29 апреля 2017, 23:35
      Шоу-бизнес 27.03.2014, 11:37 0 пікір 2689 просмотров

      “Саған сенемін” ток-шоуы не тәрбие береді?

      Республикалық телеарналар бағдарламаларының ішінде көрерменнің қатты сынына ұшырап жатқандар бағдарламалар бар. Енді солардың қатарына «Астана» телеарнасынан көрсетіліп жатқан «Саған сенемін! Мой лучший!» ток-шоуы қосылды. Еліміздің бірінші арнасының көрсетілімі халыққа қалай жақпай қалды?


       

      Аталған шоу ашылғаннан-ақ ешкімге ұнамағаны рас. Бағдарлама жүргізушілерінің жиі ауысуы, олардың келген қонақтармен екі тілде қойыртпақтап сөйлесуі көрерменді шатастырып жіберді. Жалпы, шоуды ұйымдастырушылардың мақсаты - әйелдің ас үйдегі шаруасын білмейтін күйеулердің сол әйелдерінің көзінше ептілігін, қабілетін сынау арқылы қызықты думан жасау екені белгілі. Бірақ, кейде көрерменді күлдіреміз деп шектен шығып кететін жағдайлар аз кездеспейді. Осыны бірден байқайтын көзі қарақты көрермен өз ойларын әлеуметтік желілерде ашық айтып жүр. Осы шоудың жүргізушілері жөнінде «namys.kz»  сайтында Дәурен есімді сайт қолданушысы:

      - Берік бекер жүр ме деп қаламын сол бағдарламада. Көгілдір сияқты киіндіріп, қызша майысып, өзін әрқашан “Күлпәш” сезініп жүретін сияқты. Образдан шығатын уақыт жетті ғой” деп пікір білдірсе, Жанар есімді қыз: - “Неге бұл бағдарлама қазақ - орыс тілдерінде? Неге таза қазақ тілінде емес? Жалпы біздің идеологияны түсінбейсің, күннен-күнге құлдырап барады, көретініміз ылғи аударма, осы “Астана” телеарнасында қазір болып жатқан комедиялық фильм, ылғи қара қазақтар орысша сөйлейді, арасында қазақша қосып қояды. Бұл нені білдіреді, біздің қазақ тілді жүргізушілер, режиссерлар, әртістер мұндай бағдарлама жүргізе алмайды немесе кино түсіре алмайды деген сөз бе?” деп жазыпты. Әрине, олар жүргізушілердің өз-өздерін қисынсыз қылықтарымен ұстайтынын, қазақ тілінде сөйлемейтіндерін сынап отыр. Ал, Әсия есімді көрермен:

      - Алғашында эфирге шығып жүрген кезде жақсы бағдарлама сияқты еді. Кезекті бір санында тостерден нанды лақтырып ойнағаннан кейін мүлдем жек көріп кеттім десем болады. Ал, нан аяқ астында шашылып жатты. Көп отбасы сол бір үзім нанға жарымай отыр емес пе? Тойынғанның белгісі ме, әлде?” деп, ащы ойын жеткізіпті. Осындай садақтың оғындай сын – пікірлерге қарамастан жалғасып келе жатқан шоудың осы жылдың ақпан айында көрсетілген кезекті көрсетілімі, тіпті, жұрттың төбе шашын тік тұрғызғандай болды. «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояп» жіберген ұйымдастырушылар тым шектен шыққандарын өздері де сезбей қалды-ау. Өйткені, шоуда ойнатылған ойын намысына тиген қазақ жігіттері желілерде өре түрегелгендей еді. Мысалы, осы сайтта Сәкен АЛДАШБАЕВТЫҢ мақаласы жарық көрді. Оның мәтіні төмендегідей. 

      «Кешегі сенбіде «Астана» теларнасынан «Саған сенемін» атты телешоуды көрген боларсыз, ағайын. Ел алдында Ақжолдай ағамызға нан илетіп, сәби жөргегін кигізіп қорлатқан шоу ұйымдастырушылары одан кейін де қазақтың атпалдай жігіттеріне масқара тапсырмалар беріп, әйелінің сенімін сол бір ойынға тіреп қорлаған еді. Ал кешегі сенбі күнгі нұсқасында тіптен масқара болды. Қазақтың арыстай жігіттерінің алтын бастарына әйелдің төменгі жағына киетін киімін (колготки) кигізіп, ұшына алма салып, оны басымен айналдырып, үстел үстіндегі қалбырларды ұрып құлаттыруға тапсырма берді. Қып - қызыл жігіттеріміз жұбайы берген бағадан шығу үшін бастарына әйелдің колготкиін киіп, сайысқа түсті. Атам қазақтың «Басыңдағы бөркіңді шешіп, қатынның жаулығын тарт» деген ең қорлық сөзден де төмен түсіп кеткен бейшара ойын талабын орындап шықты. Онысымен қоймай, кейбіреулері бастарынан шешпестен камера алдында сайрап отырды-ау. Текті аталарымызды айтпағанның өзінде күні кешеге дейін ер азаматтарымыз әйелін көтеріп жүрсе де, оның сөмкесін көтеріп жүрмейтін еді ғой. Қайран әжелеріміз ер азаматының бас киімін жоғары қойып, кебісінен аттамай, күпісін өзі жамылмаған еді. Ал әйел мүлкі мен киімін ер азаматтар басына кимек түгілі қолына ұстап көп алдына шықпап еді. Азаматтың басы тұрмақ аяғынан аттап кеткен әйел кешірім сұрайтын. Міне, біз сондай текті едік. Бас аяғы шамалы уақыт ішінде барлық құндылықтарымыздан айырылып, құрдымға кетіп барамыз.Әйелдің лыпасын басына киген бүгінгі ерлерді көрген ұрпақ ертең не істемейді, қандай қорлықтарға бармайды. Қазірде ұлттық құндылық, адамдық қасиеттен қырын кетіп бара жатқан жайға налаңды айтсақ, «қызғанып отырсың» деп шыға келетіндер көп. Осы жолы мен шынымен де қызғанып отырмын. Яғни, мен қазақ арыстарының арын, намысын, бедел, биігін таптағысы келген әлгі шоудан ұлттық тектілігімді қызғанып отырмын.

      Басы төрге ғана лайықты қазақ жігіттері қатынның лыпасын басына кигені намысы бар азаматтың жанына тимей қоймас. Мүмкін, менің түсінігім де дұрыс емес шығар, қазір жаңа заман ғой, алайда қазақ деген текті халық тектілігін аштықта да, жоқтықта да, соғыста да ұстап қалған еді»,-депті ол. Күйінгеннен шыққан сөз осындай болар. Шоудың қазіргі жүргізушілеріне де көпшіліктің көңілі толар емес. Әсіресе, әнші Меруерт  ТҮСІПБАЕВАНЫ ауыстыруларын сұраған көрермендерде есеп жоқ. Оның жасанды қылығы жұрттың жүйкесін жұқартқанға ұқсайды. Төменде келтіріп отырған оқырмандардың ой-пікірлерінен – ақ, шоудың қандай беделге ие екені айтпаса да түсінікті болады.

      ПІКІРЛЕР (түзетілмей беріп отыр)

       


       

      • Гүлнәр Тазабекова :

      Шынымен масқара болған екен. Ер адамның кеудесіндегі намыс өлді дегенше, қазақ өлді десейші. Ол шоуды ұйымдастырып үрген адамдардың түйсігі төмен болып тұр ғой. Маған “ат басындай алтын берем, қазақтың жігіттерін қорлайтын шоуды жүргіз” десе, сол адамның басын ат басындай таспен жарып, быт-шытын шығарар едім.

      • Anonymous:

      Әрине, өте ұят қылық болыпты. Сәкен саған рақмет. Мен осы бағдарламаны көргім де кемейді,себебі Меруерт Түсіпбаева мен әлгі жігіт екеуін жарнамалап жатқанын көрсең аянышты.Не қазақшаны жарытпайды,не орысшаны жарытпайды. Жасап жатқан әрекеттері дені сау адамның әрекетіне сай емес.

      • Акыл:

      Дер кезінде мәселе қозғап отыратын сайтқа ризамын. Ұлт намысы, иманымыз үшін қызмет жасап жүргендердің баршасына Аллаһ разы болғай.

      Бүгінде азаматтарымыздан намыс кеткені рас. Әйелдеріміз, сірә, абыройдан айрылып болды. Ең абзалы, өзінің ар-намысын жоғары қоятын азамат ондай бағдарламаға қатыспай-ақ қойғаны.

      •Ақару:

      Шыныменде менде осы бағдарламаны қарап түк түсінбедім, баяғы ер адамдардың сағын сындыру ма, басты мақсаты не? Осы арнаның Кеңесі қайда, отбасыңмен көруге ұят. Алып тастаса артық болмас. Балаларға үлгі өнеге , үлкенге ақыл кеңес беретін дені дұрыс бағдарлама ойластырмас па онанда

      • алланын кулы:

      бул не маскара казагым каида барасын катыннын лыпасын киген деген не сумдык сол передачага жаным кас алып тастауга болар мекен апталдай азаматтарымызда корлау гой

      • АЙМАН:

      ЗАМАН АКЫР ДЕГЕН ОСЫ ШЫГАР

      • марал:

      Мен де ойланып отырмын!Қазақтың ерекше бір қасиеті ер азаматты бағалап сыйлау. Бұл қасиетін жоғалтпай дарыту әр жан ұяның міндеті гой.Басқа өзіміз қандас елдерге қарасақ мысалы:Түркіменстан қандай әдет дәстүрлерін сақтап келеді.Шет елге еліктемей өздерінің көздеген бағытында телеарнада бағдарламалары жүріп жатыр.Бұл Сакен Алдашбай мырзаның қазаққа деген жанашырлығы деп түсінемін.(феодал,ескілік деген бекер достарым)Ер азаматын сыйлаған жан елін де сыйлай біледі.Үлкенді де сыйлай алады.Әр ана жанұяда әкеңді сила,ер азаматты сыйла ,ағаңды сыйла деп қызына тәрбие берсе ,ұрпағымыз тәрбиелі боп мақтанышымыз болмақ!


       

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___               _    _    _____    
      | \  / ||   / _ \\    ____    | || | || |  __ \\  
      |  \/  ||  | / \ ||  |    \\  | || | || | |  \ || 
      | .  . ||  | \_/ ||  | [] ||  | \\_/ || | |__/ || 
      |_|\/|_||   \___//   |  __//   \____//  |_____//  
      `-`  `-`    `---`    |_|`-`     `---`    -----`   
                           `-`                          
      
       
      Наверх