20 тамыз 2017, 0:35
      Экономика 26.02.2014, 16:06 0 пікір 1282 просмотров

      «Металл сынықтары өзімізге керек»

      Естеріңізде болса, өткен жылдың аяғында Қазақстан Үкіметі металл сынықтары мен қалдықтарын сыртқа шығаруға уақытша шектеу қойған болатын. 


      Жалпы Үкімет қаулысында көрсетілгендей, металл сынықтары мен қалдықтарын шетелге шығаруға тыйым салудағы басты себеп – ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау болып табылады. Әрине, бұл жағдай осы кәсіппен тікелей айналысып отырғандар үшін әсер етпей қоймасы анық.

      Өзге емес өзімізде де бұл кәсіпті нәсіп етіп отырғандар жетерлік. Екі ай мерзімге салынған тыйым оларға қалай әсер еткенін анықтау үшін қаламыздағы Балықшы кентінде орналасқан «МКАД-Компани» ЖШС-нің қара темір қалдықтарын қабылдау пунктіне арнайы бардық. Қызу жұмыс байқалмады, айнала тым-тырыс. Алдымыздан шыққан Айдар есімді қызметкер дәл осы кезде қаржының жоқтығынан темір қабылдауды тоқтатқандарын айтты. Басқа сауалдарымызға: «Басшымыз Астана қаласында, сондықтан артық ештеңе білмейміз» деп жауап бермей қойды.

      Жуырда республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілері одағының төрағасы Владимир ДВОРЕЦКИЙ бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде берген сұхбатында экспортқа шығаруға шектеу қойылғандықтан осыған дейін қызу жүріп тұрған сауда біраз бәсеңдеп қалғандығын, бұрын металл сынықтарының 1 тоннасы үшін 32 мың теңге төленсе, қазір зауыттар 20 мың теңгеден қабылдап жатырғандығын айтты. Сондай-ақ, ол осы шектеудің салдарынан «көлеңкелі бизнес», яғни металл қалдықтарын сыртқа жасырын шығару сияқты заңсыздықтардың орын алуы бек мүмкін екендігін алға тартты.

      Бұл жағдай Ұлттық кәсіпкерлер палатасының назарынан да тыс қалып отырған жоқ.

      - Үкімет қаулысында көрсетілген 2 ай шектеу мерзімі бұдан кейін де ұзартылуы мүмкін деп күтілуде. Әрине, кәсіпкерлерге қиындық туып отырғаны да рас. Бүгінде кәсіпкерлерден осы мәселенің біржақты шешімін табуын өтінген арыз-талаптар көптеп түсуде. Кәсіпкерлерді қолдау бағытында олардың талаптары ескерусіз қалмай, жағдайды зерттейтін боламыз, - дейді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Нұрсұлтан КАШАХОВ.

      Арай НҰҒЫМАНОВА

       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      _  __   __   __   __   _   
       /_____//   / _ \\   | |/ //  \ \\/ // | || | || 
       `____ `   / //\ \\  | ' //    \ ` //  | '--' || 
       /___//   |  ___  || | . \\     | ||   | .--. || 
       `__ `    |_||  |_|| |_|\_\\    |_||   |_|| |_|| 
       /_//     `-`   `-`  `-` --`    `-`'   `-`  `-`  
       `-`                                             
      
       
      Наверх