ||   /    // 
       /__//       |_||   |______//  \____//   /____//  
       `--`        `-`'   `------`    `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх