25 сентября 2017, 19:15
      Аймақ 28.05.2014, 16:25 0 пікір 1341 просмотров

      Әлімгереевтің әлемі

      Қазақстанның құрметті журналисі, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ 65 жасқа толды. Осыған орай ол Ғабдол СЛАНОВ атындағы кітапханада өз оқырмандарымен кездесу өткізді.  


      Өлкетанушы, көптеген кітаптардың авторы Өтекеңді замандастары мен қалам ұстаған іні-қарындастары ерекше құрметтейді. Оның кешегі оқырмандарымен бас қосуында да көптеген тілектер айтылды. Өтекең күйші Құрманғазы, атынан ат үркетін аңыз адамдар жайында да қалам тербеп келеді. Оның қаламынан туған туындылары бір атанға жүк боларлық. Өтепберген ағамыз мақтауымызға зәру жан емес, десек те, азды-кем өз ойымызды білдіре кетелік.

      Маң басқан Өтақамды көргенде құрдасы боп тумағаныма қынжылыс танытатыным бар. Себебі, «шымшымасы бар» ағамның шымырлығы сөзінен аңғарылып тұрады. Бір қағарлығы баршаға мәлім. Өзіне ғана жарасып-ақ тұрады. Өтепберген Әлімгереевті замандастарынан артық білмеспіз, алайда білетініміз ол – жастардың банкоматы. Соңынан ерген жастардың көбісі ақшадан «қысылған» уақытта осы ағамнан қамқорлық көріп келеді. Бұған ақын інісінің мына бір өлеңі дәлел.

      ...алға қарай жорта жөнел, ал, ақын,

      Тек кірлетіп алмағайсың ар атын.

      Өтепберген көкем қайда жүр екен,

      10-15 мың қарыз сұрап алатын, -дегені. Тәрелкесінен су татырғысы келмейтіндердің қасында Өтекеңнің жастарға жасаған қамқорлығы қалғандарына үлгі болса игі еді. Қолында барын басқаға ұсынғысы кеп тұратын бұл ағамның жазары көп болсын!  

      Асан ҚАСАН, сурет автордыкі.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    ______    ______   __   __   ______   
        / ___//  /_   _//  /_   _//  \ \\/ // |      \\ 
        \___ \\   -| ||-     | ||     \ ` //  |  --  // 
        /    //   _| ||_    _| ||      | ||   |  --  \\ 
       /____//   /_____//  /__//       |_||   |______// 
      `-----`    `-----`   `--`        `-`'   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх