31 наурыз 2017, 6:34

      По тегу «ұлы отан соғысы» найдено 4 статей

      • Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне – материалдық көмек

        2015 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджетте 5 млрд. 690 млн. 183 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ, Астана мен Мәскеу қалаларындағы Жеңісті атап өтуге арналған іс-шараларға ардагерлердің қатысуына бюджеттен 61,8 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

        04.02.2015, 17:46 1 пікір
      • Таңдайдағы әскери-далалық аэродром

        Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Гурьев облысының Бақсай және Мақат аудандары аумақтарында, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Сайқын, Эльтон станциялары маңында әскери-далалық аэродромдар жұмыс істегендерін бүгінде екінің бірі білмейді. СССР Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысына сай, Қызыл Армияның әскери-әуе күштері үшін салынған бұл аэродромдар ұшқыштардың сұрапыл ұрыстардан кейін дамылдайтын орнына, сондай-ақ майдан тылындағы әуе қорғанысы базаларына айналған.

        15.01.2015, 13:27 0 пікір
      • Афанасьевтің айы

        Келер жылы Жеңістің 70 жылдығы. Осыған орай игілікті істер өз жалғасын тауып, Ұлы Отан соғысының батыры Александр АФАНАСЬЕВТІҢ ерлігін жас ұрпаққа насихаттау жұмыстары қазан айының басынан басталып кетті. Соған сай әр жерде батыр рухына арналып, спорттық шаралармен еске алу жұмыстары жүргізілуде.

        22.10.2014, 15:50 0 пікір
      • От кешкен балалық

        Ұлы Жеңіс мерекесі немесе Ұлы Отан соғысының елімізде тұтанған күні – 22 маусым жақындаған сайын өзім көптен бері білетін, болмысы шынашақтай ғана кейуана Хамария апаны есіме аламын. Өйткені ол бұл күндері маған міндетті түрде телефон шалады. Соғыс өртін тұтатқан Адольф Гитлерге деген лағнетін жаудырып, бір күн де күліп-ойнап, қызығын көрмеген балалығын жоқтайды. Ересектермен бірдей еңбек етіп, ерте тұрып, кеш жатқан қиын шақтарын ойға оралтады. Бірақ мен ол кісінің не айтатынын бәрін де білемін, тіпті, кейбір оқиғалардың сағаты, күні, керек десеңіз жылына дейін есімде, жадымда сақталып қалған. Себебі апай оны маған жыл сайын айтады, қалалық ардагерлер кеңесі адамдарының қашан, қалай келіп-кететінін, тіпті, қандай құрмет көрсеткенін де мөлдіретіп жеткізеді. Бірақ, биыл ондай құрмет болмаған сыңайлы, апай ренішті.

        18.06.2014, 15:33 0 пікір

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     __   __     ___     _    _   
       /_   _//   / _ \\   \ \\/ //   / _ \\  | |  | || 
         | ||    / //\ \\   \   //   / //\ \\ | |/\| || 
        _| ||   |  ___  ||  / . \\  |  ___  |||  /\  || 
       /__//    |_||  |_|| /_//\_\\ |_||  |_|||_// \_|| 
       `--`     `-`   `-`  `-`  --` `-`   `-` `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх