25 сентября 2017, 15:44
      Экономика 30.01.2014, 17:04 2 пікір 3372 просмотров

      Несие несібе бола ма?

      - Гүлзада Айтжанқызы, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын Қордың жалпы мақсаты не? Яғни, ауыл тұрғындарына шағын несие қандай мақсатпен беріліп жатыр?

      - Жалпы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы 1994 жылғы  құрылған. Бүгінгі таңда шағын несиелендіруді дамыту арқылы ауыл тұрғындарының қаржы қызметіне қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған мамандандырылған қаржы – несие ұйымына айналып отыр. Қоғам ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру, шағын несие ұйымдарын қолдау арқылы ауылда қаржылық инфрақұрылымды дамыту функциясын орындайды. Басты ұстанымымыз - клиенттеріміздің табыс алуымен қатар, ауылдың инфрақұрылымының негізін қалау және ауыл тұрғындарын өз  әл–ауқаттарын арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беру. Басқа Қаржы институттарына қарағанда, біздің несиелеріміз – халықтың ең көп бөлігі тұтынатын несие. Біздің Қор ауылдағы кәсіпкерлік бастаманы жаңа ғана қолға алған бастапқы сатыдағы кәсіпкерлерді несиелендіреді. Қор Стратегиясын басшылыққа алып, ауыл тұрғындарының шағын несиелеу жүйесіне қол жетімділігін және тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс жүргізген біздің Атырау филиалының өткен жылғы несиелеу қызметі айтарлықтай табысты болды. 2013 жылы Атырау филиалы бойынша 411 несие алушыға 1 003 087 200 теңге несие берілді. Бұл несие портфелінің алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскенін көрсетеді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойын-ша 278 адамға 631 525 500 теңге несие берілсе, «Бизнес-аймақ» бағдарламасы бойынша 41 адамға 173 900 000 теңге, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 57 300 000 теңге 16 кәсіпкерлік субъектісіне берілді. Ал, «Ауылдық шағын несие» бағдарламасы бойынша 30 000 000 теңге 34 адамға несие берілді. Ислам даму Банкісі арқылы қаржыландырылған «Сәтті» бағдарламасының «Мурабаха» несие өнімі бойынша 42 кәсіпкерлік субьектісіне 110 361 700 теңге берілді.

      - О баста белгіленген инвестициялық талап қандай еді? Қазір оған өзгерістер енгізілді ме? Қарапайым ауыл тұрғындары Сіздерден несие алу үшін ең алдымен не істеуі қажет?

      - Алғашқыда Қордың инвестициялық саясаты – ауыл тұрғындарын тек қана шағын несиелендіру болатын. Яғни, бас кезінде қарыз алушыларға берілген несиелер 300-400 мың теңгеден аспайтын. Ал, кейіннен 1 млн. 3-5 миллионға дейін несиелендіруді бастадық. Кепіл саясатына келетін болсақ, ол да соңғы жылдары бірқатар өзгерістерге ұшырады. Несие алушының меншігіндегі немесе өзге де кепіл берушінің несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында ұсынатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін кепілге аламыз. Сол сияқты, шаруа қожалығының жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін кепілге қою мүмкіндігін қарастырамыз. Осы орайда, қазіргі кезде коммуналдық меншік нысандарын кепілге қою мәселесінің де заң шығару органдарында көтеріліп отырғанын айта кету керек. Бұл да, егер оң шешімін табатын болса, ауыл тұрғындары үшін өте үлкен жеңілдік болар еді. Өткен жылы Қордың кепіл саясаты ауыл тұрғындары үшін біршама оңтайландырылғанын  айта кеткім келеді. Біздің ауыл тұрғындарының мүдделерін ескеріп жолдаған және Директорат мінберінен айтқан ұсыныс-пікірлеріміз Қор Басқармасымен қолдау тауып, жылжымайтын мүліктерді пайдалану мерзіміндегі шектеу алынып тасталды. Мысалы, бұрын тұрғызылғанына 30 жылдан астам уақыт болған саман тас-тан салынған үйлер кепілге алынбайтын болса, қазіргі уақытта бұл шектеу алынып тасталды. Ал, Қордан несие алу үшін не істеу керек дейтін болсақ, ең алдымен кепіл құжаттарын рәсімдейді. Сосын өзінің кәсіпкерлік идеясын тұжырымдап, бизнес жоспарын жасайды. Кәсіпкерлігін ашатын жер учаскесін алып, бар болса, оның мақсатын сәйкестендіреді. Сосын бизнес жоспарға сай нақты қажетті қаражатын сұрап Қорға өтініш береді.

      - Өзіміздің өңірге ойыссақ... Сіздер өткен жылдың 1 ақпанынан бастап өкілетті ұйым ретінде жұмыс бастадыңыздар. Содан бері облыста қанша адам несие алды? Ауыл тұрғындарының ішінде ең бірінші болып несие алған адам есіңізде бар ма? Оның жобасы қандай еді?

      - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы»
      ауылда өз ісін бастаймын не бизнесін дамытамын деген ынталы адамдарға шағын несие ретінде бөлінген қаражат Жылой ауданынан басқа аудандарда әр түрлі деңгейде игерілді. Қызылқоға, Индер, Махамбет аудандары қарастырылған қаражатты жоспардан бірнеше есеге артығымен игерді. Оның ішінде, мал шаруашылығын дамытуға 195 адамға 426 378 500 теңге қаражат 666 бас жылқы, 810 бас сиыр, 148 бас түйе, 1700 бас қой-ешкі, 1200 құс, 100 қоян сатып алу мақсатында берілді. Егін шаруашылығын дамытуға 4 адам 10 000 000 теңгеге қаржыландырылды. Шағын және орта бизнесті дамытуға 195 147 000 теңге 79 адамға берілді. Облыс әкімінің тікелей араласуымен біздің филиалымызға сенім білдіріліп, жергілікті жерлердегі шағын және орта кәсіпкерлік тұлғаларының қызметін дамыту мақсатында 150 млн. теңге бөлініп, ол несие қаражаты біздің филиал-мен толықтай игеріліп, бизнес субъектілеріне жеткізілгенін айта кету керек. Осы бағдарлама аясында алған несиелерін несібеге айналдырып, қазіргі уақытта шаруашылығын дөңгелентіп отырған жеке кәсіпкерлер жетерлік. Мысалы, Қарлығаш ТАЙЛАҚОВА ең жоғары технологиялармен жабдықталған тігін цехын ашса, Нұрлан ЕЛЕМЕСОВТІҢ фотостудиясы ел игілігіне жарауда. Уахит НҰРЛЫБАЕВТЫҢ қайық жасайтын ағаш шеберханасы облыста бірегей саналады. Сондай-ақ, Мұхтар ОМАРОВТЫҢ тіс емдеудегі ең озық технологиялармен жабдықталған стоматологиялык кабинеті мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген несие жемісі.

      -Бағдарламаны оқып-таныспаған оқырмандарымыз үшін осы несиелерді алудың жолдары туралы айтып өтсеңіз.

      - Бұл бағдарлама бойынша ішінара жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, өздігінен жұмыспен қамтылғандар, аз қамсыздандырылғандар, ағымдағы күнтізбелік жылдың жалпы білім беретін мектептің 11 сынып түлектері, еңбекке жарамдылығын сақтап қалған мүгедектер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынан айырылған 23 жасқа дейінгі балалар, жалпыға орнатылған жастан бұрын зейнетке шыққан зейнеткерлер, бұрын зиянды және басқа да еңбекке қолайсыз жағдайларда жұмыс істеп, әлеуметтік төлемдерді алушы тұлғалар және несиелік ұйыммен (НҰ) несие беру туралы шарт жасасқан оралмандар санатындағы Қазақстан Республикасының азаматтары жеңілдікпен несие ала алады.

      Бағдарлама бойынша 3 млн.теңгеге дейін несие 6 пайыздық көрсеткішпен (жылдық тиімді үстемақы 6,2 пайыз) 54 айға дейін беріледі. Несиелеу мерзімінің жалпы  ұзақтығының үштен біріне дейінгі мерзімге негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылады. Сыйақыны өтеу бойынша 6 ай жеңілдік мерзімін беруге болады.

      - Гүлзада Айтжанқызы, тікелей шағын несие болсын, немесе мемлекеттік бағдарлама аясында болсын несие алғандардың жұмыс қарқынын бақылап отырасыздар ма? Олардың ішінде түрлі себептермен кәсібін аша алмай немесе жұмысын бастай алмағандар болды ма? Солай болғанның өзінде олар несиені қалай қайтарады?

      - Міндетті түрде. Осы Қордан алған несиенің мақсатты жұмсалуына тұрақты түрде қадағалау жүргізіп отырамыз. Қордан несие алу кезінде жасалатын келісім шарт талабына сай кәсіпкерлер мен қарыз алушылар 3 ай мерзімнен кешіктірмей, несиені мақсатты пайдаланғанын дәлелдейді. Ал, егер әлдебір себептермен несиені уақытында игере алмаса, 3 ай мерзімге дейін Қорға арыз жазып, дәлелді себептерін айтып игеру мерзімін ұзартуды сұраса, Қор ондай қарыз алушыға қолдау көрсету мақсатында игеру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырады. Ал, кәсіпкерлігінің сипатына қарай, бірден пайда алу мүмкін емес деп есептеген жағдайда, Қор қарыз алушының арызы негізінде, несиені негізгі берешек бойынша да, сыйақы бойынша да, несиелендіру шарттарына сәйкес, кейінге қалдыру туралы шешім қабылдап, қарыз алушыға кәсіпкерлігін дамытып алуына жағдай туғызады. Елбасымыз осы жылғы Жолдауында «шағын бизнес ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын отбасылық дәстүрге айналуы керек» деп бәрімізге ұнамды пікір айтты. Сондықтан, біздің Қор ауыл тұрғындарын несиелендіруді жалғастыра бермек. Шағын және орта кәсіпкерлік шыңдала берсін!

      - Әңгімеңізге рахмет.

      Сұхбаттасқан

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

        • Martin Frederick
        • 13.05.2015

        Сәлеметсіз Бе,

        Мартин Қарыз инвестициялар Біз, кез келген сомаларды несие, ұзағырақ өтеу шарттарын ұйымдастыру маманданған. Кредиторлар Қаржы Қарыз қызмет ұсыныс Бизнес несие, Басты несие, жеке несие, автонесие, Студенттік несие, Dept. шоғырландыру, Қарыз Бизнес бастау үшін. Сіз қаржыландыру үшін шағын немесе үлкен жобаны бар ма? дейін және бизнес кеңейту, барлық кредиттік түрлерін үміткерлер үшін 3% сыйақы ставкасы бойынша Жылжымайтын мүлік және Ипотека.

        Мартин Қарыз инвестициялар Біз ең төменгі несие ставкаларын бірін ұсынамыз және біздің қызмет көрсету тез және стресс тегін болып табылады. Біздің Priority сіздің толық қанағаттандыру! Біздің мақсатымыз сіз басынан бастап қорытындыға біз қамтамасыз қызметті пайдалану болып табылады. Қарыз үшін Мүдделі жаңа өтініш беруші [loanmarkerting1@gmail.com] Әкімшілік директоры Қосымша ақпарат кезінде хабарласуы керек.

        қазір сіздің шұғыл пошта үшін күтіп.

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      ______     ___              
      | |  | ||   / _ \\   /_____//   / _ \\    ____    
      | |/\| ||  | / \ ||  `____ `   / //\ \\  |    \\  
      |  /\  ||  | \_/ ||  /___//   |  ___  || | [] ||  
      |_// \_||   \___//   `__ `    |_||  |_|| |  __//  
      `-`   `-`   `---`    /_//     `-`   `-`  |_|`-`   
                           `-`                 `-`      
      
       
      Наверх